Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 сентября 2020 10:40

"Жұмыстан тыс уақытта мазалайды". HR маманы басшылықпен сөйлесудің қыр-сырын айтты

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызмет барысында түрлі оқиға болып тұрады, әсіресе ортақ тіл табылмаса, бастық пен қоластындағы қызметкердің қарым-қатынасы ушығып кетуі мүмкін. Қазақстандық банктердің бірінде қызметкерлермен жұмыс істеу жөніндегі департамент директоры Жарқын Бекжанов Tengrinews.kz тілшісіне басшылықпен сөйлесудің қыр-сырын түсіндірді.


Қызмет барысында түрлі оқиға болып тұрады, әсіресе ортақ тіл табылмаса, бастық пен қоластындағы қызметкердің қарым-қатынасы ушығып кетуі мүмкін. Қазақстандық банктердің бірінде қызметкерлермен жұмыс істеу жөніндегі департамент директоры Жарқын Бекжанов Tengrinews.kz тілшісіне басшылықпен сөйлесудің қыр-сырын түсіндірді.

"Бұл бірігіп үй салған сияқты"

Жарқын Бекжановтың айтуынша, бұл HR маманына жиі қойылатын сұрақтардың бірі.

"Интернетте кеңес жеткілікті шығар, онда әркім өзінше қажетті ақпаратты таба алады. Менің ойымша, барлығы сіз жұмыс істейтін компанияның мәдениетіне, басшылық саясатына және бизнес ерекшелігіне байланысты. Әмбебап деп сеніммен айта алатын кеңесім - біз барлығымыз адамбыз және табысты бизнестің негізі өзара іс-қимылы, қарым-қатынасы жарасқан, бір мақсатта еңбек ететін команда жатқанын есте сақтаған жөн. Бұл бірігіп үй салған сияқты", - дейді ол. 

Сол үшін, жұмысқа кірерде сұхбаттасу кезінде компания туралы, оның құндылықтарын көбірек сұрастыруға тырысу керек екен. Бұл сіздің құндылықтарыңызға сай келе ме әлде бейімделу қажет пе екенін саралап, басшылыққа да көз салған жөн. Жұмысқа кіргенде тек өз міндеттеріңді атқармай, басшылықпен бірге қысқа және ұзақ мерзім аралығында компания сізден не күтетінін анықтауға тырысу қажет.

"Басшыдан кері байланыс беруді сұраңыз. Бұл командада өзара тиімді және ыңғайлы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Өз мүмкіндгіңді бағалау маңызды, сізге қаншалықты сенім артуға болады? Әрине, сын айтсаңыз ұсынысты да ұмытып кетпеңіз. Міне, осыдан кейін жетекшімен "ортақ тіл табу" оңай болады", - дейді маман.

Бастықтың өтінішінен бас тартуға бола ма? 

"Бірнеше жағдайды қарастырайық, басшы қызметкеріне белгілі бір көлемдегі жұмыс үшін дедлайн қойып және оған қоса тағы да бірқатар міндет жүктесе, оған бұл туралы конструктив түрде айту қажет, нақтылау керек. Әйтпесе, үлгеремін деп үздіксіз демалмай жұмыс істегеннен шаршап, ойдағыдай нәтиже көрсете алмай қаласыз, іс тиімді болмайды немесе тапсырманы бірінен кейін бірін дұрыс орындамай, соңында өзіңізге зияны тиеді", - дейді Жарқын Бекжанов.

Сондықтан да екіжақты ашық және саналы коммуникация болу керек. Ең бастысы - айтқаныңды дұрыс дәлелдеу және эмоцияға берілмеу. HR маманының айтуынша, бұл шынымен жұмыс істейтін құрал. 


Сурет: Pixabay.com

Бастыққа қиындықтар мен қателер туралы қалай хабарлау керек?

Маман жұмысындағы ашық есік саясаты туралы айтып берді.

"Мысалы, біздің банкте барлық деңгейдегі қызметкер ашық есік саясатына бағынады. Ол бойынша, басшыға кіріп, мәселенің егжей-тегжейін айтып беру қажет. Бұл ретте алдын ала дайындалып, проблеманы шешу жолдарын да қарастырып, ұсыну керек. Яғни, мұндағы мақсат кінәліні емес, тез арада тиімді шешім табу. Ал сіз сол бір қатені қайта-қайта жібере берсеңіз, неге осылай болып жатқанын ойлаңыз, себебін талдап болған соң, болашақта қате болдырмау жоспарын өз бетіңізше құрастырыңыз немесе кеңес алу үшін басшыға жүгініңіз", - дейді ол.

Басшымен достасу үшін көмек көрсету дұрыс па?

Біз қызметке тұрғанда басшымен достасып кетемін деген мақсат қоймаймыз. Бірінші кезекте, қарым-қатынас кәсіби жұмыстан қалыптасады, дейді маман.

"Басшы өз ісінің маманы, әділ және әр түрлі ой-пікірге ашық болуы тиіс. Оған барлығы еліктейді, сол сияқты болғысы келеді. Менің ойымша, жақсы басшы өз қарамағындағыларға қамқорлық көрсетіп, қиын өмірлік жағдайларда көмек қолын созатын адам. Сондықтан, әрине, жалпыадамзаттық құндылықтар шеңберінде көмек ұсынуға болады, бірақ пайдакүнемдік мақсатта емес. Өйткені басшы да сіз сияқты адам, ол робот емес, оның өмірінде жақсы да, қиын да жағдайлар болады", - дейді HR маманы.


Сурет: Pixabay.com

Бастық сөгіс айтқанда жеке басқа өтіп кетеді, не істеу керек?

Маманның айтуынша, ең дұрысы - жеке басқа өтіп кеткенін оның өзіне айту.

"Жеке" ұғымы кең, сондықтан әр адам оны әртүрлі қабылдайды. Басшы барлығын өз кәсібилігінің шеңберінде жасап жатырмын деп ойлауы мүмкін. Сондықтан әрдайым әңгімені ашық өткізген абзал. Алайда бұл туралы "ұрысып" жатқанда емес, кейін сабасына түскенде ескертіңіз, әйтпесе одан ары ашу үстінде сөзге қалуыңыз мүмкін. Бірақ ұзақ күтіп қалмаңыз", - деді ол.

Бастық жұмыстан тыс уақытта жұмыс істеуге мәжбүрлейді, не істеу керек?

Жақсы басшы мұндай өтінішпен қызметкерінің ынтасын өшіріп алмау жолдарын іздейді.

"Бұл жағдайда басшының неге олай істететінін түсіну қажет. Ол жайдан жай мұндай қадамға бармайды. Жұмысқа шығуыңды сұраса, қандай да бір салмақты дәлел мен мағына бар деген сөз. Жақсы басшы мұндай өтінішпен қызметкерінің ынтасын өшіріп алмау үшін бұл тапсырманың маңызын түсіндіреді, неге дәл қазір жұмыстан тыс уақытта орындау керегін айтады. Тек осындай қарым-қатынас болған жағдайда қызметкер жұмысқа тартылады және тапсырманы аса жауапкершілікпен орындайды", - дейді Жарқын Бекжанов.

Сурет: Pixabay.com

Жиналыс немесе есеп беру кезінде бастықпен қалай сөйлескен дұрыс?

Кәсіби қабілетіңді көрсетіп, пікіріңді бөлісу қажет, дейді Жарқын Бекжанов. Ашық пікірталас кезінде әркім өз сараптама нәтижесін түсіндірсе, команда ең жақсы ұсыныстар айтады. Маманның айтуынша, басшы кейде әріптестерінен аз білетінін мойындау үшін батыл болуы қажет.

"Басшыға мынаны қалай жасау керек деген сұрақтармен емес, бірнеше ұсыныспен кіруге кеңес беремін және ол не үшін керек деген сұраққа жауабы болуы керек. Сонымен қатар, жаңа идеялар ұсынылса, ол тарихи деректерге сүйене отырып талдау жасалған, сауалнама, статистика және басқаларға негізделген болғаны жөн. Бұл жетекшіні ұсынылған идеяның дұрыс әрі өзекті екенін сендіруге көмектеседі", - деп кеңес берді Жарқын Бекжанов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 442.05   490.7   4.74 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети