Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 августа 2023 11:39

"Біреудің еденін, дәретханасын жуғаннан еш ұялмаймын". 20 жастағы жігіт ай сайын 15 миллион тауып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Нұрханның жеке архивінен Фото: Нұрханның жеке архивінен

Әлеуметтік желіде үй тазалап, танымал болған жігіттің видеолары кең тарап жатыр. Ол танымал өнер жұлдыздарының да үйлерін тазалап, бірге видео түсіреді. Massaget.kz тілшісі жігітті тауып, сұхбаттасып, табысы, кәсібі туралы сұрады.


Әлеуметтік желіде үй тазалап, танымал болған жігіттің видеолары кең тарап жатыр. Ол танымал өнер жұлдыздарының да үйлерін тазалап, бірге видео түсіреді. Massaget.kz тілшісі жігітті тауып, сұхбаттасып, табысы, кәсібі туралы сұрады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Тараз тумасы Нұрхан Нұрмаханбет 5 жылдан бері үй тазалаумен айналысып келе жатыр. Ал негізгі мамандығы мүлде басқа салаға қатысты екен.

"15-16 жасыма дейін Таразда тұрдым. Таразда жоғары оқу орнын бітірдім. Негізгі мамандығым - бағдарламашы. Клининг компаниясына 15 жасымнан бастап келдім. 18 жасыма дейін Алматыда клининг компанияда жұмыс істедім. Ресейде білімімді жетілдіріп келіп, өзімнің клининг компаниямды аштым. Бұл салаға басында аса бір қызығушылығым болған жоқ. Бұған дейін осындай компанияда істеп, күнделікті нәпақамды тауып жүріп, содан кейін барып қызығушылық пайда бола бастады. "Неге біреудің қолында жұмыс істеп жүрмін, жеке өзіме неге ашпасқа, өзім неге бастық болмасқа?" деп клининг компаниясын аштым", - дейді ол.

Фото: Нұрханның жеке архивінен

20 жастағы жігіт бүгінде үй тазалап, адам айтса сенгісіз табыс тауып отыр. Бірақ Нұрхан мұндай табысқа жету оңай болмағанын айтты.

"Басында қорқыныш болды. Дұрыс жүрмеді, тапсырыстар аз болды. Алматыда жарнама керек. Неше ай бойы өзіңді көрсетіп, жұмыс істеп, еңбек етсең бәрі болады екен. Күш жігерімді жинап, алға қарай жұмыс істедім. Өзіме мотивация бердім. Ол кезде жанымда көмектесетін ешкім болмады. Мұндай жетістікке Алланың, екінші еңбекқорлығымның арқасында жеттім. Қазір орта есеппен нақты табысым айына 10-12-15 миллионға дейін жетеді. Бұл - бір айда түсетін ақша", - дейді Нұрхан.


Фото: Нұрханның жеке архивінен

Ол бұл кәсіптің арқасында мақсаттарына біртіндеп жетіп жатқанын да жеткізді. Өзінен бөлек, жақындарын да қуантып тұрады екен.

"Үй жинап жүріп алған ең құнды затым - Меккеге анамды апарып келген сәтім. Елдің үйін, дәретханасын жуып жүріп, ең бірінші үлкен сомада ақша жұмсағаным - сол", - деді ол.

Нұрхан биыл үйлі болған. Бұған таза еңбек, маңдай термен жеткенін айтады.

"Биыл үй алдым. 2018 жылдан бері үй тазалап жүріп, депозит ашып, ақша жинадым. 2018 жылдан бері тек осы кәсіппен айналысып келе жатырмын. Қазір өз үйімде тұрып жатырмын. Бұған дейін пәтерде тұрғанмын", - деді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети