ПОДПИШИСЬ НА НАШ TELEGRAM-КАНАЛ
21 мая 2019 | 18:40

Әлемнің ең үздік университетінде оқып жатқан алты қазақтың бірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© суреттер кейіпкердің жеке мұрағатынан © суреттер кейіпкердің жеке мұрағатынан

28 жастағы Ғалым Иманбаев Алматыда дүниеге келген. Ол 8 жасында отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған. Қазіргі уақытқа дейін сонда өмір сүріп жатыр. Кейіпкеріміз Стэнфорд университетінде экономика және биология мамандықтары бойынша бакалаврды тәмамдаған. Кейін Америкада үш жылдай денсаулық сақтау саласында жұмыс істеген. Қазіргі кезде Стэнфордта медицина және бизнес басқару салаларында қос диплом бойынша білім алуды жалғастырып жатыр. Кейіпкеріміз жүректің жұмысы, биоинженерия мен регенератив медицина жайлы мақалаларын журналдарға жариялаған.


28 жастағы Ғалым Иманбаев Алматыда дүниеге келген. Ол 8 жасында отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған. Қазіргі уақытқа дейін сонда өмір сүріп жатыр. Кейіпкеріміз Стэнфорд университетінде экономика және биология мамандықтары бойынша бакалаврды тәмамдаған. Кейін Америкада үш жылдай денсаулық сақтау саласында жұмыс істеген. Қазіргі кезде Стэнфордта медицина және бизнес басқару салаларында қос диплом бойынша білім алуды жалғастырып жатыр. Кейіпкеріміз жүректің жұмысы, биоинженерия мен регенератив медицина жайлы мақалаларын журналдарға жариялаған.

Айта кетейік, Стэнфорд университеті 1891 жылы ашылған. Әлемдегі ең мәртебелі және рейтингі жоғары жүйесі алғашқы орындарда тұрған оқу орны. Ғалым Иманбаевтың айтуынша, әлемдегі ең үздік деген университеттің студенті болуы ата-анасының арқасында. Олар Ғалым мен бауырларына білім беру үшін барлық жағдайды жасаған.

Стэнфордта тегін оқыдым

"Мен Стэнфордта оқығаным үшін өзімді бақытты сезінемін. Университетке оқуға түсу қиынның қиыны. Түсу үшін тек жоғарғы баға мен тесттің жақсы көрсеткіші жеткіліксіз. Негізі Стэнфорд қоғамдық жұмыстарға атсалысатын студенттерді қабылдайды. Сонымен қатар, шығармашылық қабілеті жоғары, спортқа әуестігі бар, мектептегі ұйымдардың қатарында болған оқушыларды қабылдайды. Сондықтан бұл университеттің студенттері әртүрлі салада дағдысы жоғары дамыған және талантты болып келеді", - дейді Ғалым. 

Ғалымның сөзінше, Стэнфордқа түспей тұрып оның мектептегі сабақ үлгерімі жақсы болған және медициналық зерттеулерге қатысқан, оған қоса қалалық лигадағы баскетбол командасының капитаны атанған. Мұндай жетістіктерге жетуге мектебі мен отбасы мүшелері арқау болды дейді. 

"Стэнфордтың ерекшелігі ондағы әртүрлі мәдениет пен сан алуан адамдардың бір жерде тоғысуы. Онда студенттер этникалық тұрғыда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық жағынан да әртүрлі. Былтыр түскен студенттердің 17 пайызы отбасы құрамында бірінші рет ЖОО-ға түскендер. Неігізі бұл оқу орны материалдық жағдайы орташа және жоғары отбасыдан шықан студенттерден бөлек, тұрмыс тіршілігі төмен жанұядан да ақылды оқушыларды қабылдайды. Меніңше, бұл жағдай нашар отбасыларға болашақта жақсы өмір сүруге жол ашады. Стэнфордтың қаржылық көмек көрсетуінің арқасында мен де оқуға түстім. Сөйтіп бакалаврды тегін оқып шықтым", - дейді кейіпкеріміз. 

Ғалым университеттің тағы бір ерекше қыры - мәдениеті деп санайды. Білім ордасы студенттерді тәуекел мен сыни ойлануға үйретеді екен. Яғни студентті кең ойлауға ынталандырады. Оның сөзінше, онда қателікті - кемшілік емес, қажет іс-әрекет деп санайды.

"Кез келген салада оңай және қауіпсіз жол таңдалмайды. Осындай көзқарас барлық пән бойынша жетістікке жеткізеді. Осындай ойлау жүйесі арқылы Стэнфордта инженерия, медицина, журналистика және саясаттану сынды салалар бойынша жаңалықтар ашылады деп санаймын. Мен осындағы халықтың тап жікшілдігін жойсам деймін. Сонымен қатар кейбір жерлерде дамыған ноу-хауды ғаламдық деңгейде дамытқым келеді. Осы жолда да мен еңбектеніп жүрмін",- дейді жас маман. 

Кейіпкеріміз университеттің медицина саласын таңдаған. Себебі Алматыда тұрған кезде оның бала арманы болған көрінеді. 

"Оқу кезінде мен жалпы бір жердің халқы үшін медициналық көмек көрсету аз екенін түсіндім. Тиімді медицина деп парасатты басқару мен экономикалық шешімдерді терең түсінуді айтамыз. Себебі осындай білім арқылы тек бір адамды ғана емес, көптеген науқасты емдеп шығаруға болады. Сондықтан да мен медициналық және экономикалық екі білімді игергім келді. Қазіргі уақытта Сэнфордттық медицина мектебі мен Стэнфордтық бизнес мектебінде қатар білім алып жатырмын", - дейді Ғалым Иманбаев.

Оның айтуынша, Стэнфордта қазақстандықтар аз. Ол тек алты студентті таниды. Ғалым университетке түсуге қызығушылық білдіріп жүрген оқушыларға кеңесін берді.

"Стэнфордқа түсу үшін университеттің негізгі талаптарын қарап шығу керек. Оның бәрі университеттің сайтында жазылған. Ең алдымен университетте оқып жүрген студенттермен сөйлесу керек. Олардан кеңес сұрауға болады. Мен де өз тәжірибемді айта аламын. Сондай-ақ онда қандай пәндерге басты назар аударатынын да қарау қажет. Мұндай оқу орнына түскісі келетін оқушыларға талмай білім жинаумен қатар оқуға деген қызығушылығы әрдайым болуы керек", - дейді Ғалым.  

Кейіпкеріміздің сөзінше, Стэнфордтың білімі АҚШ-та өте абыройлы саналады. Оның ішінде инжиниринг, бизнес, құқық, медицина салаларында. Университетті тәмамдаған студенттер танымал компанияларда жетекші қызметтерге тұрады, сонымен қатар олардың жалақысы да жоғары екен. Осы орайда кейіпкеріміз Америкадағы өмір жайлы сөз қозғады.

Америкада отбасының жылдық орташа табысы - 59 мың доллар

"АҚШ-та 8 жасымнан бері тұрып жатырмын. Бұл жақтағы өмір сүру аңыз-әңгімелердегідей тәтті емес. Мысалы жалақысы орта адамдар медициналық және сол сияқты оқу шығындарын әрең төлейді. Америкалықтардың екі-үш жерде жұмыс істеуінің басты себебі осы. Нәсілшілдік пен этноцентризм әлі күнге дейін елдің кейбір аймақтарында бар. Проблема ретінде жемқорлықты да қосуға болады. Ол басқа елдегідей айқын емес, бірақ жоқ деуге келмейді", - дейді қазақстандық.

Кейіпкеріміздің сөзінше, Америкада отбасының жылдық орташа табысы - 59 мың доллар. Бұл ақша елдің кейбір өңірінде жеткілікті болса, ал кейбір жерлерінде керісінше өмір сүруге жеткіліксіз. 

"АҚШ-тағы өмірдің жақсы қырларына тоқталар болсақ, бұл жерде әлеуметтік-экономикалық жағдай дамыған. Оған қоса сөз бостандығы, адамдар өз ойын ашық жеткізе алады. Менмендігіңді де көрсете аласың. Бұл жақта адамдар мен олардың ой-пікірлер әртүрлі, бұл кемшілік емес, тек артықшылық десем болады. Оған қоса жұмыс істеп жүрген адамдарға жақсы карьера жасауға мүмкіндіктер бар. Американың басқа елдерден айырмашылығы, мұнда адамдарды қыспаққа алмайды, керісінше оларды барлық жағынан қорғайды", - дейді ол. 

Сөзінің соңында Ғалым Иманбаев Қазақстанға келуді жоспарлап жатқанын айтты. Оның сөзінше, ата-анасы Америкада болса да оған қазақтың тәлім-тәрбиесін берген. Алматыда өткізген балалық шағы әлі күнге дейін есінде сақталыпты. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 486.86   530.42   5.05 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети