Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 ноября 2021 12:38

"Балаларды тартып алуға мүмкіндік беретін заң" - Желіде тараған 10 фейк

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Пандемия уақытында Желіде коронавирус пен оған қарсы вакциналар туралы түрлі фейк тарады, әлі де тарап жатыр. Осы тақырып аясында хайп жинап, тексерілмеген ақпарат жариялайтын белсенділер де аз емес. Tengrinews.kz тілшісі бүгінде жоққа шығарылған мәлімдемелерді жинап шықты. 


Пандемия уақытында Желіде коронавирус пен оған қарсы вакциналар туралы түрлі фейк тарады, әлі де тарап жатыр. Осы тақырып аясында хайп жинап, тексерілмеген ақпарат жариялайтын белсенділер де аз емес. Tengrinews.kz тілшісі бүгінде жоққа шығарылған мәлімдемелерді жинап шықты. 

"Мектепте мәжбүрлі вакцинация жүріп жатыр"

Осыдан бірнеше күн бұрын Желіде елордалық мектептердің бірінде балаларға ата-аналарының келісімінсіз вакцина салынып жатыр деген ақпарат жарияланған болатын. Ата-ана чаттарында тараған видеода бірнеше әйел санитарлық қауіпсіздік талаптарын елемей мектепке баса көктеп кіріп бара жатқанын көруге болады. Видео авторы өзін журналиспін дейді, ал оның жанындағы дәрігер Айна Бакеева. Кейін елордалық білім басқармасы балаларға вакцина салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Шын мәнінде сол кезде бала дене шынықтыру сабағынан кейін ауырып, медбикеге барғаны белгілі болды. 

Нұр-Сұлтан Білім басқармасының мәліметінше, бұл күні мектепте туберкулезге қарсы жоспарлы вакцинация жүргізілмеген, ал оқушылар өзге екпе алмаған. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігінің мәліметінше, видеодағы әйелдердің оқу орнына еш қатысы жоқ, олар ғимаратқа сұрамай кіріп, жанжал шығарған. Мектеп қызметкерлері полиция шақырып, оларға арыз жазды.

"Бакеева мен жанындағы адамның басты мақсаты - әлеуметтік желілерде мектептерде мәжбүрлі вакцинация жүріп жатыр деп дүрлікпе жасау болды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, оны баланың анасы да растап отыр. Сол күні, дәл осы сәтте, дене шынықтыру сабағынан кейін 9-сынып оқушысының жағдайы нашарлап, оған жедел көмек көрсетілді. Алайда Бакеева тәртіп бұзып, оны оқушыға жіберуді талап етті. Үлкен жанжал шығарды", - деді білім басқармасының бөлім басшысы Асыл Аманкелдиева.

Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен месседжерлерде Айна Бакееваның COVID-19-ға қарсы вакцинация "фашизмнің нақ өзі" деген мәлімдемесін де көп бөлісті. Оның айтуынша, вакциналардың бірде-біреуі клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінен өтпеген, барлық қазақстандық коронавируспен ауырып шықты, ал балаларда бұл ауру жеңіл өтеді, демек, ешкімді вакциналаудың қажеті жоқ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі белсендінің сөздерін жоққа шығарды.

Stopfake.kz журналистері пандемияны талқылау бойынша жазда өткен жиындардың бірінде айтылған бірнеше жалған мәлімдемеге талдау жасаған болатын. 

Олардың бірі - COVID-19-ға қарсы вакциналардың ешқайсы сынақтың үшінші кезеңінен өткен жоқ.

Бұл - жалған. Қазақстанда бес түрлі вакцина қолданылды: "Спутник-V", QazVac, Hayat-Vax (BBIBP-CorV), Vero Cell және CoronaVac. Бұл вакциналар клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің үш кезеңінен өткен. Бұл туралы есептер ашық жарияланған.

"Қазақстанда КВИ-ге қарсы қолданылатын вакциналардың бәрі бірдей қауіпсіз және КВИ-дің ауыр жағдайларының алдын алуда тиімді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тіркелмеген дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде дәрілік заттың сапасын растайтын өндіруші құжатының электрон көшірмесі - талдау сертификаттары немесе сынақ хаттамасы немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты, қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы болуы міндетті", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда қолданылатын COVID-19 қарсы вакциналар тіркеу, нарыққа түсу және клиникалық зерттеулердің қауіпсіздігі мен тиімділігін растау үшін қажетті барлық сатыдан өткен.

Екіншісі - экспериментке қатысушылар үш күн ғана бақыланады.

Айна Бакееваның бұл тұжырымын да ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жоққа шығарды.

"Клиникалық зерттеу аяқталғаннан кейін зерттеуге қатысушылар орта есеппен 30 күн бақылауда болады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Үшінші - барлық қазақстандық коронавируспен ауырып шықты

2021 жылдың 1 ақпанындағы деректер бойынша Қазақстан халқының саны 18 897 898 адам болды. 

"2021 жылдың 6 айында республикада COVID-19 расталған 270 100 жағдай тіркелген, оның ішінде 34 968 - 14 жасқа дейінгі бала", - делінген ҚР ДСМ-нің StopFake.kz порталының сауалына берген жауабында. 

Демек, КВИ-мен қазақстандықтардың бәрі ауырған жоқ. 

Төртінші - COVID-19 балаларда жеңіл өтеді

Өкінішке қарай, бұл олай емес. Балалар жеңіл ауырса да, олардың арасында өлім жағдайлары кездеседі. ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, COVID-19 салдарынан қайтыс болған адамдардың 0,3 пайызы 20 жасқа дейінгі балалар мен жастар. 

Бесінші - вакцинация фашизмге айналмас үшін екпе жасағанға дейін және одан кейін науқастың жағдайын бақылау керек.

COVID-19-ға қарсы вакцина алған қазақстандықтар процедураның дәл осылай өтетінін біледі. Препаратты алғанға дейін пациенттер созылмалы және жедел аурулардың болуы немесе болмауы туралы сауалнама толтырады, содан кейін дене температурасы, пульс, қан қысымы, сатурация өлшенеді, өкпе мен жүрек ырғағын тыңдайды, анамнез жинайды, содан кейін ғана, тексеру нәтижелері қанағаттанарлық болса, ол екпе алуға жіберіледі. Егуден кейін вакцинация пунктіндегі арнайы бөлінген бөлмеде 30 минут отыру қажет. Науқастың хал-ахуалы нашарлаған жағдайда оған көмек көрсетіледі, ал оқиға тіркеледі.

Алтыншы - вакциналарды сақтау және жібіту шарттарын сақтау қажет

Вакциналардың дұрыс сақталуына тұрақты түрде бақылау жүргізіледі.

"Вакциналарды жібіту тәртібі, вакцинациялауға ұсынымдар, көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысында бекітілген "Қазақстан Республикасында халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу" әдістемелік ұсынымдарында баяндалған", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Жетінші - созылмалы аурулары және онкологиясы бар адамдардың екпе алу тәртібі белгісіз.

"Аталған әдістемелік ұсынымдарға сәйкес иммуносупрессивті ем алатын және иммун тапшылығы бар пациенттерде жеткілікті иммундық жауап дамымауы мүмкін. Сондықтан иммуногенділіктің төмендеу қаупіне байланысты иммундық жүйенің жұмысын тежейтін препараттарды вакцинацияға дейін және одан кейін кем дегенде 1 ай қабылдауға болмайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 "Профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес КВИ-ға қарсы профилактикалық егулерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар вакциналауға жатпайды", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Қорыта айтқанда, айтылған тезистер манипулятивті және жалған деуге болады. StopFake.kz мәліметінше, COVID-19-ға қарсы вакцинацияны фашизммен салыстырған дұрыс емес. Қазақстанда иммундау адамдарды, Бакеева айтқандай, "қынадай қырып жатқан" аурудан қорғау мақсатында жүргізіледі. Фашизм - белгілі бір ішкі немесе сыртқы жауға деген өшпенділікті әдейі оятатын саяси жүйе. Бәрін бірдей қорғау ешқашан фашизмнің мақсаты болған емес.

Фейк: "Балалар вакцинасы ауру мен өлімге әкеп соғады" 

Айна Бакеева Telegram-арнасында оқырмандарын Биология ғылымдарының докторы, геосаяси мәселелер академиясының вице-президенті Ирина Ермакова жасаған петицияны толтыруға шақырған болатын. Онда "ауруға, өлімге әкелуі мүмкін қауіпті биотехнологиялық вакциналарды балаларға жаппай салуға тыйым жасау" керегі айтылады. 

Бұған дейін Қазақстанда 12-18 жас аралығындағы балаларды Pfizer препаратымен вакциналау жоспарланғаны хабарланған болатын. Вакцина осы жылдың төртінші тоқсанында жеткізілуі тиіс. 

Pfizer және Biotech вакциналары - АҚШ билігінің стандарттары бойынша толық лицензия алған алғашқы коронавирусқа қарсы вакцина. Pfizer компаниясы қыркүйекте вакцина 5-11 жастағы балалар үшін тиімді екенін мәлімдеп, зерттеу қорытындысын жариялады.

"1 қарашада вакцинация мәртебесі негізінде балаларды тартып алуға
мүмкіндік беретін заң қабылданады"

Қазақстандықтар мессенджерлерде биыл 1 қарашадан бастап вакциналау мәртебесі негізінде балаларды отбасылардан тартып алуға мүмкіндік беретін заң күшіне енетіні туралы хабарлама тарады. Бұл да фейк, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігі ақпаратты жоққа шығарды.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай заң жобасы жоқ. Мектептерде балаларды мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізілмейді. Мектеп балаларға білім береді, әлеуметтенуге көмектеседі. Ата-аналардың келісімінсіз вакцинациялау туралы мәселе көтеріліп отырған жоқ. Қазақстандықтардан әлеуметтік желілерде резонанс тудыру үшін жеке азаматтар тарататын жалған ақпаратқа сенбеулерін сұраймыз", - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети