Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 ноября 2023 09:30

50 мың теңгемен кәсіп бастап, бүгінде тауарымен ТМД елдерін қамтамасыз етіп отырған кәсіпкермен сұхбат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz \ Болат Айтмолда Фото: Massaget.kz \ Болат Айтмолда

Елімізде істің көзін тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған адамдар жетерлік. Солардың бірі - Нұрбол Ержанұлы. Ол кәріс азаматынан кәдесый жасауды үйреніп, 9 жылдан бері өз өнімін өндіріп келеді. 50 мың теңге қарыз алып бастаған кәсібінің бүгінгі таңдағы жылдық айналымы 400 миллион теңгеге жеткен. Мемлекеттен мүлдем көмек алмай, кәсібімен шекараның сыртына дейін танымал болып отырған азаматпен Massaget.kz тілшісі тілдесіп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Фото: Massaget.kz \ Болат Айтмолда. Кәсіпкердің өнімдері

"Бұл кәсіппен айналысып жүргеніме 9 жылдан асты. Ең алғаш осы іспен шұғылданатын кәріс азаматының қол астында жұмыс істегем. Сол кісіден үйреніп, ол кісі маған оқуын сатып алуға кеңес берді. Сөйтіп бөлемнен 50 мың теңге қарыз алып жасалу жолын үйрендім. Өзім оңтүстіктің тумасы болсам да солтүстік жаққа баруға кеңес берді. Кәріс азаматы "солтүстікте бұйымың бағаланады, сатып алушы табылады" деп кеңес берді", - дейді ол.

Фото: Massaget.kz \ Болат Айтмолда

Жылдық тауар айналымы 400 миллион теңге

Содан кейін армандап алған көлігімді сатып жіберіп, Қарағандыдан кәдесый өнімдерінің өндіріс орнын аштым. Алматыға келгеніме 1 жылға жетпеді. Бұрын Қарағанды мен Астана қаласында ғана сататынмын. Соңғы жылдары еліміздің нарығын толықтай қамтамасыз етіп келемін. Қазіргі таңда түрлі маркетплейстер арқылы ТМД елдеріне сатып жатырмын. Жылдық тауар айналымы 400 миллион теңге. Ал нақты табысымды есептеп көрмегенмін. 50 пайыздан көбі қалтама түседі. Бұл ісімнен жалыққан емеспін. Күнде жаңадан басталғандай күй кешемін.

Фото: Massaget.kz \ Болат Айтмолда

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети