Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 июня 2020 13:12

Қоғамды қыз арқылы ғана тәрбиелеу қате түсінік - Қайрат Нұртастың жары "Жезөкше" ролигі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial © instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова қоғамда қызу талқыға түскен қысқа белдемше киген қыздың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова қоғамда қызу талқыға түскен қысқа белдемше киген қыздың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Актриса бұл мәселеге қатысты ойын жазу-жазбау туралы екі ойлы болғанын айтады. 

"Қыз тәрбиелеп отырған соң үнсіз қалғым келмеді. Соңғы уақытқа қазақ қызы тәрбиеленем деп таяқ жеп жатқандай көрінеді маған. Маркерге бір теңелдік, енді... Әлжеліде қызу талқыға түскен роликті ("Жөзекше") көріп, жазбаларды оқып шықтым. Адамды киген киіміне қарап таниды деген ұстанымды жеткізіпті. Анау полицей, анау медбике, ал сен қысқа белдемше (юбка) кигендіктен - жөзекшесің дейді. Алайда есті қыз етегін он рет қымтап ұстаса да, бұл қоғамда есірген еркек әлімжеттік жасап, сонда да арам ойын жүзеге асыратынын неге есепке алмаған?! Ондай еркекті кім дейміз?!", - дейді актриса. 

Тележүргізушінің сөзінше, қоғамды қыз арқылы ғана тәрбиелеу қате түсінік. 

"Қоғам жалғыз қыздан ғана құралмайды. Оның екінші бөлшегі - еркек. Қысқа кидің екен деп бөтен еркектер осы роликті көріп алып, қыздарға дәл осылай бас салса, кім жауап береді?! Қате түсінік қалыптастырған, тәрбиелейміз деп таяқ жегізген "идеологтар" қорғай ала ма?!", - дейді ол. 

Видео о девушке в мини-юбке вызвало споры в Казнете

Жұлдыз Абдукаримова бұл жазбасы арқылы қандай да бір ойды насихаттағалы отырмағанын жеткізді.

"Бұл жазбам арқылы қысқа киюді насихаттамаймын және кимеңдер деп бас салмаймын. Жеке ойымды өзгелерге тықпаламаймын. Әркімнің екі иығында басы бар. Өздері шешеді. Тек мына қоғам қызын қадірлесе деймін", - деді актриса. 

Еске салайық, бұған дейін желіде қысқа белдемше киген қыздың видеосы тарап, қолданушылар арасында дау туған еді. Көбі қандай киім киіп, қалай жүру керегін әр адам өзі білетінін айтса, басқа біреулер видео авторын сынға алып жатыр. Кейінірек Шымкент жастар рерурсы орталығының мамандарды видеоға қатысты пікір білдірген еді.

Айта кетейік, бұл видео YouTube хостингінен өшірілген. 

Министр Балаева қысқа белдемше киген қыздың видеосына қатысты пікір білдірді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети