1. Главная
  2. Узнай
  3. Обещания
  4. Культура

"Бүкіл қоғам алданып жүреді" - Арыстанбек Мұхамедиұлы фонограмма туралы 26 апреля 2021, 12:50

Арыстанбек Мұхамедиұлы фонограммаға қатысты ойын айтты. Экс-министрдің сөзінше, Қазақстанда фонограмманы түбегейлі тоқтату керек. Бұл туралы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Арыстанбек Мұхамедиұлы. © Тұрар Қазанғапов Арыстанбек Мұхамедиұлы. © Тұрар Қазанғапов

Арыстанбек Мұхамедиұлы фонограммаға қатысты ойын айтты. Экс-министрдің сөзінше, Қазақстанда фонограмманы түбегейлі тоқтату керек. Бұл туралы ол "Қасқа жол" YouTube-арнасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Менің білуімше, сіз фонограммаға қатысты заң жобасын қолға алдыңыз да, аяқсыз қалды ма? Қалай болды?" - деп сұрады журналист. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі лауазымында болғанында фонограммаға қатысты заңның қарастырылуына ұйытқы болғанын айтады. 

"Оны Мәжіліске жібердік, оның алдында бір жылдай құзырлы органдармен жұмыс жасадық қой. Фонограмманы тоқтатуымыз керек. Түбегейлі тоқтату керек. "Плюс" телевизияға ғана керек. Әрине, үлкен сахнаға шыққанда фонограмма болмауы керек. Фонограмма тек эстрадаға қатысты емес, ол бүкіл өнерге қатысты болуы керек. Өнерде тазалық керек. Сонда ол өнердің келешегі болады. Фонограмма - бір-бірімізді алдау ғой. 

Ол адамның әдетінде қалады. Бір рет фонограммамен, екінші рет жалған ақпарат беріп алдайды. Сөйтіп бүкіл қоғам алданып жүреді. Ал фонограмманы тоқтату - ол алдауға арналған дүние. Ондай болмауы үшін біз нағыз сол салада қызмет етіп жүрген адамдардың құқығын қорғауымыз керек. Фонограмма тек эстрада жанры емес, бүкіл қоғамның өзгеруіне септігін тигізері сөзсіз. Заң бекітілді, енді оны іске асыру керек", - дейді ол.

Еске салайық, былтыр 22 қазанда Сенат әртістердің сахнадағы жүріс-тұрысын, фонограмма қолдануын реттейтін заң жобасын қабылдаған болатын. 

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы қаралды. Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова заң жобасы қандай мәселелерді реттейтінін түсіндірген.

"Болмайтын тірлік". Әншілер фонограмманы алдын ала ескертуге қатысты пікір білдірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!