01 июня 2019 | 12:07

Ата-әжесімен қалдыру деген түсінік жоқ - Әр елдегі бала тәрбиесі қандай

Бүгін, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күнді Қазақстан ғана емес, 1950 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Әрине, әр елдің бала тәрбиелеу ерекшелігі әр түрлі. Оған дін, діл, елдің тұрмыс-тіршілігі, тіпті климаттық жағдайлар сияқты түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы, біреулер баланың тек оқу үлгеріміне және қауіпсіздігіне мән берсе, тағы біреуі баланы қатаң тәртіп бойынша қадағалап отыруды дұрыс деп санайды. Tengrinews.kz тілшісі өзге елдердегі бала тәрбиелеу жүйесіндегі қызықты деректерді ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күнді Қазақстан ғана емес, 1950 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Әрине, әр елдің бала тәрбиелеу ерекшелігі әр түрлі. Оған дін, діл, елдің тұрмыс-тіршілігі, тіпті климаттық жағдайлар сияқты түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы, біреулер баланың тек оқу үлгеріміне және қауіпсіздігіне мән берсе, тағы біреуі баланы қатаң тәртіп бойынша қадағалап отыруды дұрыс деп санайды. Tengrinews.kz тілшісі өзге елдердегі бала тәрбиелеу жүйесіндегі қызықты деректерді ұсынады.

Ата-әжесімен қалдыру деген түсінік жоқ

Реклама
Реклама

Германияда балаларды кішкентай кезінен бастап қатаң тәртіп бойынша тәрбиелейді екен. Оларға ата-ананың рұқсатынсыз тіпті теледидар немесе компьютер алдында отыруға болмайды және олар кешкі сағат 20.00-де ұйықтауы керек. Сондай-ақ, ата-аналар баланың бойына мұқият әрі жинақы болуды үйретеді екен. Бірақ мұнда көпбалалы отбасын сирек кездестіруге болады. 

Бұдан бөлек Германияда баланы ата-әжесімен қалдыру деген түсінік жоқ, аналар қайда барса да баланы өзімен бірге алып жүреді. Ал кейін жұмысқа шыққан жағдайда балаларын міндетті түрде медициналық білімі бар бала күтушіге қалдырады.


© tupa-germania.ru

Сондай-ақ, баланың жеке бөлмесі болуы міндет екен. Ол өзінің заңды территориясы болып саналады, онда оған көп нәрсеге рұқсат етіледі. Ал басқа бөлмелерде жалпы үйде ол ата-анасының тәртібі бойынша тұрады.

Ең қызығы Германиядағы ата-аналар баласы әлі кішкентай бола тұра, төсектен немесе орындықтан құлап бара жатса да, оны көтермейді екен. Олардың түсінігінше, бұл баланың тәуелсіз, мінезі мықты болуы үшін жасалады.

Балабақшаға бару сирек жағдай

АҚШ-та отбасы деген ұғым өте киелі болып саналады. Сондықтан онда апта сайын отбасы болып пикникке немесе жиын жасау әдетке айналған.

АҚШ-та балалардың балабақшаға баруы сирек жағдай. Әдетте балалар ата-анасымен немесе бала күтушісімен қалады. Не болмаса ата-анасы баласын киноға, театрға, тіпті жұмысқа бірге алып барады.


© facenews.ua

Онда балаға бостандық пен таңдау мүмкіндігі беріледі, аса қатаң жазаламайды да. Ойыншығын тартып алады немесе арнайы орындыққа отырғызып қояды. Бостандық бұл елде бірінші орында.

Мысалы, ата-аналары 7, 8-сыныптарда оқитын ұлы мен қызы ұйықтады ма немесе кітап оқып жатыр ма, жоқ па - оны тексермейді. Ол баланың өз қалауы. Сондай-ақ, америкалықтар баласын жазаласа әрдайым оларға себебін түсіндіріп береді екен.

Балаға бостандық бергенді қаламайды

Францияда ата-аналар балаға бостандық беруді аса қаламайды. Олар балалары 30 жасқа толса да, бірге тұрғанын қалайды. Бірақ бұл бала өз бетінше өмір сүре алмайды деген сөз емес. Мұнда аналары жұмысқа ерте шығады, декретте ұзақ отырмайды - сондықтан балалар көп дүниені өз беттерінше үйреніп жатады.

Ата-аналар сәби дүниеге келген соң жеке өмір осымен бітті деп ойламайды. Олар керісінше өздеріне және балаларына бөлетін уақытты белгілеп қояды. Баланы ерте ұйықтатып, серуендеуге шыға алады.


© opengaz.ru

Француздар көбіне балаларға арналған дамыту орталықтарының көмегіне жүгінеді. Ал баланың ата-әжесі тәрбиесіне аса араласа бермейді, себебі баланың бос уақыты секциялар мен студияларда өтеді.

Балаға барлығына рұқсат береді

Италияда баланың дүниеге келуін үлкен сый санайды. Оларды әрдайым еркелетіп, түрлі сыйлықтар мен тәттілер сыйлап тұрады. Балаға барлығына рұқсат етіледі. Бірақ онда ата-аналар баланың әрбір қадамын бақылайды.

"Жоқ" деген сөзді балалар өте сирек жағдайларда естиді. Сондықтан Италияда ерке, кейде дөрекі балаларды кездестіруге болады.


© italy-group.ru

Сондай-ақ, бұл елде ересек пен бала арасында барьер жоқ. Олардың барлығына бір-біріне "сен" деп сөйлейді. "Тәте, ары тұршы, кедергі келтіріп тұрсың" деп те айта салады. Бұл үшін ата-аналар оларға жаза қолданбайды.

Бала - тұлға

Швеция 1970 жылдардың өзінде заңды түрде балаға дене зақымын келтіруге тыйым салынған болатын. 

Онда кез келген бала жеке тұлға болып саналады, ол бала деп есептелмейді. Оның өз құқықтары мен міндеттері болады. Ал ата-аналары тек олардың қауіпсіздігіне жауап береді.

Үй шаруасына міндетті

Қытай балаларын тәрбиелеудегі басты фактор - үлкендердің айтқанын тыңдау. Оған балабақшадан бастап баулиды екен. Қытай балаларының арнайы кестесі болады - күнделікті әрбір сағаты қалай өткізілетіні белгіленеді.

Сондай-ақ, балаларға үй міндеттерін бөліп беру өте маңызды екені айтылады. Оны кішкентай кезінен түсіндіріп береді. Қытайда ата-ана баласының таңдауын әрдайым құрметтейді. Ешқашан да ұлының немесе қызының бөлмесіне рұқсатсыз кірмейді екен.


© paranormal-news.ru

Ата-аналар үйірме, секция дегендерді өзі таңдайды, олардың сөзіне қарсы шығуға болмайды. Тіпті қандай ойыншықтармен ойнайтынын ата-анасы өзі шешеді. Бұдан бөлек, мұнда баланы өте сирек жағдайларда мақтайды екен.

Ескерту дегенді өте сирек жасайды

Англияда, керісінше, балаға кішкентай кезінен бастап өзіне деген сенімді жетілдіреді. Ата-ана үнемі баласын мақтайды, кішкентай жетістік болсын, бірден мақтайды. Мұның барлығы оның сенімі артуы үшін жасалады. Балабақша тәрбиешілері де баланы мақтайды. Ескерту дегенді өте сирек жасайды. Көбіне ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіріп қана қояды.


© englishnanny.ru

Баланың көзінше дауыс көтермейтін ел

Үндістанда отбасы тәрбиесінде мейірімділік пен бір-біріне шыдамдылық таныту маңызды рөл атқарады. Балаларға тек үлкендерді құрметтеуге емес, сондай-ақ, табиғатқа, жануарларға қамқорлықпен қарауды үйретеді. Сондай-ақ, айғайлауға, эмоцияларға берілмеуге үйретеді.

Ең маңыздысы баланың көзінше ата-аналар бір-біріне дауыс көтермейді екен. Ал нашар баға үшін балалар онда жазаланбайды.


© mamapedia.com.ua

Бала беске дейін патша

Жапонияда бала бес жасқа толғанша қалағанын істей алады. Үйдің қабырғаларыңа сызып тастаса да, көшеде жалаң аяқ жүрсе де, ыдыс-аяқтарды сындырса да - оған ешкім дауыс көтермейді. Бірақ 5-6 жасқа толғанда өте қатаң тәртіптер орнатылады.

Бірақ олар баланы онымен мүлде сөйлеспей, үндемей қойып жазалайды. Басқа адамдармен араластырмай бөліп тастайды. Сағаттап айғайлау деген жоқ. Физикалық түрде жазалау мәселесі мүлде жоқ. Басты тәртіптік шара - баланы шақырып, неге олай істемеу керектігін түсіндіреді.

Балабақшаға түсу мұнда оңай емес. Бала өте қиын тестілеуден өтеді, оған да ақша кетеді. Ең қызығы Жапонияда көбіне анасы баласымен бірінші болып татуласады екен. Осылайша ол баласына ашуланғанын білдіреді екен.

Оқи отырыңыз:

Әр елде бала туғанда берілетін жәрдемақы қандай

Балаға қалай мектеп таңдау керек: Басты талаптар

Бала неге өтірік айтады - Ата-ананың сөзден іске көшетін кезі

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная