Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 июня 2018 12:58

Маман қандай адамдарға күнге ұзақ уақыт күю қауіпті екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© legkopolezno.ru © legkopolezno.ru

Демалыс маусымы басталғанда көбі қысқа уақыт аралығында күнге қарайып, теріге әдемі түс бергісі келеді. Әрине, ол үшін қазір жыл мезгіліне қарамайтын қолжетімді процесс солярий бар. Бұл теңізге, көлге бармай-ақ күнге күйіп, қараюға мүмкіндік береді. Ал кейбіреулер, керісінше, күнге табиғи күйгісі келеді. Дәрігерлер өз кезегінде күннің астында ұзақ уақыт өткізудің тері қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін екенін ескертіп жатады. Себебі күнге күюдің де зияны бар екенін және оның дертке шалдықтыру мүмкін екенін көбі біле бермейді.


Демалыс маусымы басталғанда көбі қысқа уақыт аралығында күнге қарайып, теріге әдемі түс бергісі келеді. Әрине, ол үшін қазір жыл мезгіліне қарамайтын қолжетімді процесс солярий бар. Бұл теңізге, көлге бармай-ақ күнге күйіп, қараюға мүмкіндік береді. Ал кейбіреулер, керісінше, күнге табиғи күйгісі келеді. Дәрігерлер өз кезегінде күннің астында ұзақ уақыт өткізудің тері қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін екенін ескертіп жатады. Себебі күнге күюдің де зияны бар екенін және оның дертке шалдықтыру мүмкін екенін көбі біле бермейді.

Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі бас және мойын (қалқанша безі) қатерлі ісігінің хирургы, онколог Дәурен Әділбайдан күнге күюдің қандай қаупі бар екенін сұрап көрді.

Хирургтың айтуынша, ультракүлгін сәулесін шектен тыс алу тері қатерлі ісігіне әкеп соқтыруы әбден мүмкін.

"Тері қатерлі ісігінің пайда болуының негізгі себебі - ультракүлгін сәулелерін шектен тыс алу. Ал ультракүлгін сәулелердің негізгі көзі - күн мен солярий. Солярий - бүгінде танымал процедура. Ол күнге күюдің жасанды түрі. Ал жалпы, біздің күнделікті алып жүрген ультракүлгін сәулелерінің мөлшерінен қаупі жоқ. Бірақ күн сәулесі мынадай жағдайларда қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, күнделікті таңертең жұмысқа барып, кешке жұмыстан қайтып келетін адам бір мезетте теңізге немесе көлге демалуға барса, ол онда ультракүлгін сәулесін өте үлкен мөлшерде алады. Яғни, ультракүлгін сәулелері нормадан асқан кезде тері қатерлі ісігін шалдығу қаупі артады", - деп түсіндірді маман.

Бұдан бөлек, Дәурен Әділбай күнге күюдің қаупін көлеңкенің ұзындығы бойынша білуге болатынына тоқталды. "Көлеңкенің ұзындығы бойынша күнге күюдің қаупін түсінуге болады. Көлеңкеңіз бойыңыздан кіші болса, ол күннің қауіпті уақыты екенін білдіреді", - деп түсіндірді хирург.


© Goldy-Woman.com

Сондай-ақ, Дәурен Әділбай белгілі бір топтағы адамдарға ультракүлгін сәулелерін алу басқа адамдарға қарағанда өте зиян екенін айтады.

"Бет терісі ақшыл немесе күнге шыққан соң бірден күйік алып қалатын адамдар, терісі нәзік адамдар мен шашы жұқа, көзі көк немесе қоңыр қой көзді адамдардың ультракүлгін сәулелерге өте сезімтал келеді", - дейді хирург.

Еске сала кетейік, осыған дейін Дәурен Әділбай күн сәулелерінен қорғану қажеттігін айтқан болатын.

"Әр 2 сағат сайын терінің ашық учаскелеріне күннен қорғайтын крем жағып жүру қажет. Және де бүгінде үлкен сұранысқа ие аппараттық жолмен күнге күю процедураларына барудың қажеті жоқ", - деп кеңес берген еді хирург.

Сонымен қатар, Дәурен Әділбай денесінде мең, пигменттік дақтар, кератоздар көп адамдарда тері қатерлі ісігіне шалдығу қаупі жоғары екенін және шамадан тыс күнге күюдің тері қатерлі ісігін тудырып қана қоймай, ерте қартаюға әкелетінін ескертті. Мұнымен қоса, хирург пигментті және пигментті емес меланомалардың да қатерлі ісік туғызатынын айтып өтті.


© womanskincare.ru

Бірақ ол кремдердің көмегімен күнге күюдің аса қауіпті емес екенін айтады. Айтуынша, ультракүлгін сәулелері немесе солярий қабылдағанда тері қатерлі ісігіне шалдығу қаупі зор. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети