Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 июля 2019 14:14

Дәрігер қазақстандықтардың аптап жайлы жаңсақ пікірлерін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы күндері еліміздің біраз өңірінде ауа температурасы 40 градусқа жақындады. Шілденің аптабында далаға шығудың өзі қауіпті. Көбі күн қатты ысығанда аптаптан қорғанудың тиімді жолы тек кондиционер деп санайды. Бірақ дәрігерлер мұндай пікірлерге сенбеуге шақырады. Терапевт-кардиолог Лейла Оспанова Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтардың арасында аптаптан қорғану жайлы айтылатын жаңсақ пікірлерді атап, оларды жоққа шығарды.


Соңғы күндері еліміздің біраз өңірінде ауа температурасы 40 градусқа жақындады. Шілденің аптабында далаға шығудың өзі қауіпті. Көбі күн қатты ысығанда аптаптан қорғанудың тиімді жолы тек кондиционер деп санайды. Бірақ дәрігерлер мұндай пікірлерге сенбеуге шақырады. Терапевт-кардиолог Лейла Оспанова Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтардың арасында аптаптан қорғану жайлы айтылатын жаңсақ пікірлерді атап, оларды жоққа шығарды.

Дәрігер бұл мезгілде организмнің ыстыққа реакциясы қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді. 

✖ Күн ыстықта бас ауырса бірден аспирин немесе цитрамон қабылдау қажет

Көбі бас сәл ауырса, қолда тұрған аспирин немесе цитрамон, кейде анальгин сияқты дәрі-дәрмектерге жүгіреді. Олар осы препараттар арқылы қанды сұйылтамыз деп ойлайды. Бұл дәрілер күнделікті өмірде қолданылып жүрсе де, әсіресе бастан күн өткенде оны дәрігердің рұқсатынсыз қабылдамаған жөн. Бірақ егер ол адам артериялық қысымын төмендететін дәрілерді қабылдап жүрсе, жаздың күні онсыз да қысымның төмендей беретінін есте сақтау қажет. Дәрі-дәрмектерді қатар қолдана бергенше, қалыпты қысымды бақылап тұруға кеңес беремін. 

Ал гипертензиялық препараттарды қолданатындар жазда міндетті түрде дәрі-дәрмектің мөлшерін азайту керек.

✖ Ыстықтан қорғанудың тиімді жолы - кондиционер

Қазір кеңседен бөлек, екінің бірінің үйінде кондицонерлер орнатылғаны рас. Бірақ көбі кондиционердің адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін біле бермейді. Себебі кондиционердің астында шамадан тыс уақыт отыру пневмония сияқты түрлі созылмалы ауруларды асқындырып, қауіпті вирус ауруларын тудыруы мүмкін.

Кондиционерді орнату алдында оны міндетті түрде дайындау керек. Фильтрлерін тазалап, ауыстыру керек. Мұнымен айналысатын арнайы мамандар бар. Оны не үшін тазалау қажет? Себебі кондиционерді ұзақ уақыт қолданған кезде ішінде шаң толып қалады. Ең қауіптісі онда кенелер мен түрлі бактериялар пайда болып, нәтижесінде олар ауада таралып, түрлі қабынба ауруларды тудыру қаупі бар.

Сонымен қатар, кондиционерді бір мезгіл өшіріп отыру керек. Бұл бөлмені шамадан тыс салқындатып алмау үшін жасалады екен. "Сөндіріп, бөлмені желдетіп, ауа кіргізу қажет. Тағы да ескерткім келетіні, егде жастағы кісілерге кондиционерден келетін аурулар өте қауіпті.

Күн өте ыстық болса да, кондиционерді 18 градустан төмен температураға қоюға болмайды.

✖ Аптапта тек жеңіл тағамдар жеу керек

Әрине, ауа температурасы 35-40 градус кезінде үйден тоя тамақтанып шығудың қажеті жоқ. Күнделікті рационға көкөністерді қосқан жөн. Ал майлы, тұзды тамақтардан, әрине, бас тарту керек. Жаз мезгілінде аптаптан тәбет жоқ деп, аш жүруге мүлде болмайды. Бірнеше рет тамақтану керек, ыстық тағамдарды да ұмытпау қажет. Себебі онсыз ағза әлсіреп, ыстықты көтере алмайды. Бұдан бөлек, көбі сұйық нәжіс болған жағдайда бірден левомицетин ішеді. Ол дұрыс емес.

Левомицетиннің денсаулыққа қаупі зор, оны өз бетінше қабылдау тіптен қауіпті. Мұндай жағдайда бірден дәрігерге көріну керек. Ағзада қандай да бір өзгерістер болсын дәрігерге қаралған жөн.

✖ Жазда зат алмасу жеделдетіледі

Жаз мезгілінде зат алмасу процестері жақсарып, жеделдетіледі деген пікірлер көп. Алайда расында бұл кезеңде зат алмасу керісінше баяулайды. Кез келген жастағы адамда болсын. Сондықтан осы мезгілде құрамында ақуызы бар тағамдарды жеген пайдалы. Мұнымен қатар, көбірек су ішу керек, сонда ғана зат алмасу кішкене болса да жеделдетіледі.

✖ Тәтті және газдалған сусындар шөлді қандырады

Ешқандай да тәтті немесе газдалған сусындар шөлді қандырған емес. Сол себепті мұздай емес, салқындатылған су ішу керек. Табиғи минерал су болса тіптен жақсы немесе көк шай ішуге болады. Сондай-ақ, аптапта кофеден бас тартуға кеңес беремін.

Интернеттегі қызық деректерге сүйенсек, осыған дейін ғалымдар ыстық сусындардың күн өтіп кетуден тиімді қорғайтынын дәлелдеген екен. Ғалымдардың айтуынша, ыстық сусындар дене температурасын көтеріп, адамның терлеуіне әсер етсе де, сырттай ол тер жойылып, нәтижесінде адам біраз салқындап қалады.

Осылайша мамандар салқын сусындарға қарағанда ыстық сусындардың организмге бастапқыда кері әсерін тигізсе де, ыстықтан қорғануына септігін тигізетінін айтады. 

✖ Күннің астында жүру қауіпті

Ұзақ уақыт бөлмеден немесе кеңседен шықпай, әсіресе, кондиционер тұрған ғимараттан шықпаған адамда оттектің жетіспеуі байқалады. Салдарынан ол адамның басы айналып, талып қалуы әбден мүмкін немесе гипертониялық криз болуы мүмкін. Гипертониялық криз кезінде артериялық қысым бірден немесе күтпеген жерден көтеріліп кетеді. Оған тұзды тағамдарды мөлшерден тыс пайдалану мен суды аз ішу себеп болуы мүмкін.

Сол себепті далаға біраз уақытқа болса да шығып тұрған пайдалы. Дәл күннің астында жүрмесе де, көлеңкемен жүріп өту денсаулыққа пайдалы екенін айта кету керек.

Мұнымен қатар, Лейла Оспанова қант диабетіне шалдыққан науқастарға күн ыстықта өзімен бірге кәмпит немесе мұз кәмпиттерді алып жүруге кеңес береді. Айтуынша, осы кәмпиттер аптапта науқастың ағзасындағы қант деңгейін реттей алады.

Сондай-ақ, дәрігер күн ыстықта өзімен бірге міндетті түрде су алып, баскиіммен шығу керектігін ескертеді. Ал егде жастағы немесе қан-тамыр жүйелері ауруларына шалдыққандарға кенеттен тыныс алу қиындаған жағдайда біраз демалып алуға кеңес береді.

Оқи отырыңыз:

Бастан күн өткенде не істеу керек - Дәрігер нұсқауы

"Терезені жап, кондиционер қосамыз" - Көлік кондиционері туралы біз сенетін өтіріктер

Маман қандай адамдарға күнге ұзақ уақыт күю қауіпті екенін айтты

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.15   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети