Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 июня 2020 12:46

"Екінші толқын жойқын болуы мүмкін" - ДДҰ-ның коронавирусқа байланысты мәлімдемелері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 7,5 миллионға жуықтады. Оның ішінде шамамен 3,8 миллион адам аурудан айығып шықса, 419 020 адам қайтыс болды. Шамамен 3,3 миллион адам әлі де ем алып жатыр. Коронавирус пандемиясына байланысты түрлі болжам айтылады. Көптеген сарапшы коронавирустың екінші толқыны болатынын айтып, дабыл қақты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарына сенсек, COVID-19-дың екінші толқыны болатыны сөзсіз. Тіпті вирустың екінші толқыны жойқын болуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі ұйымның айтқан соңғы мәлімдемелеріне шолу жасады.


Дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 7,5 миллионға жуықтады. Оның ішінде шамамен 3,8 миллион адам аурудан айығып шықса, 419 020 адам қайтыс болды. Шамамен 3,3 миллион адам әлі де ем алып жатыр. Коронавирус пандемиясына байланысты түрлі болжам айтылады. Көптеген сарапшы коронавирустың екінші толқыны болатынын айтып, дабыл қақты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарына сенсек, COVID-19-дың екінші толқыны болатыны сөзсіз. Тіпті вирустың екінші толқыны жойқын болуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі ұйымның айтқан соңғы мәлімдемелеріне шолу жасады.

Коронавирус белгісі жоқтардан вирус жұқпайды

Коронавирус жұқтырған, алайда ауру симптомы жоқ адамдардан COVID-19 жұқпайды. Мұндай адамдардар коронавирус жұғу жағдайы өте сирек кездесетін көрінеді. Бұл туралы ДДҰ өкілі Мария Ван Керкхове мәлімдеді. Оның айтуынша, әлемнің 41 пайыз тұрғыны COVID-19-ды симптомсыз тасымалдаушы болуы мүмкін. Алайда олардың нақты қанша пайызы вирусты тарататыны белгісіз.

"Бізде бар мәліметке сүйенсек, коронавирус белгісі жоқ науқастың басқа адамға вирус жұқтыруы екіталай. Біз басқа елдердегі жағдайды да бақылап отырамыз. Ол елдерде вирус белгісі жоқ науқастар, олармен байланыста болғандар жіті бақылауда және олардың арасында вирустың тарауы байқалмайды. Бұл өте сирек кездесетін жағдай", - деп түсіндірді Мария Ван Керкхове.

Дүние жүзінде пандемия жағдайы нашарлап жатыр

9 маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус коронавирустың тарау жағдайы нашарлап бара жатқанын хабарлады.

"ДДҰ COVID-19 жұқтырған 7 миллионға жуық адам мен 400 мыңға жуық адам қайтыс болғанын хабарлады. Еуропада жағдай оңалып келе жатқанымен, дүние жүзіндегі жағдай мәз емес. 10 күннің тоғызында 100 мыңнан аса COVID-19 жағдайы тіркелді. Кеше 136 мыңнан аса адам вирус жұқтырғаны хабарланды, бұл бір тәуліктегі ең көп жағдай", - деді Гебрейесус.

Оның айтуынша, 136 мың адамның 75 пайызы 10 елдің өкілі, олар көбінн АҚШ пен Оңтүстік Азия елдерінде тұратындар.

"Африка аймағының көптеген елінде әлі күнге дейін COVID-19 жағдайы көбейгені айтылып жатыр, олардың кейбіреуі жаңа аудандарда пайда болды. Осы аймақтағы елдің көпшілігінде 1000-нан аз жағдай кездеседі. Сондай-ақ, біз Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның кейбір бөлігінде вирус көбейіп жатқанын байқадық", - деді ДДҰ бас директоры.

Ол бірқатар елде вирус жұқтырғандар саны азайып келе жатқанын мәлімдеді.

Коронавирустың екінші толқыны жойқын болуы мүмкін

COVID-19-дың қайталануы қаупі бар. Егер вирустың тарауы тоқтамаса екінші толқынының күші жойқын болуы мүмкін. Бұл туралы ДДҰ Еуропалық аймақтың бюросының директоры Ханс Клюге 3 маусымда мәлімдеді.

"Екінші толқын болатыны сөзсіз. Бірақ көптеген ел шектеу шарасын алып жатыр. Егер коронавирустың тарауын тоқтатпасақ, екінші толқын келіп, салдары қиын болуы мүмкін", - деп ескертті Клюге.

Ол бүгінгі жағдай жыл басынан бергі жағдайдан мәз емес екенін айтты.

"Бізде коронавирусқа қарсы вакцина да, оны емдеу шарасы да жоқ", - деді ол.

Еске салайық, worldometers мәліметінше, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 7,4 миллионнан асса, оның ішінде 419 049 адам қайтыс болған. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша, бірінші орында - АҚШ (2 миллионнан аса адам), екінші орында - Бразилия (775 187 адам), одан кейін Ресей (493 657 адам).

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 13 мыңнан асты. Оның ішінде 8345 адам аурудан айықса, коронавирус пандемиясы басталғалы жалпы 67 адам қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети