Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 апреля 2021 16:52

ТМД елдерінде вакцинация қалай жүріп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгінде дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 139,7 миллионнан асса, оның 118,8 миллионы аурудан айыққан. Жалпы үш миллионнан аса адам қайтыс болды. Коронавирустың тарауын тоқтату мақсатында көптеген ел COVID-19-ға қарсы вакцинация жұмыстарын бастады. ТМД елдері коронавирусқа қарсы вакцинаның қай түрін қолданып жатыр? Бүгінге дейін қанша адамға екпе салынды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Бүгінде дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 139,7 миллионнан асса, оның 118,8 миллионы аурудан айыққан. Жалпы үш миллионнан аса адам қайтыс болды. Коронавирустың тарауын тоқтату мақсатында көптеген ел COVID-19-ға қарсы вакцинация жұмыстарын бастады. ТМД елдері коронавирусқа қарсы вакцинаның қай түрін қолданып жатыр? Бүгінге дейін қанша адамға екпе салынды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Қазақстан

16 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 576 459 адамға салынды. Ел тұрғындарына коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы салынып жатыр. Ал отандық QazVac вакцинасы сәуірдің соңында дайын болады деп жоспарланып отыр. 

Елімізде вакцина салу кезең-кезеңімен жүреді. 

Қырғызстан

Қырғызстанда коронавирусқа қарсы вакцинация жұмыстары 29 наурызда басталды. Бастапқыда алынған қытайлық Sinopharm вакцинасының 150 мың дозасы 75 мың адамға ғана жетеді. Жалпы ел бойынша 3 807 адамға вакцина салынған, оның ішінде, кейінгі тәулікте 1 102 адамға екпе салынған.

24.kg мәліметінше, 14 сәуірде Қырғызстан Ресеймен "Спутник-V" вакцинасының 30 мың дозасын алдыруға келіскен.

Фото: Reuters

Ресей

Ресей елінде жаппай вакцинация жұмыстары былтыр 15 желтоқсанда басталды. Елде ресми түрде EpiVacCorona және "Спутник V" вакцинасын қолдануға рұқсат берілген.

Ресейде 14 967 802 адамға вакцина салынды. Оның ішінде, 5,6 миллионнан аса адамға екі компонент те салынған.

Беларусь

Беларусьте 340 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған, оның ішінд, 330 мыңнан астамы аурудан айыққан. Бүгінде ел тұрғындарына ресейлік "Спутник V" вакцинасы салынып жатыр. Елде жаппай вакцинация 15 наурызда басталып, бүгінге дейін 92 мыңнан аса адамға екпе салынған.

Өзбекстан

Өзбекстандықтарға да AstraZeneca вакцинасы салынып жатыр. 17 наурызда Өзбекстан бұл вакцинаның 660 мың дозасын алдырған. Елде жаппай вакцинация сәуірде басталды. 16 сәуірдегі жағдай бойынша, елде 335 610 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынған.

Фото: Reuters

Әзербайжан

Әзербайжанда вакцинаның екі түрі де: AstraZeneca мен "Спутник V" вакцинасы қолданылады. Одан бөлек, ел президенті Ильхам Алиевтің сөзінше, Әзербайжан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVAX бағдарламасына қосылған. Ол бойынша Әзербайжан басқа да вакциналарды алдыра алады. Оның ішінде, Moderna және Pfizer/BioNTech вакцинасының бірнеше партиясы келеді деп күтіледі.

Бүгінде елде жалпы 1,2 миллион адамға вакцина салынған.

Тәжікстан

Тәжікстанда вакцинация кезегі мынадай: ең алдымен медицина қызметкерлері, сосын экономиканың стратегиялық салаларының қызметкерлері, 60 жастан асқан адамдар, созылмалы инфекциялық аурулары бар адамдар, білім және ғылым қызметкерлері.

Елде жалпы 5,8 миллион адамды вакцинациялау жоспарланған. Наурыздың басында елге AstraZeneca вакцинасының 192 мың дозасы әкелінген. Тәжікстанға еуропалық вакцина COVAX бағдарламасы аясында алынған. Бұл механизм аясында Тәжікстан AstraZeneca-ның 732 мың дозасын алдыруды жоспарлап отыр.

Армения

Арменияда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 31 наурызда басталды. Елде "Спутник V" екпесі қолданылады. Алайда артынша елде 55 жастан асқандарға ресейлік вакцинаны қолдану уақытша тоқтатылған. Бұл туралы Арменияның денсаулық сақтау министрі Анаит Аванесян хабарлаған болатын. 

Одан бөлек, елде AstraZeneca вакцинасы да қолданылады. 12 сәуірдегі мәлімет бойынша, вакцинаның бұл түрінің 24 мың дозасы әкелінген. 

Бүгінде үш миллионға жуық халқы бар Арменияда 500-ден аса адамға екпе салынған. 

Молдова

Ал төрт миллионнан аса халқы бар Молдовада вакцинаның 86 016 дозасы салынған. Оның ішінде, 978 адамда екпенің жеңіл жанама әсері байқалған. 

Молдовада еуропалық Oxford/AstraZeneca вакцинасы қолданылып жатыр. Вакцинаның алғашқы партиясы - 14 400 дозасы наурыздың басында келген. Молдова да еуропалық вакцинаны COVAX бағдарламасы негізінде алдырған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети