Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 сентября 2021 14:18

"Бір айда миллион адам". TikTok түсіретін 60 жастағы алматылық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық тұрғын Александр Таюшов TikTok әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы, жасы 60-та. Бүгінде 2 миллионға жуық оқырманы бар. TikTok-тағы контентінің бір ерекшелігі - ол әйнекке адам аттарын күрішпен кейде тарымен жазып видео түсіреді. 


Алматылық тұрғын Александр Таюшов TikTok әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы, жасы 60-та. Бүгінде 2 миллионға жуық оқырманы бар. TikTok-тағы контентінің бір ерекшелігі - ол әйнекке адам аттарын күрішпен кейде тарымен жазып видео түсіреді. 

Александр Таюшовтың айтуынша, ол 1977 жылы аудандық оқушылар өндірістік бригадаларының жарыстарында жеңіске жеткен. Сол кезде алғаш рет сұхбат беріп, Алматы газетіне фотосы жарияланған екен. Одан бөлек, республикалық Целиноград жарыстарында Қаскелең ауданынан келген делегацияның қатысушысы болған. 

"Бұған дейін тоңазытқыш орналастырушысы болып жұмыс істегенмін. Бүгінде денсаулық жағдайыма байланысты азырақ жұмыс істеймін. Үйленгенмін, үш балам, немерелерім бар. Бастапқыда олар немерем екеуміздің әлеуметтік желіде видео түсіретінімізді аса қолдамайтын. Ал қазір қолдауын білдіріп, осы бағытта дамуымызды қоштап отырады", - дейді ол. 

@prostofamily1

Ответ пользователю @cherepashkaninza1 ##рекомендации

♬ оригинальный звук - "Каннон"

Александр Таюшов TikTok желісіне былтыр 7 мамырда жүктеген. Ал бүгінде оның оқырмандарының саны 2 миллионға жуықтаған. 

"Бұрын YouTube-та блог жүргізетінмін. Оны көрген немерем маған TikTok-та парақша ашып, оны жүргізуді ұсынды. Сөйтіп бірінші видеомызды түсірдік. Ол жақсы өтіп кетті: 700 мың қаралым жинап, көптеген адамға ұнады", - дейді Александр Таюшов. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ProstoFamily1 (@prostofamilyofficiall)

Александр Таюшовтың TikTok парақшасындағы контенттің ерекшелігі - ол адам аттарын, сандарды немесе қала атауларын күрішпен немесе басқа да дәнді дақылмен жазып, видеоға түсіреді. Түсініктірек болуы үшін төмендегі видеоны қарап шықсаңыз болады. 

"Бастапқыда мен күрішпен, тарымен не басқа да жарма өнімімен сандарды жазатынмын. Аудиториям біртіндеп көбейе бастады. Сондықтан жаңа бір нәрсе ойлап табу керек болды. Сосын немерем адам аттарын жазуды ұсынды, мен оның бұл ойымен келістім. Аудиториямызға да ұнайтын. Осылайша бір жарым айдың ішінде 1 миллион оқырман жиналды", - дейді қария. 

@prostofamily1

Ответ пользователю @cherepashkaninza1 ##рекомендации

♬ оригинальный звук - "Каннон"

Александр Таюшов бір видеоны түсіру процесі туралы айтып берді. Ол жарма өнімдерін видео үшін қолдану обал болады деп пікір жазатын адамдарға жауап берді. 

"Негізі ол бірнеше кезеңнен тұратын қиын процесс. Оның ішінде, жарық, ракурсты дұрыс таңдау керек. Бір есімді жазу үшін 15-20 минуттай кетеді. Оқырмандарым жарма өнімдері обал болатынын жазып жатады. Бірақ шын мәнінде біз оларды қайтадан жинап аламыз. Азық-түлік өнімдерін ысырап етпей, адамдардың еңбегін бағалаймыз", - дейді ол. 

@starperryhouse

Встречайте нового участника хауса @prostofamily1 #starperryhouse

♬ оригинальный звук - STAR HOUSE

Александр Таюшовтың Instagram желісінде де парақшасы бар. Алайда ол жердегі белсенділік жоқ. Александр Таюшов өзіне TikTok әлдеқайда жақын екенін айтады. 

"Бәрін немереммен бірге жүргіземін. Бөлек жүрмейміз, команда болып жұмыс істейміз. Көптеген адамға егде жастағы адамдар TikTok жүргізіп жататыны ұнамайды, бірақ бізді көбі қолдап жатыр. Бүгінде немереммен жаңа TikTok House-қа қосылдық. Хаустың аты - starperryhouse. Бұл егде жастағы адамдар түсетін алғашқы хаус", - дейді Александр Таюшов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 451.08   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети