Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 мая 2019 14:50

Нұр-сұлтандық, нұрсұлтандық әлде астаналық - Тіл маманы түсіндіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордамыздың атауы Нұр-Сұлтан болғанына бір айдан асты. Бірақ кей қазақстандықтар қаланың тұрғындарын енді қалай атау керек екенін, дефистің не үшін қойылғанын білмей жүр. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі жер-су атаулары маманы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ономастика бөлімінің меңгерушісі Қыздархан Рысбергеннен осы сұрақтардың жауабын білді.


Елордамыздың атауы Нұр-Сұлтан болғанына бір айдан асты. Бірақ кей қазақстандықтар қаланың тұрғындарын енді қалай атау керек екенін, дефистің не үшін қойылғанын білмей жүр. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі жер-су атаулары маманы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ономастика бөлімінің меңгерушісі Қыздархан Рысбергеннен осы сұрақтардың жауабын білді.

Дефис не үшін керек?

Маманның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының атауындағы дефистің ерекше қызметі бар.

"Бұл жерде дефис толығымен формалды, графикалық қызмет атқарады. Себебі адам есімі мен қала атауында айырмашылық болуы керек. Өйткені бұл жерде Нұрсұлтан - адамның аты да, Нұр-Сұлтан - елді мекеннің атауы. Екеуінің арасында дифференциация болуы қажет. Сондықтан, бұл дефис графикалық жағынан өте пайдалы болып тұр. Мысалы, мәтінді оқып отырған кезде дефис арқылы әңгіме адам туралы ма, қала туралы ма - бірден анықтай аласыз. Оның графикалық, техникалық қызметі дегенім осы. Егер елорданың атауына дефис қойылмаса, әңгіменің не туралы екенін контекске қарап қана түсінер едіңіз", - дейді Қыздархан Рысберген.

Нұр-сұлтандық па, нұрсұлтандық па?

Қазақстандықтар арасында елорда тұрғындарын енді қалай жазарын білмей жүргендер бар - нұр-сұлтандықтар ма, нұр-Сұлтандықтар ма әлде нұрсұлтандықтар ма? Маман бұл мәселенің де нүктесін қойып берді.

"Ғаламторды ақтарсаңыз, халық үш түрлі нұсқаны да пайдаланып жүр. Дұрысы нұрсұлтандықтар болады. Себебі қазақ тілінің заңы бойынша зат есім сын есімге ауысқан кезде дефис түсіп қалады", - деді маман.

Оның сөзінше, Әбу-Даби немесе Нью-Йорк секілді қалалардың тұрғындарын да дефиссіз жазу қажет: әбудабилік, ньюйорктік.

Астаналық деуге бола ма?

Тіл маманы елорда атауының өзгеруімен "астана" деген сөзді мүлде қолданбай кетуге болмайтынын ескертті.

"Бұрын "астана" деген сөздің екі қызметі бар еді. Бірі - елордымыздың атауы, екіншісі - кез келген мемлекеттің бас қаласын білдіретін сөз. Бірақ елорда атауы Нұр-Сұлтанға ауысқалы бері астана деген сөз елімізде көп қолданылмай кетті. Оны елорда, астана деп синоним арқылы айта беруге болады. "Астанаға кеттім" дегеннің еш қателігі жоқ", - дейді ол.

Маман елорда тұрғындарын нұрсұлтандықтар емес, астаналықтар деп атай беруді ұсынды.

"Нұрсұлтандықтар деген сөз сәл ұзақтау болып кетеді. Оның үстіне, Нұрсұлтан деген елбасымыздың есімі. Нұрсұлтандық асхана дегеннен көрі астаналық асхана деген дұрысырақ. Себебі кейде қаланың бұрынғы атауына байланысты тұрғындарды да солай атап жатады. Мысалы, Ресейде Торжок деген қала бар. Оның тұрғындарын "новоторлар" деп атайды. Себебі қаланың бұрынғы атауы Новый Торг болған. Халықты "новоторлар" деп атау сол кезде басталған. Бүгінде қала атауы өзгерсе де, тұрғындар ескіше айтыла береді", - деді Қыздархан Рысберген.

Вижу Нур-Султан, подъехал к Нур-Султану. Пишем название столицы правильно

"Рахмет" немесе "Рақмет" - Қазақ сөздері бірізге қашан түседі

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети