Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 января 2021 16:10

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға өтініш беретін сайт көрсетілді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

"Отбасы банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайтты атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Отбасы банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайтты атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сайттың атауын алғаш рет айтайын отырмын. Ол - www.enpf-otbasy.kz . Бұл біздің БЖЗҚ-мен бірлесе атқарған жұмысымыз. Сондықтан сайт атауында өзара белсенді жұмыс істеген екі органды пайдалануды жөн көрдік. Қазір оған кірсеңіз, "Сервис 23 қаңтарда сағат 9.00-ден бастап жұмыс істейді" деген жазу тұрады. Сервистер қазір толық дайын. Ережелер кеше шыққандықтан, біз өтінімдердің барлық формасын қайта тексеріп шықтық. Оның ішінде шектеулерге байланыстысы да бар", - деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Сондай-ақ, банк басшысы порталдың жұмыс істеу механизмін түсіндірді.

"Порталдың жұмыс тәртібі мынадай: сіз өтініш бересіз, шектеулер (туыстан сатып алу, 5 жылдық шектеу т.б.) нормативтік құжаттарда... "өтініш беруші клиенттен" деген сізге порталда дайын күйде шығады. Сіз тек ЭЦҚ арқылы қол қоясыз. Сондықтан бұл біздің тексеріс күніміз. Ертең клиенттерге қолайлы болуы үшін сенбіде - демалыс күні бастаймыз", - деді Ләззат Ибрагимова.

Айта кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылатыны хабарланған. 

Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.

Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп берген болатын. Қордағылар қаражатты нақты қай мақсатта қолдануға болатынына жеке-жеке тоқталған еді.

Зейнетақы жинағының шекті сомасы

Тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу: Жиі қойылатын 10 сұраққа жауап

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети