ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
30 мая 2019 | 17:46

"Адам өмір бойына мүгедек болып қалады". Инсульт жайлы қазақстандықтар сенетін 7 аңыз

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазіргі таңда өлім көрсеткіштері және адамдардың мүгедек болып қалу жағдайлары ішінен инсульт 2-орында тұр. Статистикаға сүйенсек, инсульт алғандардың 8 пайызы ғана қайта қалыпты өмір сүре алса, шамамен 20 пайызы өз бетінше жүре алмайды екен. Расында да "инсульт алған адамдар өмір бойына сал болып қалады", "оның алдын алу мүмкін емес", "инсульт бір қайталанса тағы қайталанады" деген сөздерді жиі естиміз. Бірақ дәрігерлер мұндай аңыздарға сенбеуге кеңес береді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі таңда өлім көрсеткіштері және адамдардың мүгедек болып қалу жағдайлары ішінен инсульт 2-орында тұр. Статистикаға сүйенсек, инсульт алғандардың 8 пайызы ғана қайта қалыпты өмір сүре алса, шамамен 20 пайызы өз бетінше жүре алмайды екен. Расында да "инсульт алған адамдар өмір бойына сал болып қалады", "оның алдын алу мүмкін емес", "инсульт бір қайталанса тағы қайталанады" деген сөздерді жиі естиміз. Бірақ дәрігерлер мұндай аңыздарға сенбеуге кеңес береді. 

Невролог Әсия Халимова Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтардың арасында инсульт жайлы айтылатын қате пікірлерді атап, сол аңыздарды жоққа шығарды.

       

Әсия Халимова,

невролог 

✖ Егде жастағы адамдар ғана инсульт алады

Бұл мүлде қате пікір. Инсультті кез келген жастағы адам алуы мүмкін. Әлі дүниеге келмеген сәби де құрсақта жатып немесе туылған сәтінде инсульт алуы әбден мүмкін. Бірақ жастар мен егде жастағы адамдар алатын инсульттің себептері әр түрлі болатынын ескеру қажет. Ересектер жүрек (аритмия, жүректің ишемиялық ауруы және тағы басқа) және қан тамырлар жүйесі ауруларына (атеросклероз, артериялық гипертония) шалдығып инсульт алса, жастар қан тамырлары кеңейіп (аневризм), инсульт алады.

✖ Инсульт алған адам сал болып қалады

Көбі инсульт алған адамның міндетті түрде аяқ-қолы толықтай жұмыс істемей қалады. Ол кей жағдайларда ғана. Не болмаса қолы, не болмаса аяғы жұмыс істеуден бас тартуы мүмкін. Барлығы инсульт алған адамның бас миының қаншалықты зақымданғанына байланысты. Мысалы, инсульттен соң адам бірден есте сақтау қабілетінен айырылуы мүмкін немесе бет пішіні сәл өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Медицинаға сүйенсек, инсульт алған адамдар үш айдан соң ғана белсенді өмір сүре бастайды. Бірақ ол үшін денсаулықты толықтай қолға алу керек.

✖ Ата-ананың біреуі инсульт алса, баласы да міндетті түрде инсульт алады

Әрине, тұқым қуалау маңызды рөл атқарады. Кез келген ауру болсын оның рөлі ерекше. Бірақ инсульт өздігінен болатын процесс. Инсульт денсаулықтың нашарлауынан, мысалы, қан қысымының көтерілуі, тамырлардың атеросклерозы, қант диабеті, темекі шегу, ішімдік ішу және тағы басқа факторлардан келеді. Сондықтан бала салауатты өмір салтын ұстанса (дұрыс тамақтанса, күн тәртібі дұрыс болса, алкогольді мен темекіні шамадан тыс қолданбаса, спортпен айналысса), ол баланың инсульт алу қаупі керісінше төмендейді. Оған инсульт алудың қаупі төнбейді.

✖ Инсульт алған адам өмір бойына мүгедек болып қалады

Инсульттен кейін қалыпқа келу процесі бас миының қаншалықты зақымданғаны байланысты. Сондай-ақ, мұнда жас ерекшелігіне назар аударған жөн. Дегенмен "инсульт алдың, болды сал боласың" деу қате пікір.

Расында да инсульт алған адамға бастапқыда қозғалудың өзі қиын, кез келген әрекет қиынға соғады. Сондықтан  бастапқыда сауықтырудан өту керек: жаттығулар жасау керек. Бір жылдан соң-ақ оның нәтижесін көруге болады. 

✖ Инсульттің алдын алуға болмайды

Инсульттің алдын алуға болады. Тек ол үшін осы дерттің пайда болуын күшейтетін факторларды азайту керек.  Ол факторларға алкоголь, темекі, артық салмақ, қандағы холестерин мен қанттың мөлшерін азайту керек. Тек осы факторлардың азайтсақ, инсульттің алдын алуға болады. Әрине, кейбір жағдайларда жыныс пен жас ерекшелігі әсер етуі мүмкін. Дегенмен бірінші кезекте қандағы холестерин мен қанттың мөлшерін қадағалап жүру керек.

Статистикаға сүйенсек, ер адамдар әйелдерге қарағанда инсультті көбірек алады екен. Ал бірақ 55 жастан соң инсульт алу қаупі екі есеге көбейеді. Сол себептен қан қысымы көтерілмес үшін майлы тағамдардан және қанттан бас тартқан жөн.

✖ Ең бастысы - қимыл-әрекетті қалыпқа келтіру

Расында инсульттен соң науқасты оңалту кезінде оның қимыл белсенділігін арттыру өте маңызды. Бірақ мұнда қимылдан бұрын адамның когнитив функциясын қалыпқа келтіру (есте сақтау қабілетін, мотивациясын, логикалық ойлауын) маңызды. Сондай-ақ, тіл кемістігіне басты назар аударып, жаттығуларды ұмытпаған жөн. Осылайша, нейрондар қызметі қайта қалпына келуі үшін бірінші кезекте когнитив функциялармен жұмыс істеу қажет.

Мамандар бұл ретте арнайы орталықтарда ем алуға кеңес береді. Онда терапевт, логопод, психологтар және есте сақтау қабілетін қайта қалыпқа келтірумен айналысатын арнайы мамандар көмектеседі. Науқастың қалыпқа келуіне көбіне мықты психологтар септігін тигізеді екен.

✖ Инсульттің белгілері байқалмаса, денсаулыққа қараудың қажеті жоқ

Инсульттің айтарлықтай белгілері болмаса, яғни қан қысымының ұзақ уақыт жоғары болуы, кейде беттің жансыздануы, бастың қатты ауруы сияқты белгілер болмаса да, денсаулыққа назар аудару керек. Себебі инсульт ақырындап ұлғая беруі мүмкін. Инсульттің басты белгілері байқалмаса, бір сағат соң сіз мүлде басқа жағдайда болуыңыз мүмкін. Сол себепті қандай да бір күдік туған жағдайда, мысалы қан қысымы ұзақ уақыт түспей жатса, бірден жедел жәрдем бригадасын шақырту керек. Еш жағдайда ауруханаға жатудан бас тартпау қажет. 

Оқи отырыңыз:

Дәрігер инсульттің алғашқы белгілерін атады

Жазда қандай аурулар көп тарайды - Дәрігерден кеңес

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer