Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 сентября 2018 15:28

Жүктілік жеңіл өтсін десеңіз - Дәрігердің кеңестері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жыл басынан бері босану үстінде 40 әйел қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, мұндай оқиғаларға әсер ететін бірден-бір фактор - әйелдердің денсаулығының нашар болуы және олардың жүктілік кезінде ауырып қалуға бейімділігі. Расында да соңғы уақытта қайғылы деректердің саны артып жатыр. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі гинеколог маман Лаура Парпиевадан жүктілік кезіндегі қауіпті белгілер, болашақ ана мен баланың денсаулығын қалай сақтау керек екені және жүктілікті қалай жеңіл өткеруге болатынын сұрап көрді.


Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жыл басынан бері босану үстінде 40 әйел қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, мұндай оқиғаларға әсер ететін бірден-бір фактор - әйелдердің денсаулығының нашар болуы және олардың жүктілік кезінде ауырып қалуға бейімділігі. Расында да соңғы уақытта қайғылы деректердің саны артып жатыр. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі гинеколог маман Лаура Парпиевадан жүктілік кезіндегі қауіпті белгілер, болашақ ана мен баланың денсаулығын қалай сақтау керек екені және жүктілікті қалай жеңіл өткеруге болатынын сұрап көрді.

Лаура Парпиеваның айтуынша, бірінші кезекте жүктіліктің 12-аптасына дейін есепке тұру керек. 

"Міндетті түрде есепке тұру керек. Содан кейін прегравидарлық дайындыққа кірісу қажет. Ол дегеніміз - жүктіліктің ең бастапқы және маңызды кезеңі. Яғни, осы кезде болашақ ананың денсаулығы тексеріледі. Әйел толықтай жан-жақты сараптамалар өткізіп, мұқият тексерістен өтеді. Себебі бастапқы кезеңде әйелдің ағзасында баланың даму процестері басталып кетіп, анасының организміндегі қандай да бір инфекциялар немесе созылмалы аурулары балаға қатты әсерін береді", - дейді гинеколог.

Сондай-ақ, дәрігер әйелдердің көбі жүктілік кезеңі бастала сала көбіне йогаға баруды жөн санайтынын айтады. Алайда, оның айтуынша, бұл кезеңде, керісінше, жүкті әйелдерге арналған арнайы курстар мен жүзуге бару қажет. Йогаға барудың керегі жоқ. Жүзуге барып жүрген әйел басқаларына қарағанда жүктілікті жеңіл өткереді екен.


© pixabay.com

Сондықтан маман барынша көбірек қозғалуға кеңес береді. 

"Күнделікті бірнеше рет физикалық жаттығулар жасап тұрған жөн. Таңғы уақытта жеңіл жаттығулар жасап, біраз жүгіруге болады. Оның барлығы жамбас бұлшықеттерін нығайтуға септігін тигізеді. Жүктілік пен босану кезінде ағзаға түсетін салмақтың нәтижесінде жамбас түбінің бұлшықеттері әлсіреп, зәрдің еріксіз шығуына себеп болуы мүмкін. Осы қарапайым жаттығулар бұлшықетті нығайтуға көмектеседі. Ең бастысы - көбірек қозғалу және жақсы көңіл-күй. Бұдан бөлек, шылым мен спирттік ішімдіктерден біржола бас тарту", - дейді Парпиева.

Соңғы кездері медицинада босану кезінде эпидуралдық анестезияны қолдану әдетке айналған. Бірақ маман жүкті әйелдерге ондай анестезияны қолданбауға кеңес береді. Дәрігердің айтуынша, ол әдістен кейін әйелдер ауа райы өзгере қалса, белі ауыратынына шағымданып жатады.

Эпидуралдық анестезия омыртқа мен белге жіңішке тұтқа енгізу арқылы жүргізіледі. Бұл босану мерзімінде анестезиолог жасайтын ең ауыр әдіс. Ол толғақ кезіндегі ауырсынуларды басады. Оның әсері шамамен 30 минуттан кейін пайда болады екен. Мұнымен қатар, маман босанатын әйелдерде жатыр мойны аурулары болуы қауіпті екенін айтып өтті.

Ал ең бастысы, дәрігердің айтуынша, жүктілік кезінде қорқыныштарға бой алдырмау керек. "Салауатты өмір салтын ұстанып, позитив ойлап, болашақ баласы алдындағы міндетін сезініп, психологиялық тұрғыда дайын болуы керек", - деп кеңес берді гинеколог.


© pexels.com

Сондай-ақ, дәрігер әйелдердің жүктілік кезінде назар аударуы қажет деген қауіпті 10 белгіні атады. Парпиеваның айтуынша, осы симптомдар қайталаған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек:

- Күніне кем дегенде 5 рет немесе одан көп лоқсу;
- Жыныс мүшелерінен қан кету;
- Бастың, іш пен белдің жиі ауыруы;
- Көз астының күлдіреуі;
- Ісіну;
- Нәрестенің қозғалмауы;
- Қағанақ суының ағуы;
- Күретамыр қысымының қатты көтерілуі;
- Дене қызуының көтерілуі;
- Кез келген қозғалыс кезінде дененің ауыруы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети