Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 августа 2022 18:09

Жатақханаға көшкенде 1-курс студентіне не керек? Ең қажет заттар тізімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Мемлекеттік грант иегерлері анықталып, енді студенттер оқуға кірісуіне бес күн ғана қалды. Басқа қалаға оқуға түскен алыс аймақтан келетін студенттердің басым көпшілігі жатақханаға орналасуды құп көреді. Жаңа қалаға келген бозбала мен бойжеткен үшін бұл - ең дұрыс шешім. Өйткені ол - көпшілікпен бірге тұрып үйренуге, оң-солын тануға көмектесетін таптырмас орын. Осы орайда Massaget.kz студенттерге жатақханада қажет болатын заттар тізімін ұсынады.

№1 Техникалық құрал-жабдықтар

Жатақхана бөлмелерінде кейде 3-4 ток көзі болуы мүмкін. Әдетте телефон немесе ноутбукті қуаттауға орын жетпей қалып жатады. Сондықтан өзіңізбен ұзартқыш ала барған артық етпейді.

Сурет: pixabay 

Әр университеттің жатақханасы әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен көпшілігінде үстел шамы бола бермейді. Кейбіреулер түнде қараңғыда ұйықтағанды жөн көреді. Көршілеріңізге түнде ыңғайсыздық тудырмау үшін үстел шамын пайдаланғаныңыз жөн.

Сурет: pixabay

Жатақханада қажет болатын техникалық құралдар қатарында үтік пен тефаль да бар. Сабаққа асыққанда, әр бөлменің өзінде үтік болса, уақытыңызды үнемдеп, тез дайындала аласыз. Жатақханаларда ас бөлме болады. Бірақ кейде шәй, кофе ішкіңіз келсе, тефаль болса, артық етпейді. Алайда мұндай құралдарды аса сақтықпен пайдалану қажет. Сіз жалғыз тұрмайтыныңызды, өзіңізден бөлек бірнеше адам осы бөлмеде тұратынын ескеріңіз. Сонымен қатар, жатақханада бұл жабдықтарға рұқсат етілген-етілмегенін алдын ала біліп алуға кеңес береміз. 

МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ОҚУҒА БОЛАДЫ!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети