Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 февраля 2020 09:29

"Қазіргімен салыстырғанда жер мен көктей". Отандық жұлдыздардың Instagram-дағы алғашқы жазбалары

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Статистика бойынша, 2013 жылы Instagram желісін айына 90 миллион адам қолданса, бүгінде бұл көрсеткіш бір миллиардқа жеткен. Отандық жұлдыздар Instagram желісіне 2012 жылдан тіркеле бастаған. Бір қызығы, бүгінде миллиондаған оқырманы бар жұлдыздардың парақшасы алғашында aca белсенді болмаған. Tengrinews.kz тілшісі танымал адамдардың ең алғашқы жазбаларына шолу жасады. 


Статистика бойынша, 2013 жылы Instagram желісін айына 90 миллион адам қолданса, бүгінде бұл көрсеткіш бір миллиардқа жеткен. Отандық жұлдыздар Instagram желісіне 2012 жылдан тіркеле бастаған. Бір қызығы, бүгінде миллиондаған оқырманы бар жұлдыздардың парақшасы алғашында aca белсенді болмаған. Tengrinews.kz тілшісі танымал адамдардың ең алғашқы жазбаларына шолу жасады. 

Димаш Құдайберген

Бұл - бүгінде аты әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеннің Instagram желісіндегі алғашқы жазбасы. Пост 2015 жылдың 1 мамырында салынған. 

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік "Дарын" сыйлығын алған сəтім! 2014 жыл", - деп жазған Димаш алғашқы жазбасында. 

Димаш Құдайбергеннің парақшасын қарай келе, алғашқы жазбаларының ішінен қызық суреттер таптық. Мәселен, жас әншінің мына суретін бұрын көрмеген боларсыз. 

Мейрамбек Бесбаев

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың алғашқы жазбасы 2013 жылдың 13 қарашасында салынған. Бірінші жазбасында әнші қызының суретін бөлісіп, екінші жазбасында композитор Арман Бексұлтанмен түскен суретін жариялаған.

"Ассалаумағалейкум, достар! Сурет сұрағандарға тап қазіргі сәт", - деп жазған әнші. 

Әнші өнер адамдарының ішінде алғашқылардың бірі болып тіркелген көрінеді. Оқырмандары Бесбаевқа сәттілік тілеген. 

Бала күннен көгершін ұстайтын Мейрамбек Бесбаев құстың барлық түрін жақсы көреді. 2013 жылы салған алғашқы жазбаларының бірі де көгершінмен түскен суреті екен. 

Мейрамбек Бесбаев Instagram желісіндегі парақшасында бүгінге дейін 2 633 жазба қалдырған екен. 

Баян Мақсатқызы 

Бұл продюсер Баян Мақсатқызының Instagram желісіндегі алғашқы суреті. Фото 2013 жылдың қарашасында жүктелген. Бір қызығы, продюсердің оқырмандары 3376 жазбаны соңына дейін қарап, бірінші фотоға дейін жеткен. 

Төреғали Төреәлі

Әнші алғашқы жазбаларында көбіне концерттерінің афишасын салып отырған. Төреғали де Instagram желісіне 2013 жылы тіркелген. 

Әншінің алғашқы жазбаларының бірі - актер Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген және басқа да достарымен түскен суреті. "Қайран күндер, Сайран күндер артта қалған", - дейді әнші жазбасында. 

Ерке Есмахан

Әнші Instagram желісіне қалған әріптестерінен ертерек, яғни, 2012 жылы 11 тамызда тіркелген. Алғашқы жазбасы "Іңкәр" тобының құрамында болған кезіндегі суреті. 

Еркенің де оқырмандары әншінің жазбаларын соңына дейін қараған көрінеді. "Ақыры соңына әрең жеттім ғой", "2020 жыл, 12 ақпан, сурет көп екен", - дейді әншінің оқырмандары. 

Айқын Төлепберген

Бұл әншінің желіге жүктеген алғашқы суреттерінің бірі. Айқын Instagram желісіне 2012 жылы тіркелген.

Бүгінде үш миллионға жуық оқырманы бар әншінің жазбаларына алғашында 300-ге жуық лайк басылып, 10 шақты пікір ғана жазылған. 

Динара Сұлтан

Динара Сұлтанның бұл суретінен 2010 жылдары жұқа қастың сәнде болғанын байқауға болады. Әнші желіге 2012 жылы тіркелген. Алғашында пікір жазған оқырмандарына жауап беріп те отырған. Айтпақшы, әншінің сол кездегі суреттерін көрген оқырмандары оны ресейлік әнші Сати Казановаға ұқсатқан екен. 

Луина

Луина лақапатымен белгілі Луиза Каринбаева Instagram желісіне 2014 жылы тіркелген. Бұл 2012 жылы "Жыл әншісі" атанған Луинаның желідегі бірінші суреттерінің бірі. Алғашында әнші көбіне фотосессиядағы және ашық образдағы суреттерін бөліскен екен. 

Мадина Сәдуақасова

Әнші Мадина Сәдуақасова желіге тіркелгенге дейін оның атынан жалған парақшалар көптеп ашылған көрінеді. Ең алғашқы жазбасында әнші оқырмандарына видеоүндеу жасап, енді тек сол парақшаның өзінікі екенін мәлімдеген. 

"Сәлем, сәлем, достар! Мен енді ғана инстаграмға қосылдым. Бұған дейінгі парақшалардың барлығы да жалған. Мен жоқта халқыммен бірге болған барша фейктеріме рахмет айтамын. Енді жаңалықтарымды осы @sadvakasovamadina парақшасында сіздермен бөлісемін. Қауышқаныма қуаныштымын", - дейді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Бұл әншінің осыдан бес жыл бұрынғы суреті. 

Тәуекел Мүсілім

"Қазіргімен салыстырғанда жер мен көктей". Бұл актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілімнің 2013 жылы салынған алғашқы суреттерінің біріне жазылған пікір. Өнер жолы сән әлемінен басталған актер кезекті кастингтің бірінен сурет жүктеген. 

"Димаш соңғы орында". Instagram-да фолловері ең көп қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің ондығы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети