"2,5 миллионы күмәнді". Instagram-парақшасында жалған фолловер жиналған жұлдыздар рейтингі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"2,5 миллионы күмәнді". Instagram-парақшасында жалған фолловер жиналған жұлдыздар рейтингі жасалды © Reuters

Instagram желісіндегі парақшасына жалған фалловерлер жинаған қазақстандық жұлдыздар рейтингі жарияланды. Мұндай рейтингіні 3nukte парақшасы жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Instagram желісіндегі парақшасына жалған фалловерлер жинаған қазақстандық жұлдыздар рейтингі жарияланды. Мұндай рейтингіні 3nukte парақшасы жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Instagram-парақша бұл рейтингіні қандай бағдарламамен жасағаны белгісіз. Рейтингіде жұлдыздардың фалловерлері үшке бөлінген: шынайы, күмәнді және массфолловинг. Соңғысы бот арқылы жазылушылар санын көбейту дегенді білдіреді. 

Бұл парақшаның рейтингінде әнші Қайрат Нұртас көш бастап тұр. Оның Instagram-парақшасына 5 миллион адам жазылған. 

"5 миллион оқырманның 2,5 миллионы - сапалы аудитория. Шынайы оқырмандар - 45,34 пайыз, күмәнді - 36,67 пайыз, массфолловинг - 14 пайыз", - деп жазылған парақшада. 

Ал екінші орында Ерке Есмахан тұр. Әншінің Instagram-парақшасын 5,3 миллион адам бақылап отырады екен. Сол фалловерлердің 2 миллионы - сапалы аудитория. Шынайы оқырмандар - 51,71 пайыз, күмәнді - 29,16 пайыз, массфолловинг - 15,34 пайыз.

Instagram желісінде тағы бір белсенді жұлдыз Баян Мақсатқызы 3nukte_ парақшасының рейтингінде үшінші орында тұр. Продюссерге 4,2 миллион адам жазылған. Мақсатқызының шынайы оқырмандары - 33,15 пайыз екен, ал күмәнді аккаунттар - 43,05 пайыз, массфолловинг - 18,86 пайыз.

Әнші, актриса Аша Матай да жалған фалловері көп жұлдыздар рейтингіне енген. Ол төртінші орында. Аша Матайдың Instagram-парақшасында 4,1 миллион фалловер бар. Рейтингіге сүйенсек, оның ішінде шынайы оқырмандар - 41,37 пайыз, күмәндісі - 36,97 пайыз, массфолловинг - 17,47 пайыз екен.

Ал бесінші орында "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев тұр. Танымал әншінің Instagram-парақшасына 3,5 миллион адам тіркелген. 

"Шынайы оқырмандар - 31,24 пайыз, күмәнді - 55,83 пайыз, массфолловинг - 9,07 пайыз", - деп жазылған 3nukte_ парақшасының рейтингінде. 

Рейтингіге енген жұлдыздар бұл туралы пікір білдірмеген. Тек Сәкен Майғазиев "Қызық екен" деп қана ой қосқан. 

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 471.26   548.16   6.65 

 

Погода

Алматы
А
Алматы +17
Астана +4
Актау +18
Актобе +10
Атырау +23
Б
Балхаш +10
Ж
Жезказган +4
К
Караганда +3
Кокшетау +7
Костанай +20
Кызылорда +4
П
Павлодар +3
Петропавловск +4
С
Семей +15
Т
Талдыкорган +18
Тараз +18
Туркестан +16
У
Уральск +7
Усть-Каменогорск +19
Ш
Шымкент +12

 

Редакция Реклама
Социальные сети