ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
08 мая 2019 | 20:35

Маман ЭКО мен инсеминацияның айырмашылығын ажыратып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Сибирская католическая газета © Сибирская католическая газета

Балалы болу әр отбасының арманы. Жүкті болу немесе дүниеге сау баланы алып келу бүгінде әйелдердің басты тілегі шығар. Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Көп күттірген перзент" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бағдарлама барысында гинеколог, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова кеш босанудың әйел адамның денсаулығына зияны жайлы айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Балалы болу әр отбасының арманы. Жүкті болу немесе дүниеге сау баланы алып келу бүгінде әйелдердің басты тілегі шығар. Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Көп күттірген перзент" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бағдарлама барысында гинеколог, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова кеш босанудың әйел адамның денсаулығына зияны жайлы айтты.

"Ағзаның ерекшелігіне, жасына, жағдайларға байланысты. Керек десеңіз, 20 жастағы қыз бала да әр ай сайын жүкті бола бермейді. Табиғаттың заңына біз көнуіміз керек. 20 жастағы әйелдің бір айда бала көтеру мүмкіндігі 15-20 пайыз ғана. Сондықтан 12 айдың ішінде бір рет көтеру керек. Болмаса дәрігерге барып, қаралғаны дұрыс. 35 жаста алты ай ғана күту керек. Одан кейін дәрігерге бару керек. Сондықтан ЭКО арқылы ай сайын бала көтере бермейді, бірақ табиғиға қарағанда ЭКО-да жиірек көтереді. Мүлде мүмкіндігі жоқ әйелдер келеді. 50, 120 ай күткен әйелдерді ЭКО арқылы 30-40 пайыз жүкті болу мүмкіндігіне дейін көтеріп, балалы болуға әрекет етеміз", - деген ол бұл процестің кезең-кезеңімен өтетініне тоқталды.

Айтуынша, бұл барлық әйелдерге жасала бермейді, көбі ол сатыдан өтіп кеткен болып шығады.

"Көбі ойлайды инсеминация көмектеседі деп. Мен енді науқастардың сұрақтарын естимін ғой. Барлығының қоятын сұрағы: "Неге инсеминация жасамайсыздар, неге ЭКО жасайсыздар?". Инсеминация дегеніміз - ер адамның ұрығын алып, жақсартып, авуляция кезінде салу, ол үшін бірақ жатыр түтікшелері өте жақсы болуы керек. Эмбрион жатыр ішіне қайтып келетіндей мықты болуы керек. Ондай мүмкіндік көбіне жоқ", - дейді Салтанат Байқошқарова. 

26 жастағы Жадыра Байменова 21 жаста тұрмысқа шығып, 25 жасында ЭКО арқылы ұлын дүниеге алып келді. Қазір сәбиі 6 айлық.

"Тойымыз 2016 жылы болды. Оның алдында жолдасым жұмыстарымен жиі шетелде жүрді. Бастапқы екі-үш жылда аса мән бермедік. 2016 жылдан бастап Бахыт Жүнісоваға "Геномға" бара бастадық. Маған көп диагноз қойды, оның ішінде локтацияның көп болуы, ағзаның әйелді екіқабат болмаса да жүкті ретінде санайтыны, оны емдедік. Одан жеті келі салмақ қостым. Президент істері басқармасының ауруханасында "трубаны" тексеретін аппарат барын айтты. Ол жерден тағы бір екі ақау табылды. Біріншіден лапроскопиялық ота жасалды (қыз баланың трубаларын тазалау), егер алты ай ішінде әйел жүкті болмаса, онда бұл шараның көмектеспегені. Екінші кезең - ГСГР деген болады, ине салады, соның нәтижесінде 14 күн ішінде жасанды авуляция келеді. Сол жерге жолдасыңның ұрығын шприц арқылы салады. Тағы екі апта жүресің, жүкті болып қалуың мүмкін. Бірақ менің жағдайымда ол да болмады. Егер осылар болмаса, ЭКО-дан басқа шара жоқ", - деді Жадыра Бәйменова.

Бағдарламаға қоңырау шалған Гүлшат Ноғайбаева Салтанат Байқошқарованың арқасында 46 жасында  ана атанғанын айтып, бағдарламаның басты қонағына алғыс білдірді.

"Қазір балам төрттен асты. Теледидардан Салтанат ханымды көрген сайын жылап аламын. Рақмет, Алла разы болсын. Баламыздың дені сау", - деді көрермен төрт жасар баласына бір шумақ өлең оқытып.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer