Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 июля 2018 18:04

Биыл оқу бітірген отандық жұлдыздар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл отандық жұлдыздардың бір сыпырасы ЖОО-дағы оқуын аяқтап, диплом алып жатыр. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі оқу орнын биыл тәмамдаған танымал қазақстандықтарды жинап көрді. 


Биыл отандық жұлдыздардың бір сыпырасы ЖОО-дағы оқуын аяқтап, диплом алып жатыр. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі оқу орнын биыл тәмамдаған танымал қазақстандықтарды жинап көрді. 

Жұлдыз Өмірғали

"КешYOU" тобының экс-солисі Жұлдыз Өмірғали күні кеше ғана Алматыдағы Қазақ қатынас жолдары университетінің бакалаврын "экономист" мамандығы бойынша тәмамдап, сүйінші сұраған еді.

"Неужели, Детилер не будьте такой косячницей как я, учитесь прилежно. А то, журесиндер мен сиякты. Дорогие родственники я к вам еду или скину вам номер карты на Whatsapp. Магистратурага тапсырып койдым, енді ақшасын шығару керек", - деп жазды Жұлдыз Өмірғали Instagram желісінде.


© instagram.com/zhuldyzomirgali_official

Димаш Құдайберген

Ал Димаш Құдайберген Қазақ Ұлттық Өнер университетін тәмамдады. 

"Ахмет Жұбанов атындағы колледжді "Опера әншісі" мамандығы бойынша тәмамдаған болатынмын. Бүгін, Қазақ Ұлттық Өнер университетін "Эстрада вокалы" мамандығы бойынша бітіріп шықтым", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.


© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Сабина Алтынбекова

Қытайда өткен волейбол турнирінде танымал болған қазақстандық спортшы биыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін Биология және биотехнология факультетінде "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша тәмамдап шықты. Енді ол тағы бір жоғары білім алғысы келетінін айтып отыр.

"Второе высшее, жди", - деп жазды ол таяуда ғана Instagram желісіндегі парақшасында.


© instagram.com/altynbekova_20

Біржан Хасанғалиев

Биыл білім дәрежесін алып, дипломын қолға ұстаған жұлдыздардың ішінде елімізге танымал халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев те бар. Біржан магистр мамандығын алды. Ол Алматыдағы "Экономика және статистика" академиясын үздік дипломмен аяқтаған.

 Мейрамбек Бесбаев

Биыл еліміздің танымал әншісі Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік ғылымдар магистрі атанды. "МузАРТ" тобының әншісі Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасында оқыған. Бесбаевпен "МузАрт" тобының директоры Ерлан Жүнісбай бірге оқыған екен.


© instagram.com/saken_maigaziyev

Ал әнші жұп Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдады. 


© instagram.com/zhanbolatzhaziraa

Оқи отырыңыз: 

Мейрамбек Бесбаев магистратурада сабаққа келмеді деп айыптаған профессорға жауап берді

Металлург, қаржыгер, әскери - қазақстандық жұлдыздар қандай мамандық таңдаған?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети