Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 февраля 2020 11:52

"Көлігі қандай болған?". Жамбыл Жабаев туралы біліміңізді сынап көріңіз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше, 28 ақпанда ақын, жырау Жамбыл Жабаевтың туған күні өтті. Жамбыл 1846 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. Ғасыр жасаған ақынның биыл 174 жылдығы. 


Кеше, 28 ақпанда ақын, жырау Жамбыл Жабаевтың туған күні өтті. Жамбыл 1846 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. Ғасыр жасаған ақынның биыл 174 жылдығы. 

Жамбыл кедей, бірақ елге абыройлы көшпенді отбасыда қазіргі Жамбыл облысында дүниеге келген.  

Бала кезінен Жамбыл домбыра шертіп үйренген. Суырып салма ақын түрлі айтысқа қатысып жеңіске жеткен. Оның жырлауымен "Сұраншы батыр", "Өтеген батыр" эпостары, "Хан мен ақын" ертегісі бүгінге дейін сақтаулы.

Ел арасына оның "Октябрь толғауы", "Балама хат", "Жүз жасаған жүректен", "Сәлем саған комсомол" секілді өлеңдері кең таралған. Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол "Ленинградтық өренім" атты өлеңімен сарбаздарға қолдау көрсеткен еді. 

Ақын Ленин, Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған. Жамбыл Жабаев 1945 жылы 22 маусымда 99 жасында қайтыс болған. 

Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы мен өмірі туралы тесттен өтіп, біліміңізді сынап көруді ұсынады. 

"Голливудтың қай жұлдызымен билеген?". Шәкен Айманов туралы тест

Мүсірепов Қыз Жібек рөліне неге басқа актрисаны таңдағысы келген? Тест

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети