Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 октября 2019 16:11

Ілияс Аутов алаяқтар, "тотықұстың арманы" және тойға шығу жайлы - Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

"The Эфир" жобасының жаңа маусымында Motor-Roller тобының жетекшісі Ілияс Аутов Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында фонограммамен ән айтатын әншілер, "тотықұстың арманы" туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"The Эфир" жобасының жаңа маусымында Motor-Roller тобының жетекшісі Ілияс Аутов Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында фонограммамен ән айтатын әншілер, "тотықұстың арманы" туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елімізде музыканттардың көбі өсуді ойламайды. Белгілі бір дәрежеге жеткен соң тоқтап қалады. Көбі батыстағы біреудің орындауын дәл солай қайталауды абырой көреді. Меніңше, бұл тотықұстың арманы. Фонограммамен ән айтатындар - алаяқтар. Көрермен теледидардан көргеніне сенеді, фонограммамен ән айтқанды жұлдыз санайды. Жалпы өнерге кез келген адамды жібере беруге болмайды. Ал бізде қалай, ақшасы бар ма - сол "өнерлі" болып кетеді де, қазір қоқыстың арасында жүрміз", - дейді Ілияс Аутов.

Сонымен қатар, ол әншінің тойға шығуы ұят еместігін және қазіргі әншілерді мүлде тыңдамайтынын айтады.

"Тойға шығып тұрамыз, шақырып жатса, әрине. Оны бір ұят дүние деп ойламаймын. Бұрынғы әртістердің әнін тыңдаймын, ал қазіргілер көңіл көншітпейді. Бәрі бірін-бірін қайталайды", - дейді Motor-Roller тобының жетекшісі.

Айта кетейік, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети