09 августа 2022 | 13:45

Қазақ немересін қалай қарғаған?

Фото: Дудин С. М

Қазақ "Ақ дегенің алғыс, қара дегенің қарғыс" дейді. Бұдан қазақ халқы ежелден әр айтылған сөзге, тілек пен қарызға қатты мән бергенін аңғаруға болады. Бұрын әжелер де немересіне ашуланғанда қарғыс сөздерін жақсы тілекке ауыстырған. Мұны "ақ қарғыс" деп атайды. Massaget.kz тілшісі қазақтың ақ қарғыстары туралы баяндайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ "Ақ дегенің алғыс, қара дегенің қарғыс" дейді. Бұдан қазақ халқы ежелден әр айтылған сөзге, тілек пен қарызға қатты мән бергенін аңғаруға болады. Бұрын әжелер де немересіне ашуланғанда қарғыс сөздерін жақсы тілекке ауыстырған. Мұны "ақ қарғыс" деп атайды. Massaget.kz тілшісі қазақтың ақ қарғыстары туралы баяндайды. 

Қазақта сөз жаманы - қарғыс

Қазақ халқы қарғыс сөздеріне қатты мән берген. Сол үшін "Қарғыс алма, алғыс ал" дейді. Этнограф Болат Бопайұлы алғыс пен қарғыс қай кезде айтылатынын түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Алғыс ақ батасын ақтарып, бал сөзден мерей төксе, қарғыс нәлет жаудыру сөзбен өлтіре арбайды. Қазақ тілдің осы сипаттарына қарай отырып, бір жүректің екінші жүрекке ыстық ықыласын арнап, адам рухының мерейін тасытып, өмірге жігерлендіре, болашаққа үміттендіре айтылатын тәтті тілек сөздерді "алғыс" деп атады да, адам рухына соққы беретін, өмірден түңілдіретін, жағымсыз қылықтарға қарсы айтылған ащы сөздерді "қарғыс" деп атады. Сөйтіп, қазақ жақсылық істеген адамдарға алғыс айтып мадақтайтын, опасыз, жауыз адамдарға қарғыс жаудыратын болған", - дейді этнограф. 

Жамандыққа назаланғанда қазақ қарғыс жаудырады. Онда "арам қатқыр", "тұқымы құрығыр", "боздап қалғыр", "жетпегір" секілді қарғыстар айтылады.    

"Одан бөлек "көкшешек бол", "көгала келіп, атың өшсін", "барғаныңнан келме", "жалғызыңнан жайра" деп нәлет жаудырады. Дәмін қызғанып берекені қашыратын дүниеқұмарларды "дәміңді ит жесін", "дәм атсын", "басың аста қалсын", "асқа жарыл", "итаяғыңды жалағыр" деп сыбайды. Ал асын ішіп, аяғын былғайтын тоғышарларды "дәм-тұз атқыр", "ішкенің бойыңа қонбағыр", "арамтамақ қайыршы", "жарымай қал", "ішің кепкір" деп қарғайды... "Айналайын, құлыным, ойнай ғой, әшейін күлің үйіліп қана қалсын" дейтін жымсыма қарғыстар болады. Дүниедегі қарғыстың ең жаманы - "жымсыма қарғыс". Сырты мақтау, мүсіркеу сияқты болғанымен, ішкі астары толған - у", - деп түсіндірді Болат Бопайұлы.

Материалдың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуға болады. 

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная