Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 апреля 2021 22:44

"18 адамды өлтіргендей іздеді". Қайрат Түнтеков тоғыз жыл бұрынғы жол апатының мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/tuntekov_k Фото: instagram.com/tuntekov_k

Әнші Қайрат Түнтеков осыдан тоғыз жыл бұрын, 2012 жылы болған жол апатының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әнші Қайрат Түнтеков осыдан тоғыз жыл бұрын, 2012 жылы болған жол апатының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әнші Аман Тасығанның Talk Like бағдарламасында сөз қозғады. Түнтековтің сөзінше, ол жол апаты болғаннан кейін 40 күндей қамауда отырған. 

"Қазір соны күліп есіме аламын. 40 күн отырдым. Бірақ көтеріп, шулатып жіберді ғой. (...) Ол кезде бір шу көтергілері келді ме... Негізінен жол апатын жасаған кезде жоғары жақтан қысым болды ғой. Себебі бәлеқорлық жаман болып кетті. Айта алмаймын енді... 

Сол кезде тапаншаны тақап тұрып "жаз да жаз" деп жаздырып жіберді (қолхат-еск.). "60 мың доллар бересің" деп. Сол кезде қолхат жазып бердім. Кейіннен бір министр осы істі қолға алғанын білдім. Апатқа ұшыраған қыз солардың таныстары ма... Жағдайы жақсы негізі. Ештеңе болған жоқ. Қаншама кешірім сұрап та бардым. Сол кезде полиция қызметкерлері келмей жатып қолхат жаздырып алды", - дейді Түнтеков. 

Әншінің айтуынша, ол қолхатты жазғаннан кейін біраз қашып жүрген. 

"Мені 18 адамды өлтіріп қойған сияқты іздеді ғой. Таңғалдым. "Хайп" болды ғой кәдімгідей. Негізі өз тіршілігіммен жүрдім. Бірақ бір күні футболдан шыққанымда таныс бір кісі хабарласып, "Қайратжан, қалайсың? Мына жаққа келші" деді. Сол мені "ұстап" берді. Шыққан едім, қолыма кісен салып алып кетті. Ертесіне телеарналарды шақырып қойған, сотқа бардым", - дейді әнші. 

Түнтековтің айтуынша, 40 тәулік қамауда отырған кезінде оған ешкімді кіргізбеген. 

"Ешкімді жолатпаған. Неге олай істегендеріне таңғаламын", - дейді ол. 

Әнші жол апатына ұшыраған қыздың қарызын толық өтегенін айтады.

Еске салайық, 2012 жылы 28 желтоқсанда Қайрат Түнтеков жол апатына ұшыраған болатын. Әнші тізгіндеген Toyota Camry 40 көлігі Toyota Land Cruiser 100 автокөлігімен соқтығысқан еді. Алматының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Түнтеков 40 тәулікке қамалған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети