Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 июня 2021 09:41

Танымал қазақстандықтардың сіз көрмеген бала күнгі суреттері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің бала кезі Димаш Құдайбергеннің бала кезі

Бүкіл әлемде 1 маусым балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі танымал қазақстандықтардың бала күнгі суретін жинады. 


Бүкіл әлемде 1 маусым балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі танымал қазақстандықтардың бала күнгі суретін жинады. 

"Орда" тобының мүшесі Дастан Оразбеков 1982 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында туған. Кішкентай кезінен өнерге жақын болған. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, ән айтып, би билеп, сахнаға шыққан. Әнші үйіндегі екінші бала. Одан бөлек ағасы мен екі қарындасы бар. 

Фото: "Ең алғашқы" бағдарламасынан

Продюсер Баян Мақсатқызының ата-анасы да өнер адамдары: әкесі Мақсат Мухитденов дыбыс режиссері болса, анасы актриса Гүлжамал Мухитденова. Продюсер бала күнінен актриса болуды армандаған, алайда анасы оның таңдауына қарсы болып, қызының мұғалім болғанын қалаған екен. Сөйтіп Баян Мақсатқызы педагогикалық институтке түскен. Алайда үш жылдан кейін ата-анасына айтпай кино факультетіне оқуға ауысып кеткен.  

Фото: "Дастархан-шоу" бағдарламасынан

Ал мына суреттегі кішкентай қыз - Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Нағима Есқалиева. Ол 1954 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы, Фабричный ауылында өмірге келген. Нағима Хабдулқызы көпбалалы отбасында туған, үйінің екіншісі. Әкесі Хабдул Есқалиев пен анасы Василя ет және сүт комбинатында жұмыс істеген. Бала күнінен сахнада өнер көрсетуді армандаған ол әнші боламын деп ойламаған. Театр институтына түсіду жоспарлаған екен. 


Фото: "Дастархан-шоу" бағдарламасынан

Төмендегі суретте - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәден бауырларымен. Ол Ақтөбе облысының тумасы. Актрисаның анасы он құрсақ көтерген. Алайда бала тоқтамай, үйде актрисадан бөлек екі бауыры ғана қалған. 

1967 жылы Ақтөбедегі мәдени ағарту училищесін бітірген. 1970-1974 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының "актерлік шеберлік" мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1974 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік бөліміне қабылданып бастаған.

Фото: "Ең алғашқы" бағдарламасынан

Сахнада тұрған мына кішкентай бала - есімі дүние жүзіне белгілі Димаш Құдайберген. Оның ата-анасы да, ата-әжелері де музыка адамдары. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі мол. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.

Фото: "Дара жол"

Суретте қос ішекті домбыраны шертіп, өнер көрсетіп отырған қыз әнші Гүлнұр Оразымбетова. Ол алғаш ән айтуды 5 жасында бастаған екен. 

"Нақтырақ айтсам, ауылымыздағы вокалды-аспапты ансамбльдің сүйемелдеуімен көпшіліктің алдына шықтым. Бұл өнер Алла тағаладан берілетін қасиет деп ойлаймын. Неге десеңіз, шығармашылығымда үзіліс болып, ән айтпай қалсам, кәдімгідей ауырамын", - дейді әнші "Дидар" газетіне берген сұхбатында. 

Фото: "Бенефис-шоу"

Ал келесі суретте ортада отырған жігіт - Ұлықпан Жолдасов. Ол шығармашылық жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Бүгінде қазақ эстрадасында 300-ден аса авторлық әні мен композициясы бар. 


Фото: "Бенефис-шоу"

Әнші Мұқасан Шахзадаев 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған. Ол 1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітіріп, артынша Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін бітірген. 1990 жылдан "Нұр - Мұқасан" дуэтін құрып, топ мүшесі болған. Кейіннен топ тарап кетті. 

Фото: "Бенефис-шоу"

Аша Матай лақап атымен танымал болған Ақбота Асқарбекова Алматы қаласында заңгерлер отбасында дүниеге келген. Қазақстандық тележүргізуші әрі актриса шығармашылық жолын 2008 жылы HitTV арнасынан бастаған.

Бұдан бөлек, Аша Матай "Біржан Сал", "Астана ғашықтар мекені", "Обратная сторона", "Ғашық ЖүреR" "Настоящий полковник" , "16 қыз" сияқты фильмдерге түскен. 

Ал бұл суретте Ашаның жары Арман Қоңырбаев әпкесімен. Бүгінде Арман мен Аша екі қыз тәрбиелеп отыр. 

Фото: "Бенефис-шоу"

Әнші, композитор Жеңіс Сейдоллаұлы (төменде сол жақтан бірінші) Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған. Ол теміржолшылар отбасында өмірге келген. Бала күнінен ән өнеріне құмар болмаса да, Байқоңырдағы әскерилерге қарап, офицер болуды армандаған екен. Бірақ кейін таңдауы өнер жолына түскен.

Фото: "Дара жол"

Ал Нұрлан Әлімжанов Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Оқуды бітіргенен кейін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамына алынды. Отандық көптеген кинофильм мен телесериалға түскен. Көптеген телебағдарламаның жүргізушісі. Бүгінде ол Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы. 

Фото: "Бенефис-шоу"

Бұл суретте әнші Тамара Асар. Ол ұстаздардың отбасында өмірге келген. Бала күнінен өмірін өнермен байланыстыруды армандаған Тамара бастапқыда Ақтаудағы музыкалық мектепке түседі. Артынша музыкалық білімін Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде жалғастырады. Кейіннен магистратуралық және докторантуралық білімін Абай атындағы педагогикалық университетте "психология" мамандығы бойынша алған. 

Мәскеу қаласындағы Ресей қазіргі заманғы өнер институтында вокал бойынша арнайы курстардан өтіп, МГПУ-дің психологиялық факультетінде тәжірибеден өтті. Еңбек жолын Мұрат Өскімбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған.

Фото: "Дастархан-шоу" бағдарламасынан

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети