Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 декабря 2021 15:42

Профессор вакциналар қалай шұғыл мерзімде дайын болғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © pexels.com Көрнекі сурет. © pexels.com

Аризона университетінің профессоры, зерттеуші, Nano & Giga Solutions компаниясының президенті Анатолий Коркин Tengrinews.kz тілшісімен сұхбаттасып, нанотехнология және оның қазіргі медицинаға тигізер пайдасын айтып берді.


Аризона университетінің профессоры, зерттеуші, Nano & Giga Solutions компаниясының президенті Анатолий Коркин Tengrinews.kz тілшісімен сұхбаттасып, нанотехнология және оның қазіргі медицинаға тигізер пайдасын айтып берді.

Профессордың сөзінше, жаһандық пандемия келісімен әлемдік краудфандинг саласы көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатыр.

"Бүгінде инновациялық менеджмент екіұдай пікір туғызды. Ең алдымен, жаһандық интеграция мен локализация деңгейі артты. Семинар, конференция, көрме және тағы да басқа іс-шаралар қысқарып, оларды онлайн-шаралар алмастырды. Соның ішінде жаңа технологиялар мен бизнес бағытын дамыту мәселелері жиі көтеріліп жүр. Инвестиция және оны басқару жолдары ақпараттық технологияларға сүйенетін болды. Пандемия, әлеуметтік тұрақсыздық және климат мәселесі техникалық мамандарды дүниежүзілік венчурлық бизнес орталығы - Кремний алқабынан басқа мемлекетке жаппай көшірді. Десе де, білікті мамандарының көшуінен Кремний алқабы зардап шеккен жоқ, өйткені олар инновациялық басқарудың арқасында қосымша табыс көзін ойлап тапты. Инвесторлар мен кәсіпкерлер виртуал инкубаторлар мен акселераторды жиі қолданып, әлемдік краудфандинг саласын адам сенгісіз жылдамдықпен жетілдірді", - дейді ол.

Сонымен қатар, Коркин молекулярлық вирусологияның түрленгенін айтып, екпе қалай тез уақыт аралығында дайындалғанын түсіндірді.

"Мен, ең алдымен, әлем бойынша наноэлектрониканың тиімді тәсілдерін бірізділікке салған ақпараттық технологиялардың ролін атап өткім келеді. Транзисторлардың өлшемдері қазірдің өзінде 10-20 нанометр және алдағы уақытта 10 нанометрден төмен чиптер компьютерлер мен телефондарда пайда болады. Екінші аса маңызды әрі кең етек жайған тенденция - молекулярлық вирусологияның жедел дамуы. Оның арқасында генетика, биотехнология және медицина саласында да жаңа серпіліс туды. Бұл коронавирус инфекциясына қарсы бірнеше екпенің өте қысқа мерзімде дайындалуына сеп болды. Мәселен, Pfizer және Moderna вакциналары мРНК технологиясының негізінде жасалды. Мәліметтер базасы мен машиналық оқыту молекулалық биологиямен қосылып, биоинформатика әдістерінің мүмкіндіктерін шұғыл арттырды", - дейді профессор.

Анатолий Коркиннің айтуынша, жақын арада нанотехнологияның нәтижесінде адамдардың денсаулығын қашықтан бақылауға болады.

"Бүгінде нанотехнологияның ауқымын дұрыс бағаламай, оны тек техникамен байланыстыратындар бар. Нанотехнологиялар ақпараттық қауіпсіздік, жасанды интеллект, тіпті, медицинадағы молекулярлық биологияны да жаулап алды. Қазірдің өзінде жалпы диагностикада онкологиялық ауру түрлері бойынша көлемді деректерді өңдеуге негізделген машиналық оқыту әдістері қолданылып жүр. Интернеттің қолжетімділігі және медициналық қосымшалардың кең таралуының нәтижесінде өмір сүру индексін өлшей аламыз, сондай-ақ, науқастың денсаулығын қашықтан бақылауға да мүмкіндік туады", - деді ол.

Нанотехнолог кванттық механика әдістері мен биоинформациялық технологияларды байланыстырып, модельдеудің маңызын түсіндірді.

"Мен функционалды материалдардың компьютерлік дизайнына қатты көңіл бөлемін. Бұл салада кванттық механика заңдарына негізделген есептеу әдістері (молекулалар мен материалдың қасиеттерін есептеу), эксперимент, сондай-ақ, есептеу сияқты үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеу(жасанды интеллект әдістерін қоса есептегенде) қолданылады. Бұдан бөлек, модельдеудің ролі артады, бірақ бұл эксперименттер ешқашан екі жағдайға байланысты толық қарастырылмайды. Біріншіден, түптің-түбінде модельдер қажет емес, бірақ оларға негізделген нақты материалдар мен құрылғыларсыз болмайды. Екіншіден, материалдағы атомдардың объектісі неғұрлым күрделі болса (кем дегенде саны бойынша), есептеу қиынырақ және қымбат болады. Ал кейбір жағдайда есептеу әдісімен қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес немесе эксперимент орнатудан әлдеқайда қымбат боп шығады. Бұған байланысты жақсы мысалдар фармакологияда көп кездеседі. Неге десеңіз, дәрі-дәрмекпен айналыстан алып компаниялардың барлығында модельдеу топтары бар. Эксперименттік және есептеулерден алынған деректердің басым бөлігі өңдеу нәтижелері бойынша биоинформациялық технологиялар әдістерінен өтіп, дәрілерге шектеу жасалады және олар сұрыпталады. Алдымен жеке жасушаларда, кейін жануарларда, соңында адамдарда тексеріледі", - дейді ол.

Сөз соңында Анатолий Коркин нанотехнология тек жаңалық емес, ең алдымен, ол ғылым мен технологияның көптеген саласында қолданылатын инструмент екенін жеткізді. Ол көміртекті нанотүтікшелер мен графендер үшін пайда болған қосымшаларды дәлел ретінде келтіруге болатынын қоса айтты.

Әңгімелескен: Мұхтар Жәмішжанов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети