Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 марта 2021 17:16

Серікбол Сайлаубек тойда жүрген видео тарады: әншінің өкілі пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Желіде эстрада әншісі Серікбол Сайлаубек тойда жүрген видео тарады. Әншінің өкілдері видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде эстрада әншісі Серікбол Сайлаубек тойда жүрген видео тарады. Әншінің өкілдері видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеоны Instagram қолданушысы Stories-те жүктеген. Видеода әнші "Ой жеңгем" атты әнін орындап жатқаны көрсетілген. 

"Ол бұрынғы видеолар шығар. Ешқандай тойға барған жоқпыз. Ауылда, Сарқандта жатырмыз. Жақын арада ешқандай той болған жоқ", - деді әншінің өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Семейдегі мейрамханалардың бірінде болған тойдың видеосы тараған болатын. Желі қолданушыларының сөзінше, тойда Қайрат Нұртас та болған. Артынша ролик Желіден өшіп кеткен. 

Осыған байланысты санэпидқызмет эпидемиологиялық талап бұзылуына байланысты той өткен мейрамхана иесіне қатысты қажет материалдар полицияға жіберілгенін хабарлаған еді.  Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары істі қарастырып, нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша шешім шығарады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.32   490.7   4.78 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети