Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 сентября 2021 17:31

Еңбек өтілі - 33 жыл. Сіз кімсіз, жаңа қорғаныс министрі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы жарылыстардан кейін отставкаға кеткен Нұрлан Ермекбаевтың орнына жаңа министр келді. Енді ведомствоны Мұрат Бектанов басқарады. Кейінгі екі жылда ол министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Tengrinews.kz тілшісі жаңа министр туралы ақпарат ұсынады. 


Жамбыл облысындағы жарылыстардан кейін отставкаға кеткен Нұрлан Ермекбаевтың орнына жаңа министр келді. Енді ведомствоны Мұрат Бектанов басқарады. Кейінгі екі жылда ол министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Tengrinews.kz тілшісі жаңа министр туралы ақпарат ұсынады. 

Мұрат Бектанов 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Соколовка аулында дүниеге келген. 18 жасында әскерге аттанып, өмірін осы салаға арнаған. 

1988 жылы ол Киев жоғары жалпыәскери командалық училищесін бітірген. Кейін Қазақстанда, Ресейде білім алған. 2000 жылы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясын тәмамдаса, 2007 жылы РФ Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясын бітірген.

Киевте оқып келгеннен кейін Бектановтың әскери саладағы карьерасы басталған. 1989 жылы мотоатқыштар взводының командирі болған. 1997 жылға дейін десанттық-шабуылдау взводының командирі, десанттық-шабуылдау батальоны барлауының бастығы, Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі взводының, курсанттар ротасының командирі секілді қызметтерде болған.

Ал 1997-1998 жылдары штаб бастығы - ШОБ командирінің орынбасары, кейін Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік даярлық департаментінің офицері қызметін атқарды.

2000 жылы Қарулы Күштердің бас штабына Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері ретінде кірді, 2005 жылы бас штабтың Әскери академиясының тыңдаушысы болып тағайындалды. 2007 жылы Қорғаныс министрлігіндегі жұмысы басталды. Бастапқы штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары, кейін департамент бастығы болып жұмыс істеген.

2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарды, 2016 жылы Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды. 2019 жылдың сәуірінде қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы болды. Кешегі күнге дейін Бектанов осы қызметті атқарды. 2021 жылдың 31 тамызынан бастап ол - Қазақстанның қорғаныс министрі. 

Мұрат Бектановтың әскери шені генерал-лейтенант, оны 2020 жылы алған. II дәрежелі "Даңқ" ордені, мерейтойлық және еңбек өтілі үшін медальдары бар. Жаңа министрді әлеуметтік желіден таба алмадық. Facebook-те де, Instagram-да да парақшасы жоқ. 

Жеке өмірі туралы да мәлімет аз. Белгілісі - үйленген, екі баласы бар. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети