Кеше, 9 қарашада Германияның Майнц қаласындағы BioNTech биоинженерлік компаниясы коронавирусқа қарсы вакцина үшінші фазадан сәтті өткенін хабарлады. Вакцина тәжірибеге қатысқандардың негізінде 90 пайыз тиімді екені анықталған. COVID-19-ға қарсы жаңа вакцина туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Кеше, 9 қарашада Германияның Майнц қаласындағы BioNTech биоинженерлік компаниясы коронавирусқа қарсы вакцина үшінші фазадан сәтті өткенін хабарлады. Вакцина тәжірибеге қатысқандардың негізінде 90 пайыз тиімді екені анықталған. COVID-19-ға қарсы жаңа вакцина туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Вакцина туралы не белгілі?
Вакцинаның 90 пайыз тиімділігі туралы шешім 8 қарашада тәуелсіз деректер мониторингі комитеті жүргізген алғашқы аралық талдауына негізделіп жасалған. Компаниялар келесі аптада азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасына (FDA) өтініш беруді жоспарлап отыр. Вакцинаға BNT162b2 атауы берілген.
"Бүгін ғылым мен адамзат үшін тарихи күн. Коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші фазасының нәтижесі біздің вакцинаның COVID-19-дан қорғауға қабілетті екенін көрсетті", - делінген компания басшысы Альберт Бурланың баспасөз релизінде.
BNT162b2 вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің үшінші фазасы 27 шілдеде басталған. Тәжірибеге жалпы 43 538 адам қатысқан. Pfizer және BioNTech компаниялары коронавирусқа қарсы өздері әзірлеген вакцинаның әр дозасын 19,5 (8 400 теңге) долларға бағалаған. Ал Дональд Трамп екі компанияға жыл соңына дейін вакцинаның 100 миллион дозасын жасап шығару үшін 1,95 миллиард долларға грант бөлген. Сондай-ақ DW мәліметінше, компания өкілдері Ұлыбританияға вакцинаның 30 миллион дозасын жеткізетіні туралы келіссөз жүргізген.
"Белгісіз ауру пайда болды". Коронавирусқа қарсы вакцина туралы тың жаңалықтар
Вакцинаны кей елдерге жеткізу қиынға соғуы мүмкін. Себебі BNT162b2 вакцинасы минус 70 градуста сақталуы керек екен. Бұл туралы Кембридж университетінің профессоры Гордон Дуган хабарлады. Профессордың сөзінше, вакцинаны көп түрі "плюс төрт немесе одан төмен градуста" сақталуы керек.
"Осылайша вакцина қалай жеткізілетінін есептей беріңіз. Вакцина жеткізілгеннен кейін терапевт оны бөлме немесе бөлме температурасына сай уақытта қанша уақыт сақтай алатынына байланысты", - дейді профессор.
Қазақстан вакцинаны сатып ала ма?
Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарын Қазақстан сатып ала ма, әлде жоқ па әзірше белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені шұғыл түрде қарастыратынын хабарлады.
"Білесіз бе, бұл ақпарат кеше ғана шықты. Біз де БАҚ-тан білдік. Бұл мәселе кешенді түрде қарастырылады, отандық, ресейлік және басқа да вакциналар бар дегендей. Бұл вакцина тіркелгеннен кейін біз Pfizer компаниясымен және оның құрылтайшысымен бірігіп жұмыс істейміз", - деді ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.
Әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы қандай?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!