Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 февраля 2020 08:36

"Қазір қыз алып барам, қақпаны ашып қой". Жарын алып қашқан жұлдыздар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Түркістан облысы қыз алып қашудан көш бастап тұр. Былтырдың өзінде Қазақстанда 200-дей қыз ұрланған екен. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері айтты. Салт-дәстүр болғандықтан ба, алып қашуды жөн көрген отандық жұлдыздар да аз емес екен. Tengrinews.kz тілшісі болашақ жарын алып қашқан қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін жинап шықты.


Түркістан облысы қыз алып қашудан көш бастап тұр. Былтырдың өзінде Қазақстанда 200-дей қыз ұрланған екен. Бұл туралы Бас прокуратура өкілдері айтты. Салт-дәстүр болғандықтан ба, алып қашуды жөн көрген отандық жұлдыздар да аз емес екен. Tengrinews.kz тілшісі болашақ жарын алып қашқан қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін жинап шықты.

"Үшінші кездесуде келісім бойынша алып қаштым"

"Жігіттер" квартетінің солисі Айдар Тұрғамбектің айтуынша, оны болашақ әйелімен туған қарындасы таныстырған. Алайда әнші жарын көрсетуді жөн көрмейді екен. Әлеуметтік желілерде де сүйіктісінің суретін жарияламайды.

“Бізді туған қарындасым таныстырды. Мен өзім оңтүстіктің адамы болғандықтан, қазақы менталитет сақталған, әсіресе Сарыағаш, Жетісайдан іздедім. Өйткені ол жақта күйеуге бағынатын әйелдер көбірек. Соны іздеп, құдайдан көп сұрадым. Құдай нәсіп қылған шығар маған, қарындасым осы қызбен таныстырған кезде иманжүзді болды. Менің көңіліме бірден жақты, екеуміз бес-бес минуттан үш ақ рет кездестік, бір айдың ішінде үйлендік. Мен өзімнің бойымдағы кемшіліктерімді айттым, негізі үйленетін адам міндетті түрде өз кемшіліктерін айтуы керек. Мысалы, ашуланшақпын дегендей немесе бойыңдағы ауруларың болса айтылуы керек, себебі ол қызға қиянат болады.

Мен оған өз отбасым жайлы айттым, оның отбасы туралы білдім. Ең бастысы иманжүзді болды, одан кейін өзіміздің Оңтүстіктен Жетісайдан болды. Содан екеуміз екі-үш кездесіп, үшіншісінде келісім бойынша алып қашып кеттім”, - деді ол.


Айдар Тұрғамбек.

Әнші Шымкентке тойға барып, кешке ұшақпен болашақ жарын алып қашқан. Сондай-ақ, ол әйеліне өзіндік шарттар қойған.

“Мен ең басты қателігім - бұған дейін отбасылы болғанымды айттым. Егер осыған көнсең, менің жарым болсаң дедім. Одан кейін көп гастрольге шығамын, менің ата-анамның разылығын алуың керек дедім. Әйел адам еркекке қарсы шықпауы керек, мен ашуланғанда сен қоя сал дегенді де ескерттім", - дейді Айдар Тұрғамбек.

"Ол заманда алып қашу дәстүрі сәнде болды"

Жанболат пен Жазира Алматы қаласында эстрада-цирк колледжінде оқып жүріп танысқан. Ол кезде әнші небәрі 16 жаста болған. Екі жылдан кейін алып қашқан күйеуі ешуақытта "қызым бол, біз жүрейік" деп сөз салмаған. Тек сабақтан шығып кетіп бара жатқанда үнемі қатар жүріп қалатын жағдайлар жиі кездескен екен. Бастапқыда бұл сәйкестік болар деп көп мән бермеген.

Жанболат Жазираға жатақханаға екі аялдама қалғанда автобустан түсіп, жаяу жүруді ұсынатын болған екен.


Жанболат пен Жазира.

"Кешке "Сен кішкентай қызсың ғой. Далаға серуендеп келгің келмей ме? Саған көп нәрсе үйрету керек" деп Жанболат маған ағалық қамқорлығын көрсетіп жүрді. Осылайша екеуміз бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Ешуақытта "жігітің болайын" деп айтқан емес. Бауыр бастық, дос болдық, достығымыз шынайы махаббатқа ұласты", - деді Жазира Байырбекова.

Көп ұзамай Жанболат Ербатыров сүйіктісін өз туыстарына ескертпей алып қашады. Дәлірек айтсақ, Жазирамен келісіп, екеуі бірге қашып барады. Қос ғашық ол заманда алып қашу дәстүрінің сәнде болғанын, ешкімнің де ұзату тойын жасамағанын айтады.

"Бастапқыда телефонмен сөз салдым"

"Жігіттер" тобының экс-мүшесі, әнші Еркін Нұржанов та сүйіктісін алып қашқан екен.

Әйелімен 14 жас айырмашылығы бар жұбайлардың махаббат хикаясы ерекше. Өйткені әнші тұрмысқа шығу туралы ұсынысты телефонмен жасап қана қоймай, кәмелет жасына толмаған сүйіктісін ата-анасының рұқсатынсыз алып қашқан екен.


Еркін Нұржанов әйелімен және Ернар Айдармен.

Әнші Динара есімді келіншегін 7-8-сынып оқып жүрген кезінен бастап таниды. Өзінің айтуынша, Динара 7-8 жылдан бері жақсы араласып келе жатқан ағасының қызы. Бірден жүрегі жыли қоймаған келіншегіне әлгі ағасының үйіне барып жүрген кезде көзі түскен екен. Ал ұсынысты қалай жасағаны туралы "Той жыры" бағдарламасына берген сұхбатында айтып берген еді.

“Ұсынысты Ақтөбе қаласында гастроль сапарында жүрген кезде телефонмен жасадым. Хабарласып "Сен шынымен сенімдісің бе?" деп сұрадым. Бұл кісі "Иә, сенімдімін" деп жауап қайырды. "Онда осы күні Алматыға барып қонамын, айғырым дайын тұр, отырамыз да Шымкентке тартамыз" деп әттең-ай деген ағайын-туыстың сөзі мойнында қалсын деп нар-тәуекелге бел буып, қызды алып қаштым", - деген еді әнші сұхбатында.

"Қазір қыз алып барам, қақпаны ашып қой" дедім"

Белгілі әнші Асхат Тарғын да сұхбаттарының бірінде өзінен 13 жас кіші жұбайын қалай алып қашқанын әңгімелеп берді.

Өнер иесінің сөзінше, ол жұбайымен туысқанының тойында танысып, бір-екі рет хат жазысқан. Алайда бойжеткеннің тым жас екенін ойлаған ол аруға бір жылға жуық хабарласпапты.

"Туысқандарымның тойында Әлиямен таныстық. Шыны керек, кішкентай көрдім. Сол тойда нөмірін алып, бір-екі рет жазып, кейін бір жылдай сөйлеспедік. Бір жылдан кейін барып бірінші қадамды өзім жасадым. 4-5 айдай кездесіп жүргеннен кейін үйленейік дедім. Ол "Қыс бітсін, кішкене жұмыс істейін. 4-5 ай сөйлесіп бұлай шешім қабылдамайық" деді. Сосын "жарайды" дедім", - деп сол күнді есіне алды Асхат Тарғын.

Осылайша, әнші 30-дан асқан шағында өзінен бірнеше жас кіші келіншегін әпкесінің үйіне алып қашып, елді таңғалдырған еді.

Асхат Тарғын әйелі Әлиямен.

"Желтоқсанның екісі алып қаштым. Бірақ ол білген жоқ. Түнде шықты, шай іштік, сосын түнгі 12-де үйге қайту керек болды. Осы жақта інілерім бар, солардың бәрін шақырып, шай іштік. Сосын WhatsApp-қа "Әлияны бүгін алып қашу керек" деп жаздым. Сөйтіп өз әпкесінің қайын атасына хабарласып, "Аға қазір қыз алып барам, қақпаны ашып қой" дедім.

Өзі алдында "Қақпа ашық тұр, келіңдер, қызымды алып қашсаң да, үйге кел. Осы үйден балалардың бәрі үйленіп жатыр" деп айтқан. Сөйтіп, үйге кіргеннен кейін "Біз жаз келсін, көктем келсін деп келістік қой" деді. Ол желтоқсан еді. Көктемге де үш ай қалды. Үш айдың арысы не, берісі не. Сөйтіп қыз көнді деген хабар келді", - дейді Асхат Тарғын.

"14 кездесуден кейін алып қаштым"

"Жайдарман" арқылы көпшілікке таныс әзілкеш, бүгінде танымал вайнер Елдос Кәдірханов жарымен қалай танысқанын айтты. 

Елдос қазіргі уақытта асаба болып жұмыс істеп жүр екен. Оған қоса, түрлі вайн түсіріп, көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Тіпті, анасы, әйелі үшеуі бірге отбасылық қызық видеолар түсіруді әдетке айналдырған. 

Елдос жары Таңшолпан Шотаевамен той әлемінде танысқанын айтады. Нақтырақ айтсақ, алдымен Таңшолпанның өзі Елдосты іздеп тапқан. 

"Маған Таңшолпан той туралы хабарласып, желі арқылы қанша ақы сұрайтынымды сұрады. Ол әпкесінің өтінішімен мені іздеп, той басқаруға ұсыныс айтты. Желіден суреттерін көріп көзім түсті. Кейін нөмірін сұрап сөйлесе бастадық", - дейді әзілкеш. 

Елдос Кәдірханов әйелімен.

Бас-аяғы бір айдың ішінде екі жас неке қиған. 14 кездесуден кейін Елдос үйлену туралы ниетін бірден айтып, 24-і күні алып қашам деп келіскен.

"Менен қыз-жігіт болып жүрейік деп те, тұрмысқа шығасың ба деп те сұраған жоқ, - дейді Таңшолпан. 

Оқи отырыңыз:

"Үш мәрте ұсынысын да қайтарып тастаған". Жұлдызды жұптар қалай танысқан?

"Үйде көкем деп атаймын". Қазақстандық танымал жұптардың махаббат хикаясы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.35   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети