Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 августа 2022 16:00

"Армандап жүрмін". Zhuldyz LIVE жобасында - Дана Кентай

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында Дана Кентай қонақта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында Дана Кентай қонақта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zhuldyz LIVE жобасында қазақстандық танымал өнер жұлдыздары әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бұл жолы Дана Кентай бір сағат бойы жанды дауыста ән шырқап, сұхбат берді.

Әншінің репертуарында "Жаным, Қайрат" атты ән бар. Ол бұл ән қалай жазылғанын түсіндірді.

"Продюсерім Ақылбек Досжанов "Динара, Әсел, Айдана деген сияқты қыздарға арналған ән бар. Неге ұлдың атымен айтылған бірде-бір ән жоқ. Сондай шығарып көрейік" деп, Қайнар Алагөзов екеумізге ой тастады. "Қазақта қандай танымал аттар бар?" деп, есімдердің бәрін жазып шықтық. "Қайратты" зерттей келе, "Қайрат" футбол клубы бар, Қайрат Рысқұлбеков бар, Қайрат Түнтеков, Қайрат Нұртас секілді әншілер бар. Бізде Қайрат деген ат көп екен, оның үстіне танымал тұлғалар көп. Халықтың құлағында жүрген атты қолданғанымыз дұрыс деп ойладық, әнге де "Қайрат" деген жақсы келіп тұрды", - деп түсіндірді әнші.

Ол 12-ден кейін шабыты ашылатынын жеткізді. Сондай-ақ, әншінің сөзінше, жер үйде тұруды армандайды.

"Енді жер үй армандап жүрмін. Көп қабатты үйде тұрамын. Түнде сағат 12-ден кейін шабытым ашылады. Домбырамен ән айтқым келеді немесе дайындық жасау керек болады. Айта алмайсың. Жер үй керегін түсіндім. Әншіге көп қабатты үйде тұру өте қиын. Сондықтан "жер үйге көшсем ғой" деп армандап жүрмін", - деді ол.

Айта кетейік, өткен шығарылымда Zhuldyz LIVE жобасында Серік Ибрагимов пен BigSher қонақта болған еді. 

Еске салайық, сүйікті әншілеріңіз жанды дауыста айтып, сұрақтарға жауап беретін жоба әр сәрсенбіде сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. 

10 тамыздағы радиоконцертті TengriTV Youtube-арнасы мен zhuldyz.fm Instagram-парақшасынан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети