КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
16 апреля 2019 | 17:31

Қатерлі ісікті жеңіп шыққан алматылық жас жазушы қыз көмекке мұқтаж

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы облысы Ұзынағашта дүниеге келген 18 жастағы жазушы Тахмина Жылқайдароваға көмек қажет. 10 жасында ол аққан (лейкоз) қатерлі ісігіне шалдығып, дер кезінде көрсетілген емінің арқасында айығып шыққан.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Ұзынағашта дүниеге келген 18 жастағы жазушы Тахмина Жылқайдароваға көмек қажет. 10 жасында ол аққан (лейкоз) қатерлі ісігіне шалдығып, дер кезінде көрсетілген емінің арқасында айығып шыққан.

2018 жылы оқуын үздік бітірген Тахмина ҰБТ тапсырып, Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне "мал дәрігері" мамандығына грантқа түскен.

Алайда оның аяғы ісініп, кейін тексерілгенде дәрігерлер оның дерті рецидив болып шыққанын анықтаған. Кейін ол оңтүстік астанадағы хирургия және педиатрия орталығында ем алған. Анасы Майра Сағатқызының айтуынша, қызына жұлын майын ауыстыру операциясын жасау керек.  


Тахмина 2015 жылы "Подающая надежды" аталымы бойынша "Алтын қалам" ұлттық әдеби жүлдесін жеңіп алған

Анасының айтуынша, Тахминаның бұл ауыр дертке шалдығуы кенеттен болған, тұқымында да мұндай дертке шалдыққандар болмаған. Сонау 2008 жылы Тахмина желшешек ауруын жұқтырған, кейін қолы ісіп, дене қызуы көтерілген. Тексеріле келе, баласының ауыр дерті бары анықталған. 

"Дереу Алматыдағы балалар емханасына барып, 12 күн ем алдық. Алайда қолының ісігі қайтпады. Сондықтан жедел жәрдеммен хирургия және педиатрия орталығына жеткізді. Сонда бірақ қатерлі ісіктің 78 пайыз денесіне тарап кеткенін білдік. Дәрігерлер қызыма пункция жасай бастады. Содан он ай бойы ем алдық", - деп баяндады Майра Сағатқызы.

Айтуынша, сол кезде бөле ағасы Ресейден қымбат дәрілер жеткізіп беріп, дер кезінде ем жасалғанының арқасында кішкентай Тахмина жазылып кеткен.

Алайда иммун жүйесі әлсіреп, сол күннен бастап баласы үйден оқуға мәжбүр болады. 2-11 сыныптар аралығында үйден оқып, арнайы білім алған ол 2015 жылы ауруы қайта шыққан. "Қызым екінші рет ауырғанда бастапқыда аяғы ауыра бастады. Қызым да, өзім де көз жасымызды тыя алмай жыладық. Амалдың жоғынан, қайтадан барып химиятерапия жасаттық", - дейді анасы.

Ендігі, анасының айтуынша, қызының толық айығып кетуі үшін шетелде жұлын майын ауыстыру бойынша ота жасату керек екен. Себебі елімізде мұндай күрделі ота жасататын мүмкіндік жоқ. Отандық дәрігерлер қызға жасалатын отаның сәтті өтуіне 10 пайыз ғана кепілдік беріп отыр. Майра Сағатқызының айтуынша, мұндай күрделі отаны ең арзаны Түркияда және Үндістанда жасатуға болады екен.

"Дәрігерлер донор табылып, 100 пайыз сәйкес келсе, қызым жазылып кетеді деп отыр. Әуелден арзан елдерді іздедік, себебі мәселен Израильде, Кореяда жасату 200 мың доллардан асып кетеді. Ал біз таңдап отырған Түркия мен Үндістанда кемі 100 мың доллардан аса қаражат қажет екен. Сондықтан көмекке зәруміз", - дейді анасы.

Қазіргі уақытта Тахмина Жылқайдарованың анасы Instagram желісінде парақша ашып, көмек қолын созамын дейтін ел азаматтарынан үміт күтеді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 521.81  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer