Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 мая 2020 16:10

"Үйінде өз бетінше емделген". Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі? 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Бүгін елімізде COVID-19 жұқтырған екі науқастың қайтыс болғаны хабарланған. Екеуі де - Нұр-Сұлтан тұрғыны. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустан қайтыс болған соңғы екі адам туралы мәліметтер ұсынады.


Бүгін елімізде COVID-19 жұқтырған екі науқастың қайтыс болғаны хабарланған. Екеуі де - Нұр-Сұлтан тұрғыны. Tengrinews.kz тілшісі коронавирустан қайтыс болған соңғы екі адам туралы мәліметтер ұсынады.

"Өз бетінше емделген"

Бүгін вирустан көз жұмды деп хабарланған екі науқас та - Нұр-Сұлтан тұрғыны. Біреуі 1958 жылы туған азаматша.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, ол он күндей үйінде өз бетінше емделген.

"31 наурыз күні жағдайы ауырлап, жедел жәрдем арқылы жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Сонда жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жағдайының ауырлығына байланысты 18 сәуірде республикалық Қарқынды терапия орталығына ауыстырылды. Науқасты емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жасалды", - деді Қисықова.

Нұр-Сұлтан тұрғыны қаладағы медицина ұйымдарының бірінде жұмыс істеген екен.

"Ол жеке медициналық ұйымда жұмыс істеген. Зейнетке шықса да, жұмысын жалғастырған", - дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

62 жастағы әйел реанимациялық шараларға қарамастан 13 мамырда көз жұмған.


© Reuters 

"Қатерлі ісікпен есепте тұрған". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

Қосымша аурулары болған

Ал екінші науқас 1977 жылы дүниеге келген. Ол коронавирусты туысынан жұқтырыпты.

"Науқас коронавирус жұқтырған туысымен жақын қатынаста болған. Осыған орай 4 күн үй карантинінде жатқан. 17 сәуірде жедел жәрдем қызметі арқылы жұқпалы ауруханаға жеткізілген. Емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем жасалды. Алайда жағдайы нашарлап, 22 сәуірде жансақтау бөліміне ауыстырылды", - дейді Қисықова.

Елордалық 43 жастағы тұрғынның коронавирустан бөлек басқа да диагноздары болған.

"Науқас соңғы екі жылда қосымша аурулары бойынша тіркеуде тұрған. 13 мамырда қарқынды терапияға қарамастан науқас қайтыс болды", - дейді Қисықова.

"Екі рет жүрегі тоқтаған". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

Осылайша, Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмғандар саны бес адамға жетті. COVID-19-дан адам шығыны Алматы мен Шымкентте көп. Оңтүстік астанада 9 адам, ал Шымкентте алты адам көз жұмған. Жалпы алғанда Қазақстанда коронавирустан 34 адам қайтыс болды.

"Алты күн күрескен". Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети