ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
31 января 2022 | 12:40

"Аштықты негізгі тәсіл ретінде қолдануға қарсымын" - үш айда 49 келі тастаған алматылық

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Дәулет Абсаттаров арықтағанға дейін және кейін. Сурет: жеке мұрағатынан Дәулет Абсаттаров арықтағанға дейін және кейін. Сурет: жеке мұрағатынан

Қызылордалық Дәулет Абсаттаров 2015 жылы "Салмақхана" жобасының жеңімпазы атанған. Ол үш айда 49 келі тастады. Дәулет Tengrinews.kz тілшісіне қалай артық салмақтан арылғанын және арықтаудағы басты әдістер туралы айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордалық Дәулет Абсаттаров 2015 жылы "Салмақхана" жобасының жеңімпазы атанған. Ол үш айда 49 келі тастады. Дәулет Tengrinews.kz тілшісіне қалай артық салмақтан арылғанын және арықтаудағы басты әдістер туралы айтты.

Дәулет Қызылорда қаласының тумасы, жасы 37-де. Бүгінде ол Алматыда халықарлық компанияда департамент басшысы, "Ұлттық салауатты тамақтану орталығы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Одан бөлек, ол диетология мамандығын игеріп жатыр. Дәулет ең алдымен "Салмақхана" жобасына қалай келгенін айтып берді.

"2015 жылы "31" телеарнаның "Салмақхана" жобасына кастинг жарияланды. Бас-аяғы үш мыңнан аса адам болды. Тележобаға 16 адам іріктелдік. 151 салмақпен кірдім, жоба соңында, яғни 3 айда 102 келі болып жеңіске жеттім. Жалпы 49 келі салмақ тастадым", - дейді ол.

Дәулет Абсаттаров тележобада

Дәулеттің айтуынша, салмаққа байланысты проблема студент кезінен басталған.

"Аз қимылдап, дұрыс тамақтанбағанымнан қосыла бастады. Бірақ ол кезде оған аса мән бермеген едім. Салмақ тастауда қолданбаған әдісім қалмаған шығар. Неше түрлі тәбетті басатын таблеткалардан бастап, тән қинайтын диетарлардың бәрін қолдандым. Оның көбі уақытша немесе мүлде көмегін тигізбеді", - дейді Дәулет.

Дәулет салмақтан арылуда қолдану қажет ең негізгі үш әдіс туралы әңгімеледі. Бұл тележоба кезінде салмақ тастауда қолданылған негізгі әдістер екен.

"Біріншісі психологиялық тұрғыда тамаққа деген көзқарасты өзгерту керек. Себебі адамдар стресс кезінде оны тамақ жеу, яғни бақыт гармондарын ояту арқылы басуға тырысады. Екіншісі ол танымал диетологтардың көмегімен, жалпы тамақ түрлерін пайдалы және пайдасыз топтарына айыра білуді үйрену керек. Күнделікті жеп жүрген тамақтың құнарлығын есептеуді және уақытылы дұрыс тамақтануды үйрендік", - дейді ол.

Дәулет Абсаттаров арықтағанға дейін және кейін 

Ал үшінші әдіс - ол физикалық жаттығулар. Дәулеттің айтуынша, жалпы жаттығуларды дұрыс бастап, дұрыс аяқтауды, нақты керек жаттығуларды дұрыс тандай білу, ең бастысы жаттығуларды жалықтырып жібермейтіңдей етіп өткізуді үйрену қажет.

Ал салмақ тастаудағы басты қағида - ол күні бойы жұмсаған энергияныздың саны жинаған каллориялардан көп болуы қажет.

"Ең қиыны ол өзгеруге деген мотивацияны жоғалтып алмау. "Негізі арықтау керек еді" деп әрі қарай еш әрекет етпеу дұрыс емес. Себебі арықтағым келеді деген жай арман жеткіліксіз. Ол үшін жайлы зонадан шығып, үйреншікті өмірді өзгерту қажет", - дейді Дәулет.

Дәулет тамақ ішпей, аштық режимі арқылы арықтау дұрыс емес екенін айтады.

"Аз уақыт ішінде жылдам нәтижеге жетемін дегенді жалпы өз басым қолдамаймын. Себебі оның салдары жаман болуы мүмкін. Аштық туралы айтатын болсақ, ол мен үшін салмақ тастаудың емес, көбіне емдік үшін пайдаланылатын тәсіл. Адам тамақ ішпесе әлбетте арықтайды. Бірақ аштықты негізгі тәсіл ретінде қолдануға қарсымын", - дейді ол.

Дәулет Абсаттаров артық салмақтан арылу үшін қандай тағам түрлерінен бас тартқан дұрыс екенін айтты.

"Әлбетте, олар көп. Бірақ ішінен ерекше атап өтетіні - барлық фастфуд түрі, газдалған тәтті сусындар және де құрамы күмәнді жартылай дайын өнімдер", - деп түсіндірді ол.

Дәулеттің айтуынша, жалпы арықтаудан гөрі сол салмақты сақтап қалу қиын.

"Дұрыс тамақтану және физикалық жаттығу жасауды уақытша дүние емес, жалпы өміріңіздің басты бөлігі етіп қабылдауды үйрену керек. Жалпы артық салмақ адам өміріне үлкен жайсыздық және стресс туындататыны шындық, неше түрлі комплекстердің пайда болуына себепкер болады. Ең сорақысы жаман аурулардың пайда болуына себеп болады. Сондықтан арықтағысы келетін адамдарға айтарым, егер бір рет қана берілген өмір сіз үшін маңызды болса және оны рахаттанып сүргіңіз келсе артық салмаққа жол бермеңіз. Өз өміріңіз өз қолыңызда", - деді Дәулет.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.9  course up  548.61  course up  5.01  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer