Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 мая 2019 13:15

Басшылық қызметте жүрген шоу-бизнес өкілдері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 21 мамыр - Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі өнер саласынан бөлек, басқарушылық лауазымдарды бірге алып жүрген отандық шоу-бизнес өкілдері жайлы материал ұсынады. 


Бүгін, 21 мамыр - Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі өнер саласынан бөлек, басқарушылық лауазымдарды бірге алып жүрген отандық шоу-бизнес өкілдері жайлы материал ұсынады. 

Мөлдір Әуелбекова

Биыл сәуірде эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" мемлекеттік концерт ұйымында шығармашылық қызметтің жетекшісі лауазымына тағайындалды. 

Мөлдір Есіркепқызы Әуелбекова 1986 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Жеке әнші, тележүргізуші, актриса. 2012 жылдың қаңтарынан бастап Мөлдір жеке шығармашылықпен айналыса бастады. Бірнеше ән жаздырды: "Туған жер", "Күтемін", "Жаным-жаным", "Джан-джан немесе Кел биле", "Бір сен үшін", "Толғау", "Өсиет" және тағы басқа әндер. 


© instagram.com/moldir.auyelbekova

Азамат Сатыбалды

Былтыр желтоқсанда белгілі актер Азамат Сатыбалдының Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы қызметіне тағайындалғаны белгілі болды.

Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. Еңбек жолын 2001 жылы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынан бастаған. 20-дан аса фильмде ойнаған.  


© instagram.com/azamatc

Алтынай Жорабаева

Өткен жылы желтоқсанда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алтынай Жорабаева "Нұр Отан" партиясында жауапты қызметке тағайындалған болатын. Ол партия қатарына 2017 жылы қабылданған еді. 

"Бүгін мен үшін ерекше күн болды. “Нұр Отан” партиясы Астана қалалық филиалының ХХVII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Саяси кеңес құрамының мәдениет саласынан бекітілдім. Алдын ала құттықтауларыңызға рахмет", - деп жазған еді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алтынай Жорабаева Оңтүстік Қазакстан облысындағы Төле би ауданының Бейнеткеш ауылында 1978 жылы дүниеге келген. Ол алғаш тыңдарман қауымға Шәмші Қалдаяқовтың "Өмір-өзен" атты әнімен танылды. Ал оның "Арманыма ғашықпын" атты алғашқы альбомы 2002 жылы жарыққа шықты. 


© instagram.com/altynaizhorabayeva

Cәкен Майғазиев

Былтыр желтоқсанда МузАРТ тобының солисі Сәкен Майғазиевтің Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының проректоры болып тағайындалғаны хабарланды. Оқу орнының ректоры Асхат Маемиров Сәкен Майғазиевтің қызметінде биіктен көрініп,  ғылыми-шығармашылық салада сан асуларды бағындыратынына сенім білдірген болатын.

Әнші 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. 

1993 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжіне түсіп, "соқпалы аспаптар және эстрада әншісі" бөлімі бойынша білім алған. 2001 жылдан бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды.


© instagram.com/saken_maigaziyev

Асылхан Төлепов

2016 жылы актер Асылхан Төлепов Алматы мәслихатының депутаты болып сайланды. Төлепов 73,8 пайыз даусын жинаған болатын.  

Актер 2012 жылы режиссер Ақан Сатаевтың "Жау жүрек мың бала" фильміндегі Сартай рөлінен кейін танымал бола бастаған еді. Сонымен қатар, "Балалық шағымның аспаны", "Сұңқар" сериалдарында, "Рэкетир-2" фильміне де түскен жас актерлердің бірі.


© Жеке мұрағатынан

Cаят Медеуов

2017 жылдың сәуірінде танымал әнші Саят Медеуов Алматы облысы Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланды.

"Сайлау негізінен 26 наурызда  өтті. Сол кезде Саят Медеуов жаңа қызметке тағайындалып, осы уақытқа дейін ауданымызда болған түрлі ресми іс-шараларға қатысып жүрді", - деген еді Алматы облысы Қарасай ауданы Мәслихат аппаратының басшысы Қордай Орынбайұлы.

Саят Медеуов 1973 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері. "Көк шолақ", "Сен көріктісің", "Алтыным", Кенен Әзірбаевтің "Бозторғай", "Қайран жастық", Халық әндері "Самал тау", Ө.Байділдаевтың "Туған жер", Е.Сыпаналиевтың "Мен сені қалай сүйгенмін" және "Саған арнадым", "Өзіңді аңсап", "Ауылым", "Әке", Қ.Бисенбаевтың "Қызға тілек" және тағы басқа көптеген әні бар.


© instagram.com/sayatm077

Досымжан Таңатаров

Мемлекеттік Күзет қызметі Президент оркестрінің әншісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров кезекті майор әскери шені атағын алды. 

Эстрада әншісі мектепті бітірген соң Жамбыл облыстық технологиялық иниститутын бітірген. Мамандығы - инженер-технолог. Өнер жолын 1997 жылы композитор Бағлан Омаровтың студиясында ән жаздырудан бастаған. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті оркесторіның жеке солисі, жетекші әншісі.


Әлеуметтік желіден алынған сурет

Оқи отырыңыз:

Металлург, қаржыгер, әскери - қазақстандық жұлдыздар қандай мамандық таңдаған?

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети