Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 мая 2019 18:57

"Оқырмандарың үшін не істемейсің". Instagram-да жазылушысы ең көп қазақстандықтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін әнші Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасына жазылғандардың саны қазақстандықтардың арасында бірінші болып 4 миллионнан асқанын айтып, оны 4 лимон шырынымен атап өтті.


Бүгін әнші Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасына жазылғандардың саны қазақстандықтардың арасында бірінші болып 4 миллионнан асқанын айтып, оны 4 лимон шырынымен атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қазақстанда ең алғаш инстаграм желісінен 4 миллион оқырман жинау Алланың қалауымен маған бұйырыпты! Қуаныштымын! Әрқайсысыңызға Аллаһ разы болсын????❤️! Құдай қаласа 5 млн болғанда 5 лимон жеймін десең ба????????????. @rixos_premium_belek @rixossungate @thelandoflegends #rixosmoments #rixoshotels #rixospremiumbelek #clubprivebyrixosbelek

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі бұл желіде танымал қазақстандықтардың не жариялап жүргенін, аудиториясы қандай екенін және парақшасының кейбір статистикасы жайлы мәлімет жинады.

Қайрат Нұртас - 4 000 932 жазылушысы бар

Әнші бұл желіде әдетте өнер адамдарымен түскен, жолда түскен суреттерін жүктейді. Жазбаларының жалпы саны - 1733. Әншінің постына орташа есеппен 37 958 лайк басылып, 478 пікір жазылады екен.

Ең көп лайк жинаған жазбасы - отбасын тұңғыш рет таныстырған посты. Бұл жазбасын ол 2018 жылдың 28 наурызында жариялаған. Онда қолданушылары 255 479 лайк басқан. 


Парақша тарихында әншінің жазбалары 65,781,048 лайк жинаған екен.

"Он жыл бойы отбасымды жасырып қарағаным,
Сол отбасымның тыныштығын қалағаным.
Он жыл бойы әйелімді жасырып келгенім,
Өз-өзіме сенгенім...
Көпшілікке көрсетпей,
Өзім ғана көргенім ....
Он жыл бойы бала-шағамды жасырғаным,
Олар менің қымбат қазынам, асылдарым...
Ал қазағым, қара орман, жасыл бағым,
Бәрі сіздер үшін, барымды жасырмай көрсетіп, бүгін ашылғаным... Бәрі Сіздер үшін!", - деп жазған бұл постында Қайрат Нұртас. 

Баян Мақсатқызы - 3 632 538 жазылушысы бар

Белгілі продюсер музыкалық жобалары, отбасы және өнердегі әріптестері жайлы, анда-санда қоғамды дүрліктірген оқиғаларға қатысты пікірін жазып тұрады. Жазбаларының жалпы саны - 3 241. Оның постына орташа есеппен 33 289 лайк басылып, 304 пікір жазылады.

Ең көп лайк жинаған жазбасы - қызы Айсәуленің тойында түскен суреті. Бұл жазбасын ол 2019 жылдың 9 наурызында жариялаған. Онда қолданушылары 188 650 лайк басқан.


Парақша тарихында продюсердің жазбалары 107 889 292 лайк жинаған екен.

Геннадий Головкин - 3 538 413 жазылушысы бар

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин желідегі парақшасында көбіне жаттығулардағы, бокс саласындағы мықты мамандармен және бокс кешіне шығатын кезде ел байрағының фонында түскен суреттерін, сондай-ақ, елдегі мерекелермен құттықтаған жазбаларын жариялайды. Жазбаларының жалпы саны - 464 қана. Оның постына орташа есеппен 79 668 лайк басылып, 1095 пікір жазылады.

Ең көп лайк жинаған жазбасы - 2018 жылдың қазан айында мексикалық Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жегі қарсаңында киім ауыстыру бөлмесінен жүктеген суреті. Онда қолданушылары 431 920 лайк басқан.


Парақша тарихында боксшының жазбалары 36 965 974 лайк жинаған екен.

Аша Матай - 3 389 077 жазылушысы бар

Қазақстандық әнші әрі тележүргізуші желідегі парақшасында көбіне жары Арман Қоңыровпен, жалпы отбасымен, өнердегі құрбыларымен түскен суреттерін жариялайды, оған қоса түрлі телевизиялық жобаларда жүргізуші болған сәттерінен жазба қалдырады. Жазбаларының жалпы саны - 3 351. Оның постына орташа есеппен 31 012 лайк басылып, 187 пікір жазылады.

Ең көп лайк жинаған жазбасы - Баян Мақсатқызы мен Айсәуле Бақытбек екеуінің түскен видеосы. Бұл видеоны Аша биыл 3 наурызда Айсәуленің ұзату тойынан жариялаған. Онда қолданушылары 146 130 лайк басқан.


Парақша тарихында оның жазбалары 70 410 956 лайк жинаған екен.

Мадина Сәдуақасова - 3 011 979 жазылушысы бар

Әнші желідегі парашасына өнердегі әріптестерімен, сахна сыртында әнші дос-құрбыларымен түскен суреттерін жиі жариялайды. Сондай-ақ, әншінің өз әріптестерін туған күнімен немесе қандай да бір жетістігімен құттықтап жазатын жазбалары мен жаңадан шыққан бейнебаяндарының үзінділері шығып отырады.

Жазбаларының жалпы саны - 2 237. Оның постына орташа есеппен 21 694 лайк басылып, 236 пікір жазылады.

Ең көп лайк жинаған жазбасы - әнші Қарақат Әбілдинаның қыз босанып, перзентханадан шығарып алған күні онымен бірге түскен суреті. 2017 жылдың 17 мамырында жариялаған суретке қолданушылары 116 728 лайк басқан.


Парақша тарихында әншінің жазбалары 48 528 374 лайк жинаған екен.

Қарақат Әбілдина - 2 992 475 жазылушысы бар 

Әнші желідегі парашасына өнердегі әріптестерімен, сахна сыртында әнші дос-құрбыларымен түскен суреттерін, сондай-ақ, жұбайы Қыдырәлі Болмановпен және балаларымен түскен бейнелерін шығарып отырады.

Жазбаларының жалпы саны - 1 789. Оның постына орташа есеппен 20 525 лайк басылып, 316 пікір жазылады.

Ең көп лайк жинаған жазбасы - әнші Қарақат Әбілдинаның кішкентай қызының айна алдында боянғандай болып отырғаны түсірілген видеосы. Оған әншінің өзі "Қыздарға әсемдік жарасады" деп қысқаша пікір жазған. Биыл ақпанда жарияланған видеоға қолданушылары 130 181 лайк басқан.


Парақша тарихында әншінің жазбалары 36 719 883 лайк жинаған екен.

Сәкен Майғазиев 2 909 356 жазылушысы бар

Таяуда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының проректоры болып тағайындалған Майғазиев желідегі парашасына өнердегі әріптестерімен, сахна сыртында әнші дос-құрбыларымен түскен суреттерін, сондай-ақ, ерекше хоббиі - бүлдіршіндермен түскен суреттерін шығарып отырады.

Жазбаларының жалпы саны - 5 090. Оның постына орташа есеппен 14 548 лайк басылып, 228 пікір жазылады.

Ең көп лайк жинаған жазбасы - намаз оқып жатқан анасының суреті. Оған әнші былай деп пікір жазған: 

"Самайдағы ақ шашыңның әр талына қарызбын. Ешнәрсемен өтелмейді-ау парызым... Анашым аман-есен аяқ-қолыңызды бауырыңызға алған күніңіз баянды болсын. 100 жасқа келген тойыңызды көргіміз келеді". Биылғы қаңтардың 1-і жариялаған суретіне оқырмандары 180 218 лайк басқан. 


Парақша тарихында әншінің жазбалары 74 049 018 лайк жинаған екен.

Айдана Меденова - 2 850 327 жазылушысы бар

Әнші желідегі парашасына түрлі жобалардағы әр алуан образымен суретке түскенді ұнатады. Алайда көбіне ол шығармашылығындағы жоспарларын бөлісіп, бейнебаян үзінділерін, түсірілім сәттерін жариялайды. 

Жазбаларының жалпы саны - 5 057. Оның постына орташа есеппен 19 081 лайк басылып, 138 пікір жазылады.

Ең көп лайк жинаған жазбасы - сыйға тарту етілген су жаңа темір тұлпарымен түскен суреті. 2017 жылдың қыркүйегінде жариялаған суретке қолданушылары 116 074 лайк басқан.


Парақша тарихында әншінің жазбалары 96 492 971 лайк жинаған екен.

Айқын Төлепберген - 2 394 139 жазылушысы бар

Әнші желідегі парашасына түрлі жобаларда өнердегі әріптестерімен, жолдастарымен және отбасымен түскен суреттері мен видеоларын жариялап отырады. Алайда көбіне ол шығармашылығындағы жоспарларын бөлісіп, бейнебаян үзінділерін, түсірілім сәттерін жариялайды. Өзекті мәселелер мен әзілдер де оның парақшасынан табылады. Жазбаларының жалпы саны - 5 800. Оның постына орташа есеппен 9 833 лайк басылып, 106 пікір жазылады.

Ең көп лайк жинаған жазбасы - жары Жұлдыз Өмірғалимен және ұлымен түскен суреті. Биыл наурызда жариялаған суретіне қолданушылары 114 639 лайк басқан.


Парақша тарихында әншінің жазбалары 57 030 762 лайк жинаған екен.

Димаш Құдайберген - 2 307 271 жазылушысы бар

Әнші желідегі парашасына түрлі ән байқаулары мен жобаларында көрсеткен өнерінен түскен суреттерін жариялайды. Ол көбіне әлемге аты шыққан өнерпаздармен бірге көп суретке түседі. Димаш шығармашылығындағы жоспарларын бөлісіп, бейнебаян үзінділерін, түсірілім сәттерін жариялап отырады. Жазбаларының жалпы саны - 2 340. Оның постына орташа есеппен 27 914 лайк басылып, 787 пікір жазылады.

Ең көп лайк жинаған жазбасы - аты аңызға айналған актер Джеки Чанға шапан жауып, бірге түскен суреті. 2017 жылдың 6 ақпанында жариялаған бұл суретіне 213 368 лайк басылыпты.


Парақша тарихында әншінің жазбалары 65 319 078 лайк жинапты.

"Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым!", - деп жазған еді Димаш Құдайберген бұл суретінің сипаттамасына.

Айтпақшы, Instagram желісінде Tengrinews.kz парақшасына жазылуды ұмытпаңыздар.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети