08 января 2019 13:06

Мақпал Жүнісова концерт кезінде қымбат сақинасы мен сырғасын ұрлатқан

Мақпал Жүнісова. © instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Астанадағы концерттен кейін сақинасы мен сырғасын ұрлатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Астанадағы концерттен кейін сақинасы мен сырғасын ұрлатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші 20 желтоқсанда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен "Ән мен әнші" концертінде сахнаға тағып шыққан сырғасы мен сақинасы кейін бояну бөлмесіндегі сөмкесінен жоғалғанын айтады. 

Реклама
Реклама

"Барлық жамандық осы сырға мен сақинаны ұрлаған адаммен бірге кетсін, Астанада өткен "Ән менен Әнші" концертінен кейін көзден ғайып болды, жалпы ұрлық түбі қорлық екенін ұмытпаған абзал, әнші қыздардың бірі немесе сол қыздардың жанында жүрген бояндырып, киіндіріп жүргендерден деп жорамалдадым, өйткені киінетін жерге бәрі кіріп алып еді, одан кейін Қарақаттың (Әбілдинаны айтып отыр) үйіне дәмге шақырды, ол жерде мен кішірек сырғамен болдым, өте ыңғайсыз екен, бұдан кедей боп қалмаспын, дегенмен өте сақ болатын болдық", - дейді Мақпал Жүнісова.

Кейін пікірлердің біріне берген жауабында әнші бұл сырға мен сақинаның ақ алтыннан жасалғанын әрі үлкен лағыл тастары болғанын, сондықтан өте қымбат екенін жазған. 

"Осы киіп шыққан сырға мен сақинаны Астанада болғанда, сумкамнан біреу ұрлап кетіпті. Бір Аллаға тапсырдым!", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram