Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 августа 2019 16:20

Есік пен Қаскелең атаулары қайдан шыққан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы Есік пен Қаскелең қалаларының ұқсас тұстары бар. Екеуі де өзен атауымен аталған және тарихы тереңде жатыр. Tengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы екі қаланың атауы туралы мәлімет жинады.


Алматы облысындағы Есік пен Қаскелең қалаларының ұқсас тұстары бар. Екеуі де өзен атауымен аталған және тарихы тереңде жатыр. Tengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы екі қаланың атауы туралы мәлімет жинады.

Үйдің есігіне қатысы жоқ

Есік - Еңбекшіқазақ ауданына қарасты қала. Негізі 1854 жылы қаланған. Ол кездегі атауы Надеждинская болатын. 1923 жылы орыс тілінде Иссык деген атауды алған. 1968 жылы елді мекенге қала статусы берілген. Тәуелсіздік алған соң қала атауы қазақшаланып, Есік деп атала бастады.

Есік қаласының орнын адамдар өте ертеден бері мекендеген. Қаланың солтүстігінде сақ мәдениетінің б.з.д. 5-4 ғасырлардағы аса көрнекті ескерткіші - Есік обасы бар. 2018 жылғы мәлімет бойынша, қалада 33 мыңнан аса адам тұрады.


© qazir.kz

Жалпы, Есік қаласынан бөлек, бұл атаумен өзен, көл, қорған бар. Ал "Есік" сөзінің қайдан шыққанына тоқталсақ. Бұл туралы академик Әбдуали Хайдардың "Ғылымдағы ғұмыр" кітабында жазылған. Автордың мәлімдеуінше, бәрі көне түркі тіліндегі Ысық сөзінен тараған. Ол "қасиетті, киелі" деген мағынаны білдіреді екен. Сондықтан ежелгі заманда көлге Ысық атауы берілген.

Әбдуали Хайдардың жазуынша, бұл жерде үйге, ғимараттарға кіріп-шығатын есік мағынасының қатысы жоқ. Сондай-ақ Ысық сөзі көл суының ыстығын да білдірмейді. Сол көлді көні түркі кезінде қасиетті санағандықтан, оған Ысық деген атау берілген. 

Айта кетсек, Қырғызстандағы Ыстық көл де көне түркі тілінің Ысық сөзінен шыққан. 

Қос келін ауылы

Алматы облысындағы үлкен қалалардың бірі - Қаскелең. Ол Қарасай ауданына қарайды, Алматы шекарасынан он шақырым жерде жатыр.

Қаскелеңнің негізі 1860 жылы қаланған. Бұған дейін онда Троцкое және Любавинская деген атаулар болған. 1963 жылдан бері қала статусын иемденген. 2018 жылғы дерек бойынша қалада 64 мыңнан аса адам тұрады.

Қаскелең деген атаудың шығу тарихына қатысты түрлі деректер, аңыздар бар.


© kettik.kz

Аңыз бойынша, қазіргі Қаскелең жерін мекен еткен байдың екі ақын келіні болған екен. Екі келіні де айтысуға шақырған жігіт біткеннің бәрін жеңбей қоймапты. Сондықтан халық байдың ауылын "қос ақын келіннің ауылы" деп атап кеткен екен. Ал ол кейін қысқарып, "қос келіннің ауылы", "Қоскелін" деп өзгерген. Кейін орыстілділер бұл ауылды "Қаскелең" деп атап, осы атау қалыптасып қалған дейді.

Тарихшылардың бір дерегіне сүйенсек, сол маңдағы өзен тау басынан тіке түсіп, алыстан көзге бірден көрінетін болғандықтан сондағы жұрт оны Қаскөлең деп атап кеткен екен. Сол өзеннің бойында қалмақ ауылы өмір сүрген. Араларынан аты өзеннің құрметіне қойылған Қаскөлең деген батыр шығып, атағы жан-жаққа тараған. Қазіргі Қаскелеңнің атауы сол батырдың құрметіне қойылуы мүмкін деген де дерек бар.

Тағы бір нұсқа бойынша, Қаскелең өзенінің атауы көне түрік тілінің "қашқа" және "йелең" сөздерінен шыққан. "Қашқа" сөзі қазақ тілінде "тасыған су, тасқын" дегенді білдіреді. Ал "йелеңді" желең, өскін деп аударуға болады. Этимологиялық сөздіктерде "Қаскелең" сөзін "Тасыған судың өскіні" деп аударған.

Оқи отырыңыз:

Аты қандай, заты қандай: Қыземшек пен Шелек атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Ауылға неге Жалаңаш деген атау берілген?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети