Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 сентября 2020 15:27

Зейнетақы жинағынан ішінара ақша алу: жаңа деректер шықты

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

18 жастағы азамат зейнетақы жинағын ала алмайды. Шекті сомадан асқан қаражатты тек 20 жастан бастап алуға рұқсат. Сондай-ақ ата-аналар зейнетақысының бөлігін баласына үй сатып алу үшін қолдана алады. Бұл ақшаны үйді жөндеуге де пайдалануға мүмкіндік беріледі. Тек тиіс құжатты өткізу керек. 


18 жастағы азамат зейнетақы жинағын ала алмайды. Шекті сомадан асқан қаражатты тек 20 жастан бастап алуға рұқсат. Сондай-ақ ата-аналар зейнетақысының бөлігін баласына үй сатып алу үшін қолдана алады. Бұл ақшаны үйді жөндеуге де пайдалануға мүмкіндік беріледі. Тек тиіс құжатты өткізу керек. 

Зейнетақы жинағынан шекті мөлшерден асқан ақшаны тағы қандай мақсатта және қалай жұмсауға болатынын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақы қамсыздандыру департаментінің директоры Виктория Шегай Tengri TV YouTube арнасының эфирінде айтып берді. Tengrinews.kz тілшісі зейнетақы жинағынан ішінара ақша алатын кезде қарастырылатын жаңа деректерді топтастырды. 

Ата-аналар зейнетақы жинағының бөлігін баласының үй алуына қолдана алады

"Неге үйі болса да зейнетақы жинағын пайдалануға шектеу жоқ? Кейде ата-аналар ересек, үйленген балаларымен 2-3 бөлмелі үйде тұрады. Яғни, ата-анасының 2 бөлмелі пәтері және зейнетақы жинағында сома бар. Міне, осындай жағдайда олар ақшаны алып, баласының үй алуына көмектесе алады. Өз капиталы мен ересек баласының капиталын біріктіріп, екінші, бірақ ортақ үй ала алады", - деді департамент директоры.

Үй жөндеуге ақшаны алу үшін растау керек

"Үй жөндеу туралы айтқанда, әңгіме үйді жөндеуге байланысты құрылыс материалдары, еңбек және қызметке ақы төлеу туралы болады. Жөндеуге бөлінетін ақша қалай жұмсалатынын айтсақ, онда мұндай бағдарламалар екінші дейгейдегі банктерде бар. Ол былай болады: сіз құрылыс материалдарын аласыз немесе үйді жөндеу жұмыстарына шарт жасайсыз. Міне осы кездегі құжаттар ақша қажеттігін растай алады және ақша бөлуге болады. Осындай механизм қолданылады. Оларды да растау керек. Бірыңғай оператор Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі болады", - деді Виктория Шегай.

Ақша қолма-қол берілмейді

"Қаржының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ететін бірыңғай операторлар болады. Яғни ақшаны қолына алғысы келетіндер салымшылар бола ма - жоқ, болмайды. Тұрғын үй жағдайын жақсарту бөлігі бойынша бірыңғай оператор "Отбасы банкі", бұл қазіргі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Сол арқылы қаржының мақсатты бағытына жұмсалатын болады", - деді Еңбек министрлігінің өкілі. 

Егер шот бұғатталса, ипотеканы төлеу үшін ақшаны қалай алуға болады?

Ақшаны жеке сот орындаушылар алып қоймай ма?

"Жақсы сұрақ. Меніңше бұл сұрақты нормативтік-құқықтық актілер негізінде реттеу керек. Яғни қазіргі әзірленіп жатқан заңнама деңгейінде қаралады. Сот шешіміне сәйкес дайындалған құжат негізінде ақшаны сол алуға болмайды дегендей... Бұл сұрақ қарастырылады деген ойдамын", - деді ол.

Еске салайық, 1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды және бала таба алмай жүрген отбасыларға қалай көмек көрсетілетінін айтты

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети