Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 марта 2021 13:52

Азамат Мұсағалиев алғашқы пәтерін қандай қулықпен сатып алғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал комик әрі шоумен Азамат Мұсағалиев GQ-ға берген сұхбатында алғашқы табысы қанша болғанын және ең алғашқы пәтерін қалай сатып алғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Танымал комик әрі шоумен Азамат Мұсағалиев GQ-ға берген сұхбатында алғашқы табысы қанша болғанын және ең алғашқы пәтерін қалай сатып алғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұсағалиевтің сөзінше, оның ең алғаш тапқан ақшасы - 1715 рубль. Оны әзілкеш түсті металл өткізіп тапқан. Алайда сол кезде тапқан табысын ата-анасына берген. Ал шынайы сезінген ең алғашқы табысы Қоғалым қаласында тапқан. 

"Менің досым Қоғалымдағы қонақүйде жұмыс істеген. Ол арт директор болып жұмыс істейтін және жыл сайын шаралар ұйымдастыратын. Ол маған "Жаңа жылға жүргізуші керек" деді. Сөйтіп Қағалымға 10 күнге келдім. 20 желтоқсаннан бастап күн сайын Жаңа жыл жүргіздім. Ол тек мені емес, басқа да музыкалық топ, сиқыршылар, акробаттарды шақырған. Бәріміз бір бөлмеде жиналдық. 

(...) Сіздерге маған берілген сома қызық қой? Маған неге екені күн сайын 11 мың берілетін. 10 күнге 110 мың рубль берілді. Ол ақшаға мен жуанатын бөлмемізге кафель сатып алдым", - дейді әзілкеш. 

Азамат Мұсағалиевтің сөзінше, ол 2008 жылы үйленген. 

"Аяқ астынан газеттен жас отбасыларға пәтер берілетіні туралы оқып қалдым. Ол жерде шарты көп болатын, бірақ бұл мен үшін бір белгі секілді болды. Ал мен ол кезде әйеліммен және ата-анамның үйінде тұратынмын. Қалай да сол пәтерге қол жеткізу керек деп ойладым. Олар маған "Сізге пәтер берілуі үшін сіздердің жағдайларыңыз нашар болуы керек" деді. Ол кезде балам өмірге келген. Ата-анамның үйінде жағдайы төмен адамға саналмайтынымды түсіндім. Әр адамға шамамен 30 шаршы метр болатын. Ал енем кішкентай пәтерде тіркеуде тұратын.

Сөйтіп, мен өз ата-анамның үйінен шығып, енемнің пәтеріне тіркелдім. Бірақ олар мені бірден түсініп, "Неге олай істедіңіз?" деп сұрады. Мен оларға "Мен өз анаммен сыйыса алмадым" дедім. Олар менен "Қалайша?" деп сұрады. Мен оларға "Сіздерге үйде не болып жатқанның бәрін айта алмаймын. Сондықтан мен көшіп кеттім" дедім. Олар "Жарайды. Онда біз сіз тіркелген үйге комиссия жібереміз. Олар АКТ толтырады" деді. Олар маған АКТ толтырды, бәрі заңды түрде болды. Сол құжатпен пәтерді алуға бардым. Ол шағын пәтер болатын, шамамен 1.2 миллион", - деді Азамат.   

Еске салайық, Азамат Мұсағалиев "Бірінші арнадағы" КВН ойындарында "Сборная Камызякского края" командасының атынан шығып, танымал болған еді. Мыңдаған әзілсүйер қауым оның ұтымды әрі қызық әзілдеріне тәнті болды. Мұсағалиев - этникалық қазақ, актер, әзілкеш әрі тележүргізуші. "Однажды в России" шоуының қатысушысы, ТНТ телеарнасындағы "Где логика?" шоуының жүргізушісі, "Интерны" сериалында түскен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети