1. Главная
  2. Узнай
  3. Культура
  4. Музыка

Көлігі - Lada Priora, Билли Айлиштен озған. Сіз кімсіз, Imanbek? 15 марта 2021, 15:49

Бүгін түнде қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) музыка әлемінің "Оскары" саналатын "Грэмми" жүлдесін иеленді. Оның SAINt JHN-нің Roses әніне
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Бүгін түнде қазақстандық Иманбек Зейкенов (Imanbek) музыка әлемінің "Оскары" саналатын "Грэмми" жүлдесін иеленді. Оның SAINt JHN-нің Roses әніне жасаған ремиксі үздік атанды. Туындысы әлемдік чарттарда көш бастағанға дейін Иманбек туған жерінде теміржолшы болып жұмыс істеген. Tengrinews.kz тілшісі Imanbek туралы мәліметтер ұсынады.

Иманбек Зейкенов 2000 жылы 21 қазанда Павлодар облысы Ақсуда дүниеге келген. Оның арнайы музыкалық білімі жоқ, тек сегіз жасында әкесі гитара ойнауды үйреткенін айтады. 9-сыныптан кейін Иманбек Павлодар көлік және коммуникациялар колледжіне оқуға түседі.

2017 жылдан бері музыкамен айналысатын ол теміржол қызметін де тастамаған. Оқумен қатар ол Ақсудағы теміржол станциясында жұмыс істеген. Бос уақытында түрлі музыкаға ремикс жасаумен айналысқан. Музыка тілі бойынша арнайы оқуы жоқ, бәрін YouTube хостингіндегі видеолардан үйренген.

Ал 2019 жылы Иманбек әнші SAINt JHN-нің Roses атты әнін естіген. Ол кезде шыққанына үш жыл болған бұл әнді көбі біле бермейтін.

"Тректің өзінде дыбыстың кейбір сиқыры жасырынғандай, ол дауыстың темпі мен тембрін біріктіретін ерекше формула сияқты", - деді Иманбек The Variety басылымына берген сұхбатында.

Осылайша, сол кезде Иманбекті әлемге танытқан, "Грэмми" жүлдесіне жеткізген Roses ремиксі дүниеге келген. Ол ремиксті бүкіл дүние жүзі тыңдайтынына күмәнмен қарап, тек "ВКонтакте" желісінде жариялаған. Артынша үлкен парақшалар осы ремиксті қолдана бастайды.

Нәтижесінде, Roses әнінің ремиксі Apple Music-тің үздік ондығына кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса адам іздеген, Spotify-де төрт миллион адам тыңдаған. Кейін рэпер SAINt JHN-нің өзі ремиксті өз YouTube-каналында жариялады, ол бүгінгі таңда 145 миллион қаралым жинаған. Ал әннің түпнұсқасын 50 миллион адам қараған.

Былтыр наурызда трек UK Singles Chart көшін бастап, Ұлыбританияда бірінші нөмірге айналды. Кейін Иманбектің ремиксі The Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Джастин Бибер сияқты әншілерден озып кеткен. Осы уақытқа дейін трек Shazam-да көп тыңдалады.

Осылай таныла бастаған Иманбек ресейлік Effective Records лейблімен келісімшарт жасасты. Бүгінге дейін Marshmello, Usher, Don Diablo, Rita Ora секілді танымал әнші, диджейлермен жұмыс істеді.

Иманбек дүние жүзіне танылса да, өмірін қатты өзгертпек емес. Әлі де туған жері Ақсуда тұрады, көлігі - Lada Priora.

Теміржолшы ретінде айына 108-147 мың теңге көлемінде жалақы алған Иманбек бұл жұмысынан шыққан, қазір музыкасынан пайда табады. Арманы ата-анасына үй алып беру екенін айтады. 

Imanbek жеңіп алған "Грэмми" туралы не білеміз?



Join Telegram