Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 марта 2021 15:29

Желіде "Жұмабектің бажасы" туралы ән шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

Желіде "Жұмабектің бажасы" туралы ән шықты. Tengrinews.kz тілшісі ән авторларымен сөйлесті.  


Желіде "Жұмабектің бажасы" туралы ән шықты. Tengrinews.kz тілшісі ән авторларымен сөйлесті.  

Әннің сөзін жазған "Шаншар" театрының әртісі Дәурен Әбиев, ал ән авторы - "Шаншар" және "Алдараспан" театрларында істеген Мұрат Жаңабеков. 

"Біз дуэт емеспіз. Осыдан екі ай бұрын Мұраттан "Ауылым" деген әнді сатып алған болатынмын. Ал жалпы тойларда бірге жүретінбіз", - дейді Дәурен Әбиев. 

Әннің атауы - "Бажамды кешіріңдер"

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дәурен (@dauren_shanshar)

Актердің сөзінше, әннің жарыққа шығуына Жұмабек туралы айтылған түрлі әңгіме себеп болған. 

"Мұрат екеуіміз астанадан бір жұмыстарымызбен келе жатқан болатынбыз. Гитарада ойнап отырып, бір ән жазуды ойладық. Әр нәрсені айтып отырып, бір кезде Жұмабек туралы әңгімелесіп кеттік. Жұмабек туралы әркім әртүрлі пікірде ғой. Біреуі жақтап жатыр, біреуі даттап жатыр. Бірақ, шыны керек, оны даттап жатқандар көп болды. Біз қазақтың жігіті ғой, еңсесін көтерейік деген оймен осы әнді шығардық. Ондай жағдай кез келген жігіттің басынан өтеді", - дейді ол. 

Бір қызығы ән пойызда отырып жазылған екен. 

"Негізі бір күнде жазылған. Бірақ әнді өңдеу, аранжировкасымен үш күнде жарыққа шықты. Пойыздан түсе салып, басқа жұмысымыздың бәрін тоқтатып, Алматыда ән жазуға кірісіп кеттік. Әлеуметтік желіде ән тарап кеткенімен ресми нұсқасы бүгін сағат 10.00 шамасында Желіге шықты. Жұмабекпен жеке өзімен таныс емеспін. Театрдағы Нартай есімді актердің бөлесі екен. Айтуынша, Жұмабек момын, жақсы жігіт", - дейді актер. 

Дәурен Әбиевтің айтуынша, алдағы таңда әнге клип түсіру жоспарда бар. 

"Клиптен бөлек, фильм түсірсек пе деп жүрміз. Фильмге Уәлибек Әбдрайымов, Нұржан Төлендиев ағаларымызды қатыстырып түсіреміз бе деп ойлап жатырмыз. Түсірсек, ол қысқаметражды, шамамен 10-15 минуттық фильм болады. Қазір көп адам ұзақ кино көріп отырмайды ғой", - дейді актер.  

Еске салайық, наурыз айының ортасында әлеуметтік желілерде видео тараған болатын. Онда қарсы жолмен келе жатқан көлікті полицейлер тоқтатқаны, бірақ жүргізуші тәртіп сақшысының сөзін елемей, "Жұмабекке хабарлас" деп оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді. Артынша Түркістан облыстық ПД өкілдері жүргізуші ұсталғанын, ал оны жібере салған қызметкерге қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған болатын.

Кейін Жұмабек деген кім екені анықталған еді. Өңірлік полициядағылар Отырар аудандық ПБ-да шын мәнінде Жұмабек Төлеген деген полиция майоры жұмыс істейтінін мәлімдеген. Ол әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, оның қоластында екі қызметкер болған.

GTA, такси, футбол. Қазнетте "Жұмабектің бажасы" туралы әзіл көбейді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети