ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 января 2024 | 10:02

"Жәрдемақы, тегін билет". Мемлекеттік марапат алғандарға қандай сыйақы, жеңілдік беріледі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет: Ақорда Көрнекі сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда бірқатар адамды марапаттады. Олардың арасында "Қазақстанның Еңбек Ері", "Қазақстанның халық әртісі", "Еңбек сіңірген қайраткер", т.б. атақ, орден, медаль алғандар болды. Massaget.kz тілшісі атақ алғандарға, орден, медальмен марапатталғандарға қандай жеңілдіктер қарастырылғанын, қанша сыйақы берілетінін анықтады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда бірқатар адамды марапаттады. Олардың арасында "Қазақстанның Еңбек Ері", "Қазақстанның халық әртісі", "Еңбек сіңірген қайраткер", т.б. атақ, орден, медаль алғандар болды. Massaget.kz тілшісі атақ алғандарға, орден, медальмен марапатталғандарға қандай жеңілдіктер қарастырылғанын, қанша сыйақы берілетінін анықтады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Азаматтығы жоқтар да алуы мүмкін: мемлекеттік марапат кімдерге беріледі?

Жауапты орган мәліметінше, мемлекеттiк наградаларды Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі, Қазақстанның даму жолына қосқан үлесі үшін ел азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да алуы мүмкiн. Марапат 1995 жылғы 12 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" ҚР заңына сәйкес беріледі.

Көрнекі сурет: Ақорда

Қазақстанда қанша мемлекеттік атақ, орден, медаль бар?

Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері қандай марапаттар мемлекеттік марапаттар қататарына жататынын айтты:

  1. "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары атағы;
  2. Қазақстан Республикасының ордені ("Отан", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, "Барыс", "Даңқ", "Айбын", "Парасат", "Достық", "Ел бірлігі", "Құрмет", "Еңбек Даңқы". Барлығы - 10 орден).
  3. Қазақстан Республикасының медальдары ("Ерлiгi үшiн", "Жауынгерлiк ерлiгi үшiн", "Ерен еңбегi үшiн", "Шапағат". Барлығы - 4 орден).
  4. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары ("Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы", "Қазақстанның халық әртісі", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы", "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы", "Қазақстанның халық жазушысы". Барлығы - 7 атақ).
  5. "Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы" бекітілген.

"Мемлекеттік наградаларға ұсыну, оларды тапсыру тәртiбi, басқа да құжаттар мен ережелердi Президент бекiтеді, награда мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды алдын-ала қарау және әзiрлеуді ҚР Президенті жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссиясы жүргізеді", - делінген ведомствоның Massaget.kz-ке жауабына.

Көрнекі сурет: Ақорда

Қандай марапаттарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы беріледі?

Ведомство жауабына сүйенсек, Әлеуметтік кодекстің 194-бабына және Педагог мәртебесі туралы заңның 9-бабына сәйкес мына мемлекеттік наградаға ие болған адамдарға ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады:

  • "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдарға 138,63 айлық есептік көрсеткіш. 2023 жылы 1 АЕК 3450 теңге болды. Демек, бұл - 478 273 теңге.
  • "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға 138,63 айлық есептік көрсеткіш; демек бұл да 478 273 теңге. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының иегері салық және коммуналдық төлемдерден босатылады, әуекөлігіне 10 пайыз жеңілдік және қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндіктерін ала алады.
  • "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға 138,63 айлық есептік көрсеткіш; бұл - 478 273 теңге.
  • "Еңбек Даңқы" орденінің үш дәрежесінің иегерлері мәртебесі бойынша "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына иегерлерге теңестіріледі, яғни 138,63 айлық есептік көрсеткіш; демек бұл да 478 273 теңге.
  • "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағына ие болған адамдарға біржолғы төлеммен 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы беріледі. Бұл - 3 миллион 450 мың теңге.

"Ақпарат саласының үздігі" атанғандарға қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат, спорт, мәдениет және архив салалары бойынша ведомстволық наградалары бар.

"Жалпы орталық атқарушы органдардың ведомстволық наградаларына ие болған адамдарға (оның ішінде "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісі бойынша да) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен қандай да бір жеңілдіктер көзделмеген", - делінген ведомствоның Massaget.kz-ке жауабына.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.8  course up  545.93  course up  5.05  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer