Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 мая 2021 17:02

Вакциналар қалай әсер етті? Екпе салдырғандар әңгімеледі

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда дәл қазір коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцина қолданыста. Вакцина салдырғандар әлеуметтік желідегі парақшасында екпеден кейінгі жағдайын жазып жүр. Байқағанымыз, вакцинадан кейінгі әсер әркімде әртүрлі. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі үш түрлі вакцина алған үш адамның жағдайын білді.


Қазақстанда дәл қазір коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцина қолданыста. Вакцина салдырғандар әлеуметтік желідегі парақшасында екпеден кейінгі жағдайын жазып жүр. Байқағанымыз, вакцинадан кейінгі әсер әркімде әртүрлі. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі үш түрлі вакцина алған үш адамның жағдайын білді.

Саясаттанушы Мақсат Жақау отандық QazVac вакцинасын салдырған. Оның айтуынша, екі компоненттен кейін де ешқандай ауырсыну болмапты.

"QazVac - отандық ғылымның нәтижесі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тексеріп, зерттеп барып оған рұқсатын берген. Вакцинаны салдырмас бұрын ғалымдармен сөйлесіп, кеңес алдым. QazVac ең жеңіл, жан-жақты зерттелген вакциналардың бірі. Бірінші компоненттен кейін де, екіншісінен кейін де ешқандай әсер сезілмеді. Осылайша, оның шын мәнінде ең жеңіл вакцина екеніне көзім жетті. Екпеден кейін әр аптада антиденелерге сараптамалар жасатып отырдым және сараптама нәтижелері антиденелердің жоғары дәрежеде қалыптасқанын көрсетті", - деді Мақсат Жақау.

Ал тележүргізуші Дина Төлепберген "Спутник V" вакцинасын таңдаған.

"Спутник V" вакцинасының алғашқы компонентін салдырғаннан кейін жеті күн бойы қызуым көтеріліп, тіпті 5-6-ншы күндері тұра алмай, жатып қалдым. Ал екінші компоненттің әсері біріншіге қарағанда анағұрлым жеңіл сияқты, бәлкім ағза үйреніп қалған болар. Екінші компонентті алғаннан кейін бір тәулік өткенде сәл температура көтеріліп, жаурадым, ал жалпы барлығы жақсы", - деді Төлепберген.

Нұр-Сұлтан қаласының 26 жастағы тұрғыны Даулет Түймебайдың таңдауы Hayat-Vax болған. Айта кетейік, бұл вакцина Қазақстанның жаппай иммундау жүйесіне жақында енгізілді, сондықтан оның екі дозасын алған отандастарымыз әлі жоқ.

"Вакцинадан кейін басым аздап айналды және екі сағаттан кейін әлсіздік байқалды. Дәрігерлер 1-2 күн төсек режимін сақтауға кеңес береді. Сол күні кешке дене қызуым 37,2-ге жетіп, парацетамол қабылдап, ұйықтадым. Келесі күні таңертең температура да, бастың айналуы да болмады, алайда түсте дене қызуым 37,5-ке дейін қайта көтерілді, тағы да парацетамол қабылдап, түстен кейін төсек режимін сақтадым. Вакцина салғаннан кейінгі үшінші күнде оң қолымның әлсіздігі ғана мазалады. Бұл вакцинаны таңдаған себебім, QazVac вакцинасымен салыстырғанда халықаралық вакциналар тізіміне енгізу үшін әлеуметі жоғары және ДСҰ ұсынған вакциналардың бірі болуы әбден мүмкін", - деді Түймебай.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда үш вакцина бар: "Спутник V", QazVac және Hayat-Vax. Соңғысы Қазақстанға мамыр айының басында келді. Оны жаппай егу 4 мамырда басталған.

Қазақстанда кейінгі тәулікте 1832 адамнан коронавирус анықталды, ауруды жұқтырғандар саны бойынша Алматы көш басында тұр.

Цой вакцина салдырғандар қандай шектеулерден құтылатынын айтты

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети