Мальдив аралдары, Мадагаскар және Майами. Жұлдыздар жаңажылдық демалысын қайда өткізіп жатыр?

09 Қаңтар, 13:33
20
Мальдив аралдары, Мадагаскар және Майами. Жұлдыздар жаңажылдық демалысын қайда өткізіп жатыр? - © Tengrinews.kz коллажы
© Tengrinews.kz коллажы

Жаңажылдық демалыста қазақстандық шоу-бизнес өкілдері шетелге кетіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі отандық жұлдыздардың демалыс өткізуге қай елдерді таңдағанын анықтап көрді.

Қазақстандық әнші Мадина Сәдуақасова Жаңа жылды отбасымен Малайзияда қарсы алыпты. Әншінің айтуынша, ол Жаңа жылды тұңғыш рет ешқашан қыс болмайтын ыстық елде қарсы алған.

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова да жаңажылдық демалысты Малайзияда өткізуді жөн көріпті. 

Сондай-ақ, продюсердің әлеуметтік желідегі парақшасындағы суреттерден отандық жұлдыздарды кездестіргенін байқауға болады. Мадина Сәдуақасованың айтуынша, олар Гүлзира Айдарбекованы қонақүйден шығып көлікке отырған кезде көріп қалған. "Демалыс эстафетасын Сiздерге тапсырдық. Ал бiз қайттык елге!" деп жазған еді Садуақасова.

Белгілі продюсер, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жаңажылдық демалысын Испания, Италия елдерінде өткізіп жатыр.

Еске салайық, былтыр тележүргізуші дәл осы кезде Сеул қаласында болған еді. Ол он жыл бұрынғы Корея мен қазіргі Кореяны салыстырған болатын: "Байы бай бола түскен, кедейі кедейлене түскен. Премиум классқа арналған азық-түлік дүкендерінде бұрынырақта #чебольдар мен шетелдіктер ғана еді. Қазір 90 пайызы корей халқы. Сауда тілі қытайлана түскен, #luxury брендттерде кезекте тұрғандар да солар. Орыс тілін сирек естисің. Түрлі агенттіктердің ТОР жұлдыздары күн санап емес, сағат санап жаңаруда", - деп жазған еді продюсер Instagram желісіндегі парақшасында.

Елімізге белгілі тағы бір продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Алагөзованың Instagram желісіндегі парақшасына қарағанда, ол Жаңа жыл қарсаңында Таиландқа барып қайтқан.

Айта кетейік, өткен жылы продюсер жаңажылдық демалысын Францияның Ницца және Испанияның Барселона қалаларында өткізген еді.

Әнші Қайрат Нұртас болса, отбасымен Мальдив аралдарында демалып жатыр екен.

Қазақстандық актриса Әсел Сағатова да Жаңа жылды шетелде өткізуді жөн көріпті. Актриса қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірген.

Жаңажылдық демалыс ретінде Майамиді таңдаған отандық актриса Әсел Сәдуақасова Америкаға саяхаттауды ұнататынын айтады. 

Ал әнші Мақпал Исабекованың Instagram желісіндегі парақшасына қарағанда, ол жаңажылдық демалысын Индонезияда өткізіп жатыр екен.

Продюсер әрі актер Нұртас Адамбайдың жаңажылдық демалысы Сейшель аралдарында өтіп жатыр. Әлеуметтік желідегі парақшасына қарағанда, ол онда отбасымен барған.

Айта кетейік, Сейшель аралдары - Мадагаскар аралының солтүстік-шығысында орналасқан шағын мемлекет. 

Оқи отырыңыз:

Қазақ жұлдыздарынан аумайтын "сыңарлары". Топ-15

"Шошып кеттім ғой". Отандық жұлдыздар зейнет жасында қандай болады?

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (20)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц