Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 июля 2019 13:16

"Зың әкімге алғыс"! Шымкенттіктер Ғабидолла Әбдірахымовты мақтап, челлендж бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғабидолла Әбдірахымов. © Tengrinews.kz Ғабидолла Әбдірахымов. © Tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа арналған #ГабекеРахмет, #зыңәкімрахмет атты челлендж тарап жатыр. Оның мақсаты - Шымкенттің әдемі жерлерінде немесе экс-әкім Шымкентті көркейту үшін жасаған дүниелерін фото, видеоға түсіріп, парақшада осы хештегтермен жариялау. Шымкенттіктер Ғабидолла Әбдірахымовқа осылайша алғысын білдіріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желілерде тарап жатқан челленджерді ұсынады.


Әлеуметтік желілерде Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа арналған #ГабекеРахмет, #зыңәкімрахмет атты челлендж тарап жатыр. Оның мақсаты - Шымкенттің әдемі жерлерінде немесе экс-әкім Шымкентті көркейту үшін жасаған дүниелерін фото, видеоға түсіріп, парақшада осы хештегтермен жариялау. Шымкенттіктер Ғабидолла Әбдірахымовқа осылайша алғысын білдіріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желілерде тарап жатқан челленджерді ұсынады.

Айта кетейік, эстафетаны КВН-нің бұрынғы ойыншысы, әзілкеш, актер Марат Достаев бастады. Ол қазақстандықтарды экс-әкімге алғыс білдіруге шақырды.

Айтуынша, челленджің шарты мынадай - Шымкенттің әдемі жерлерін суретке түсіріп, жариялап, жазбада #ГабекеРахмет #ЗыңӘкімРахмет хештегтерін көрсету. Сондай-ақ, эстафета қатысушылары міндетті түрде әкімнің Желідегі парақшасын да көрсетуі тиіс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arbat❤️Shymkent (@arbat_favourite)

Шымкенттіктер барлық шартты орындап, қаланың бұрынғы әкіміне деген алғысын фото, видео арқылы білдіріп жатыр. Айта кету керек, эстафета қабылдаған қолданушылардың саны көбейіп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от F. TORRES (@nuraliev15)

Кейбіреулер тіпті бұрынғы әкімге өлең де арнап жазыпты.

"Алаштан шықты нар тұлға,
Халқына жақын бір тұлға.
Алласына жақын құл тұлға,
Көп көрдің бе, Құдайым
Ғабекеңдей ерді Нұр тұлға етші Құдайым", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дарбишева Шарапат (@shura.darush)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? Fariza Altynbekovna ???????? (@__pretty.kz__)

Сондай-ақ, қала тұрғындарының бірі Ғабидолла Әбдірахымовтың көліктен бас тартып, жұмысқа велосипедпен бару арқылы халыққа жақын болғанын айтып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бұл кісіні халықпен жақын қылған әуелі Алла сосын осы великтер шығар???? Сіздей әкім Шымкентті басқарғарына қуаныштымыз. Барлығы үшін рақмет✊✊ #ГабекеРахмет #зыңәкімрахмет @gabidullaabdrakhimov @marat_dostayev челленджі????

Публикация от Oral Núrken Bazarbaıuly♠️ (@nurkenbey_)

Тағы бір қолданушы экс-әкімнің нағыз ер азамат екенін айтып, оның қала үшін жасағаны тірлігінің бір бөлігі ғана дейді.

Шымкенттіктердің #габекеРахмет, #зыңәкімрахмет хештегтерінен бөлек, #вернитеабдрахимова, #самыйлучшийаким хештегтерін қолданып жатқанын байқауға болады.

"Қаламызға көрік беретін, халық демалатын "Арбатты" жасаған "ЗЫҢ" әкім Ғабекең кетті дегенде біраз адам "қап, дұрыс әкім еді" деді. Бұрын әкім кім, кім келді, кім кетті білмеуші едік бұл әкім әлеуметтік желіде әр ісіне есеп беріп отырды деген әңгіме аулада желдей есті", - деп алғысын білдіріпті шымкенттіктердің бірі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????????I KERIM???????????? (@aikerim_zhamankulova)

Эстафетаға қатысушылардың тағы бірі әкімнің кетуіне қарсы екенін жазып жатыр.

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қызу талқыланған мәлімдемелері

Еске салайық, кеше, 30 шілдеде Мемлекет басшысының жарлығымен Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметінен кеткені белгілі болды. Ол бұл қызметке 2018 жылдың 20 маусымында тағайындалған еді. Кейінірек экс-әкім қазақстандықтарға алғысын айтып, үндеу жасаған болатын. 

Ал Шымкент әкімі қызметіне енді Ерлан Айтаханов кірісті. Осыған дейін ол Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі қызметін атқарған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети