Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 июня 2018 12:58

Топшур, дутар, гопуз. Түркі халықтары домбырасының ерекшелігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© oreshinguitars.com © oreshinguitars.com

Маусымның 13-і күні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі ұлттық домбыра күні болып бекітілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілетіндіктен, қазақстандықтар бұл мерекені биылдан бастап атап өтетін болды. 


Маусымның 13-і күні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі ұлттық домбыра күні болып бекітілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілетіндіктен, қазақстандықтар бұл мерекені биылдан бастап атап өтетін болды. 

Осы мерекеге орайластырып, домбыра туралы түсінікті кеңейте түсу үшін ұлттық аспапқа тағы бір тоқталып өтсек. Әрине домбыраны білмейтін қазақ жоқ. Ал осыған байланысты ақын Қадыр Мырза Әлі "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" деген де болатын. Кейін бұл сөз жалпы жұртқа тарап, жиі айтылатын болды. 

Жоғарыда айтып өткен мерекенің Ұлттық домбыра күні деп аталуы да тегін емес болар. Өйткені домбыра жалпы түркі халықтарына ортақ аспап. Мәселен қазақта домбыра, алтай халықтары - топшур, ұйғыр және түркімен халықтары - дутар, қырғыздыр - комуз, әзірбайжандар және түрік халықтарында - гопуз деп атайды. Мұнда башқұрт және ноғайлар да бұл аспапты домбыра деп атайтынын және оның үні де өзгермегенін атап өтейік. Ал топшур, дутар және комуз қазақ домбырасымен түбі бір аспап болса да, пішіні мен дыбысынан өзгешілік барын аңғаруға болады. Енді осы аспаптарға тоқтала кетсек. 

Кеңес ғалымдарының бірі, этнограф, композитор, алтайлықтардың кәсіби музыкасының негізін қалаушы Андрей Викторович Анохин топшур туралы былай деп жазыпты:

"Алтайлықтар ішекті аспаптарын "топшур" деп атайды және пішіні жағынан балалайкаға ұқсайды. Бірақ жылқының қылын есіп, ішек ретінде пайдаланатындықтан ондай үнді емес". 


Топшыр ұстаған алтайлық жыршы © Vesti.Ru

Дутар - ашық мәлімет көздерінде XV ғасырда малшылар арасында пайда болғаны жазылған. Бұл аспап өзбек, ұйғыр және түркімен халықтары арасында кең таралған. Бұл аспапқа ертеде малдың ішегі пайдаланылған, алайда, кейін жібек жолының дамуына байланысты ішек орнына есілген жібек пайдаланылатын болыпты. 


Дутар, Түркменстан. © Orient.tm

Қырғыз халқының комузының пішіні өзге болуымен қатар, дутар мен домбыраға қарағанда тағы бір өзгешілігі - ол үш шекті болып келеді. 


Қырғыздың комузы © Muz-Story

Ұйғыр халқының шертпелі аспабы да дутар аталады. Жалпы дутар Орта және Оңтүстік Азия елдерінде кеңінен таралған аспап. 


Ұйғыр халқының дутары © imperiya.by

Өзбек халқының домбыраға ұқсас шертпелі аспабы дутор аталады. Бұл аспапқа ішек салса, қазақ домбырасының үнімен бірдей. Ал талшықты ішек салса, иран тектес халықтардың аспаптарының үніне ұқсайтындай әсер қалдырады. 

 
Өзбек халқының домбырасы © OrexCA.com

 Ал мынау ішегі талшықтан жасалған дутардың үні. 

Әзірбайжан халқының ұлттық аспабы гопуз немесе копуз кейін Шах Исмаил Хатаи кезінде (XVI ғасырда) өзгеріске ұшырап, саз аталып кеткен. 


Әзірбайжан халықының саз атты аспабы © portal.azertag.az

Қазақ халқының ұлттық аспабы - домбыраның нақты қашан пайда болғынын дөп басып айту қиын. Домбыраның екі шекті және ортасы қуыс аспапқа қалай айналғаны туралы "Ақсақ құлан" аңызын көпшілік біледі (ертеде ол бес ішекті болған деседі). Дегенмен домбыраның көп ішекті түрлері әлі де сақталған. Мұхтар Әуезовтың мынадай сөзін келтіре кетейік: "Қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдағы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі ішекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс - тарих үшін елеулі бұйым".

Қазақта қобыз шамандардың аспабы болған, сондықтан оны тек таңдаулылар қолданған десе де болады. Ал домбыраның мұндай ғұрыптық мақсаты болмаған, сондықтан ол жалпы халық арасында кеңінен тарады. Осының арқасында бүгінге дейін шерту техникасына қарай қазақ халқында жеті түрлі орындаушылық дәстүр мен мектептер қалыптасқан. Олар: Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау, Батыс дәстүрлі мектептері. Ал домбыраның 20-ға жуық түрі бар көрінеді: ән мен күй домбырасы, торсық, тұмар, кең шанақты, балдырған, балашық, шіңкілдек, аша, үш ішекті, қуыс мойын, шертер және тағы да басқа түрлері көпке мәлім.

Домбыра туралы айтылар сыр әлі де көп, мұны бір материалға сыйдыру мүмкін емес болар. Сондықтан қазақтың осы бір ұлттық аспабына деген қызығушылықтарыңыз үлкен болса, домбыра туралы сайтымызда жарияланатын басқа да материалдармен таныс бола жүріңіздер.

Оқи отырыңыз:

Қазақ тарихынан ойып орын алған тұлғалардың домбырасы қайда сақтаулы?

Домбыра таңдай білеміз бе? Шебердің кеңестері

Домбра - визитная карточка музыкальной культуры казахов

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети