ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 октября 2021 | 13:00

Твиндемия деген не және ол адамзатқа несімен қауіпті?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: startsmile.ru Фото: startsmile.ru

Күз мезгілімен қатар ЖРВИ, оның ішінде, тұмау маусымы басталды. Твиндемия - пандемия басталғалы қолданылып жүрген сөз. Бұл әсіресе күз мезгілінде өршитін тұмау мен кейінгі жылдары қосылған коронавирустың қатар жүруі. Мамандар пандемияның бұл түрінің қаупі туралы ескертіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі твиндемия адамзатқа несімен қауіпті екенін анықтап көрді.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Күз мезгілімен қатар ЖРВИ, оның ішінде, тұмау маусымы басталды. Твиндемия - пандемия басталғалы қолданылып жүрген сөз. Бұл әсіресе күз мезгілінде өршитін тұмау мен кейінгі жылдары қосылған коронавирустың қатар жүруі. Мамандар пандемияның бұл түрінің қаупі туралы ескертіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі твиндемия адамзатқа несімен қауіпті екенін анықтап көрді.  

Твиндемия деген не? 

Кейінгі жылдары ағылшын баспасында бейресми медициналық гибрид тіркес - twindemic -  твиндемия (twin-егіз) сөзі пайда болған. Алғаш бұл сөзді The New York Times журналисі Ян Хоффман былтыр қолданған. Бұл туралы "Русский язык коронавирусной эпохи" еңбегінде жазылған. Кітапты Ресей ғылым академиясының лингвистикалық зерттеулер институты шығарған болатын. Яғни екі эпидемиялық инфекциялық аурудың қатар жүру кезеңі. Бұл кезең өзге тілдерде коронатұмау деп те қолданылады. Себебі, кітап авторларының сөзінше, твиндемия сөзі ағылшын тілін жетік меңгермеген адамдар үшін бірден түсінікті болмауы мүмкін. Медицина өкілдері егер биыл тұмауға қарсы екпе салдырмасақ, твиндемиядан құтылу мүмкін емес екенін айтады.

Қазақстанда фармацевтикалық шолу жасайтын басылымның мәліметінше, сарапшылар тұмау мен коронавирустың қатар келуі, яғни твиндемия денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіруі мүмкін екенін айтып дабыл қаққан. Бірақ тұмау көбіне үй жағдайында емделетін ауру түрі.

Жақында Алматыда өткен брифингте қалалық қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали қандай жағдайда тұмау жұқтырған адам ауруханада ем алатынын айтқан болатын. Оның сөзінше, тек пневмония, атит секілді асқыну болған жағдайда науқас дәрігерлердің бақылауында болады.

Бірақ коронавируспен ауырып, артынша тұмау жұқтырған науқастар үшін твиндемия екі есе ауыр болуы мүмкін. Бұл әсіресе COVID-19-ды ауыр өткізіп, өкпесі зақымданған адамдар үшін қиын болуы мүмкін. Мұндай жағдайда науқас тұмауды да ауыр өткізіп, түрлі асқыну пайда болуы мүмкін.

Адамдар тұмау мен коронавирус белгілерін шатастыра бастайды

Твиндемия кезінде адамдар тұмау мен COVID-19 белгілерін шатастыра бастайды. Бұл туралы Нuffpost сарапшылары айтты. COVID-19-дың көптеген симптомы тұмаудың белгілерімен ұқсас болып жатады. Яғни екі жұқпалы ауру да бірдей бола бастаған: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, әлсіреу, мұрынның бітуі, бас ауыруы, тамақтың ауырсынуы белгілері байқалады. Сарапшылардың сөзінше, бұрын "бұл жай тұмау" деп үйде емделетін адамдар ауруханаға барып, медициналық көмек ала бастайды. Осылайша, біз жоғарыда атап өткеніміздей, денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсуі мүмкін.

Коронавирустың алғашқы симптомдары өзгергені туралы дәрігерлер де ескерткен болатын. Яғни күзде коронавирус жұқтырған науқастардағы симптомдар оның алдында жұқтырғандардан басқаша және көбіне тұмаудың белгілеріне ұқсас бола бастаған. Дәрігерлердің сөзінше, вирус жұқтырған науқастардың дене қызуы тұмау жұқтырған кездегідей, бірақ ұзағырақ созылуы мүмкін. Сондай-ақ мамандар ауыр неврологиялық белгілер болатынын айтты: науқастардың басы айналып, басы ауырсынып, әлсіздік байқалған. Бұл белгінің бәрі екінші күні байқалып, бірнеше аптаға созылуы мүмкін. 

Твиндемияның алдын алу үшін не істеу керек?

Көптеген ел тұмауға қарсы екпе салу науқанын бастап кетті. Оның ішінде, Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Моңғолия, Башқұрстан және тағы басқасы бар. Бірақ бүгінде көптеген адам әлі коронавирусқа қарсы вакцинаны да салдырып жатқандықтан "тұмауға қарсы екпені қанша уақытта салу керек?" деген сұрақ туындайды. Ресейлік инфекционист дәрігер Светлана Малиновскаяның сөзінше, COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғаннан кейін кішкене үзіліс жасау керек. Яғни келе екпе - тұмауға қарсы вакцинаны бір айдан кейін салдырған дұрыс. Осы уақыт аралығында адам ағзасы қажет антиденені қалыптастырып үлгереді. 

Алайда елімізде фармацевтикалық шолу жасайтын басылымның мәліметінше, твиндемияны жеңуге тек екпе жеткіліксіз, вирус жұқтырып алмау үшін қорғаныш әрекеттерін де ұмытпаған жөн. Яғни маска тағып, сырттан келгенде қолды мұқият жуып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer